-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ізгілікке үндейді

    15.04.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Ізгілікке үндейді
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

          Ислам діні қоғамды татулыққа шақырады, тыныштықта өмір сүруге жетелейді һәм ынтымақ пен бірлікке бастайды. Адамды имандылыққа ұйытады. Діннің осынау құндылығын насихаттау, адамзатқа берер пайдасы мен қазіргі таңда қалыптасқан кейбір мәселелерді талқылау, мешіт жұмысын жетілдіру мақсатында облыстың бас имамы Мадияр Пірімқұлов Кеген ауданына арнайы келді. Осыған орай Мәдениет үйінде Кеген, Райымбек, Ұйғыр аудандары имамдарының қатысуымен жиын өтті.

    Жиын басталмас бұрын Мадияр Тағайбайұлы Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаевпен кездесіп, өңірдегі діни ахуал бойынша пікір алмасты.
    Басқосуға жергілікті дін өкіл­дері­мен қатар облыстық дін істері басқар­масының басшысы Ерғали Ахилбекұлы, ауданның бас имамы Әзім Сатыбалдыұлы қатысты.
    – Біздің мақсатымыз – дін сала­сындағы маңызды мәселелерді тал­қылап, тәжірибе бөлісіп, діни білім мен тәрбиеге қатысты ортақ шешім мен ұсыныстар әзірлеу. Бүгінгі кездесуде жастар тәрбиесі, имамдардың міндеттері мен қызметтері, сондай-ақ дін мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерін талқылаймыз. Соңғы жылдары қоғамда діни сауат­тылық­ты арттыру, экстремизм мен радикализмнің алдын алу бағытында жүзеге асып жатқан істер туралы ойымызды ортаға саламыз, – деді жиынды ашқан Кеген аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Еркінбек Қалқаев.
    Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз алған облыстың бас имамы Мадияр Пірімқұлов қоғам мен діннің өзара байланысы, діни сауаттылықтың рөлі, мешіт құжаттарын бірізділікке салу, ұлттық құндылықтарды сақтау және жастардың санасын жат ағымдардан қорғау тақырыптарында әңгіме өрбітіп, имамдар қойған сауалдарға жауап берді.
    Келесі кезекте сөз сөйлеген облыс­­тық дін істері басқармасының бас­шысы Ерғали Ахилбекұлы діни алауыздыққа жол бермеу, ұлт­аралық, дінаралық қақтығыстарды болдыр­мау негізгі мақсат екенін атап өтті. Қоғамның дінге деген көзқарасын қалыптастыруда, мешіт жұмысын Қазақстан мұсылмандары діни бас­қармасының талаптарына сай жүр­гізуде имамдардың атқарар қызметі зор екеніне тоқталды.
    Ата-бабамыздан жалғасып келе жатқан асыл дініміздің құндылықтары мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) хадистерін салт-дәстүрімізбен ұштастыра сөз еткен имамдардың келелі кеңесінде діни ағымдардан сақ болу, қаймағы бұзылмаған, айрандай ұйытатын ата дініміздің қадір-қасиеті жайлы ақпараттар кеңінен беріліп, Қарабұлақ ауылының бас имамы Нұрлан Мамытбековтың ақ батасымен жиын қорытындыланды.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Іскерлік байланыс нығаяды

    Іскерлік байланыс нығаяды

    1 year ago
    Қапшағай көлінде адасып кеткен жастар аман-есен табылды

    Қазақстанда 80 су арнасы жаңартылып, су үнемдеу технологияларын пайдалану артты

    3 months ago
    «Сайлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет»

    «Сайлау жүйесін түбегейлі өзгерту қажет»

    1 year ago
    Шерлі шежіре

    Шерлі шежіре

    1 year ago
    Бірлік күні Алматы облысында ізгі істермен басталды

    Бірлік күні Алматы облысында ізгі істермен басталды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.