-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ірі жобалар жүзеге аспақ

    29.04.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ірі жобалар  жүзеге аспақ
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Ұйғыр ауданында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатындағы бірқатар қадам өз жемісін беруде. Сондай нақты әрі ауқымды жұмыстардың бірі – Қытай инвесторларымен өткен кездесу.

    Ұйғыр ауданының әкімі Бота Елеусізова бүгінде ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу мен экспортқа шығаруда жетекші орын алатын алпауыт компания «Алматы Синтей» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Ян Цинхаймен жүздесті. Еліміздегі инвестициялық ірі жобаларды жүзеге асыруда зор мүмкіндігі мен мол тәжірибесі бар аталмыш компанияның басшысымен кездесуде ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіру, өндіру, сату және экспортқа шығару мәселелері талқыланды.
    Компания жоспарларының қатарында өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және экспортқа шығару бағытындағы жобалар бар. Сондай-ақ кәсіпкер ауданда жүгері өсіруге арналған жылыжай кешенін салу, өрік өнімін өңдеу зауыты мен құс фабрикасын ашуға ықыласты. Бұл аудан үшін өте ірі жобалар екенін ескерген аудан басшылығы өз тарапынан да ұсыныстары мен талап-тілектерін жеткізді. Келісімшарт жасалған жағдайда бұл компания аудан халқын арзан бағада жоғары сапалы өнімдермен қамтамасыз етуі қажет. Сонымен қатар өңір тұрғындарын жұмыспен қамтуы тиіс. Аудан әкімі Бота Серікқызы компания басшылығына осындай талаптар қойды.
    Аудандағы ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік бөлімінің мамандары да жобаларға қатысты сұрақтарын жолдады. Ян Цинхай ауданда жүзеге асыруды көздеп отырған жобалар турасында егжей-тегжейлі айтып берді. Ауыл шаруашылығы саласын дамыту мақсатында жасалған бұл қадам алдағы уақытта өз жемісін береді деген үміттеміз.

    Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Табиғат –  ортақ байлығымыз

    Табиғат –  ортақ байлығымыз

    7 months ago
    Зәкен апа зерікпейді

    Зәкен апа зерікпейді

    1 month ago
    Министр: Төрт айда экономика 5 пайызға өсті

    Министр: Төрт айда экономика 5 пайызға өсті

    2 years ago
    Монополияға қарсы заң бұзушылықтар жойылып, бақылау күшейді

    Монополияға қарсы заң бұзушылықтар жойылып, бақылау күшейді

    5 months ago
    Президент: Депутаттардың ел алдындағы жауапкершілігі артты

    Президенттің төрағалымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты жиын өтеді

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>