-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ғылым мен инновация – ұлттық прогрестің тірегі

    14.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Ғылым мен инновация – ұлттық прогрестің тірегі

    Фото: egemen.kz

    0
    SHARES
    21
    VIEWS

    Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ғылым күні қарсаңында еліміздің ғылыми қауымдастығы өкілдерімен кездесіп, кәсіби мерекемен құттықтады. Мемлекет басшысы ғылымның түрлі салаларында табысты еңбек етіп, ел дамуына сүбелі үлес қосып жүрген ғалымдарға ризашылығын білдіре отырып, отандық ғылымның кешегі өткені мен бүгінгі беталысына жан-жақты тоқталды.

    Кездесу барысында Президент Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ғылым саласындағы қиындықтарды ашық атап өтті. Сол кезеңде ғылымға тиісті деңгейде көңіл бөлінбеуінен көптеген ғалымдар өз салаларынан алшақтап, өзге бағыттарға бет бұруға мәжбүр болды. Соның салдарынан ғылыми қызметкерлердің саны үш есеге дейін қысқарып, бұл жағдай ұлттың интеллектуалдық әлеуетіне айтарлықтай зиян келтірді.

    Алайда соңғы жылдары бұл бағытта елеулі өзгерістер байқалуда. Мемлекет басшысы 2021 жылы Ғылым академиясын жаңғырту туралы тапсырма бергенін атап өтіп, бүгінде бұл салада жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын жеткізді. Академияға жоғары ғылыми ұйым мәртебесі берілді, ғылыми инфрақұрылым жаңартылып, кадр дайындау ісі жолға қойылды. 2024 жылы қабылданған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңы – осы реформалардың маңызды тетігіне айналды. Бұл заң ғылымды басқару жүйесін нақтылап, ғалымдарды әлеуметтік тұрғыда қолдауға бағытталған тетіктерді бекітті.

    Президент Тоқаев өз сөзінде отандық ғылым алдында тұрған бірқатар маңызды міндеттерге тоқталды. Атап айтқанда, стратегиялық бағыттардың бірі – ядролық ғылым мен технологияны дамыту. Бұл салада Қазақстанның әлеуеті зор екенін айта келе, Мемлекет басшысы Алматыдағы Ядролық физика институты мен Курчатовтағы Ұлттық ядролық орталықтың жұмысын ерекше атап өтті. Атом энергетикасы тұрақты энергия көзі ғана емес, сонымен бірге ғылым мен экономиканың жаңа бағыттарын қалыптастырудың басты кілті. Ядролық медицина, сутегі энергетикасы, су тұщыту, синтетикалық отын өндірісі және шағын модульді реакторлар – осы салалардағы жетістікке жету үшін ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамыту мен инженерлік білімді жаңғырту қажет.

    Президенттің ғылым саласына қатысты тұжырымдары – ғылымды дамытудың айқын бағытын көрсетіп қана қоймай, ұлттық зияткерлік әлеуетті арттыру жолындағы нақты шараларды жүзеге асыруға негіз болады. Ғылым – күрделі де жауапты жол. Бұл жолда табандылық пен жасампаздық, жүйелі қолдау мен кәсіби ынтымақтастық қажет.

    Гүлнұр Рашева,

    әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

    Кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының

    аға оқытушысы, PhD докторы

    Ұсынымдар

    Қонаев әкімі Қытай делегаттарымен кездесті

    Қонаев әкімі Қытай делегаттарымен кездесті

    1 year ago
    Кәсіпкерлерге жер берудің жаңа тәртібі түсіндірілді

    Кәсіпкерлерге жер берудің жаңа тәртібі түсіндірілді

    2 years ago
    Жылыту маусымына дайындық

    Жылыту маусымына дайындық

    12 months ago
    Поэзия – бақытым

    Поэзия – бақытым

    3 months ago
    Ержүрек панфиловшы

    Ұлы Жеңістің мерейлі белесі

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>