-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бас жүлде – біздің өнерпазда

    23.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Бас жүлде – біздің өнерпазда
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Әр ұлттың рухани болмысы мен мәдени келбетін айқындайтын құнды қазынаның бірі – өнер. Ал сол өнердің көшін өрге сүйреп, ұлт намысын халықаралық деңгейде қорғап жүрген таланттар – елдің нағыз мақтаныштары. Біздің өңірімізде де өнер десе ішкен асын жерге қойып, дара дауысымен даланы тербеткен шынайы шабыт иелері жетерлік. Солардың бірі де бірегейі – Алматы облыстық филармониясының әншісі, кәсіби вокалист Медет Орынбаев. Талай додада топ жарып жүрген талантты жерлесіміз бұл жолы да бас бәйгені бермей, өнердің мәре сызығын алғашқы болып кесті. Тараз төрінде өткен Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, сазгер Алтынбек Қоразбаевтың құрметіне арналған «Ән-жырым саған, туған ел» атты IV Халықаралық әншілер конкурсының бас жүлдесін иеленіп, еліміздің абыройын аспандатты, қарымды қабілетін асқарлатты.

    Тәуелсіз еліміздің рухын көтеріп, ұлттық өнердің мерейін үстем еткен елеулі шараға ел өнерпаздарымен қатар Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген таңдаулы әншілер қатысып, өнерлерін ортаға салды.  Ән байқауында Медет Орынбаевтың шығармашылығы шыңнан көрінді. Жерлесіміз өнер бәсекесіне тыңғылықты дайындықпен келгенін анық аңғартты. Ән таңдаудағы талғамы мен репертуарға деген жауапкершілігі – оның кәсіби шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді. Алтынбек Қоразбаевтың терең мағыналы, ұлттық рухқа суарылған «Сары ала қаз оралды» мен «Бозторғай» әндерін орындағанда  әр нотаны жүрекпен сезініп, әр сөзді жанымен өрнектеді. Құлаққа жағымды жетіп, сырлы сезіммен айшықталған орындау мәнері тыңдаушыны баурап алып, тебірентпей қоймады. Әншінің көркемдік иірімдерімен көмкерілген кәсіби орындауы қазылар алқасының да жоғары бағасын алып, ел аманатын арқалап, үміт пен сенімді жағып шықты десек артық айтпағанымыз. Шалқар шабыты мен дара дауысы арқылы өнерге деген адалдығы мен биік талғамын аңғартқан Медет Оразбайұлы үлкен жеңістің еселі еңбекпен жететінін дәлелдеді.

    Өнер жолында өзіндік қолтаңбасы бар, кәсіби деңгейі жоғары вокалист Медет Орынбаев Ақтөбе облысы Қарғалы ауданына қарасты Эрзерум ауылында дүниеге келген. Балалық шағынан ән мен күйге құмартқан ол алғаш музыкалық білімін Ақтөбе гуманитарлық колледжінен бастаса, кейін Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында «Вокал және дирижерлеу» мамандығы бойынша жоғары білім алып, магистратураны тәмамдаған. Білімі мен біліктілігі жоғары әнші өнертану ғылымдарының магистрі атанды. Бұл – оның тек сахна төрінде ғана емес, ғылыми-теориялық деңгейде де терең ізденіске бет бұрғанын аңғартады. Әншінің еңбек жолы Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясында басталған. Кейіннен Алматы қаласындағы «Мирас» халықаралық мектебінде музыка пәні мұғалімі әрі ұйымдастырушы-педагог ретінде қызмет атқарды. Сонымен қатар А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектебінде жас таланттарға вокал мен хор өнерінің қыр-сырын үйретті. Бүгінде Медет Орынбаев – Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының жеке дауыстағы әншісі, вокал жаттықтырушысы. Ол – «Қазақстан дауысы – 2021», «Х Factor – 2022» жобаларының қатысушысы, Бейбіт Оралұлы атындағы халықаралық әншілер байқауының жүлдегері. Оның сахнадағы образы мен орындаушылық шеберлігі, классикалық және эстрадалық жанрларды қатар меңгерген әмбебап дарыны – қазіргі қазақ вокал мектебінің жарқын көрінісі.

    Медет Оразбайұлы ел ішінде ерекше құрметке кенелген, өресі биік өнерпаз. Ұжымдастары оның өнерге шынайы берілгенінін айтса, тыңдармандары жан тебірентерлік талантын мақтан тұтады. Ал ағайындары мен ет жақындары адал еңбегін алға тартып, биік мақсатқа ұмтылған табандылығы жайлы тебіренеді. Міне, Тараз төрінде жеңіске жеткен Медет Орынбаевтың бұл жетістігі – тек жеке өнерпаздың жеңісі емес, тұтас қазақ өнерінің салтанаты, ұлттық вокал мектебінің халықаралық деңгейде мойындалғанының белгісі. Мұндай жеңіс – ұлт рухын көтеретін, жас буынға бағыт-бағдар беретін өнегелі жол.  Иә, Медет – жай ғана әнші емес, ұлттық мәдениеттің жанашыры, өнер арқылы ұрпақ тәрбиелеп жүрген рухани көшбасшы. Оның шығармашылығы өнерге деген шексіз махаббаттан, тынымсыз еңбек пен биік мақсаттан тұрады. Біздің өңіріміз осындай дарынды ұлымен әрдайым мақтанады.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Жамбыл облысы

    Ұсынымдар

    Қазақшаңыз қатесіз бе?

    Қазақшаңыз қатесіз бе?

    2 months ago
    Абыройлы қызмет

    Абыройлы қызмет

    6 months ago
    Мереке қарсаңында спорт кешені ашылды

    Мереке қарсаңында спорт кешені ашылды

    2 years ago
    Энергетика саласының ардагері

    Энергетика саласының ардагері

    1 week ago
    Үздік әлеуметтік серіктес

    Үздік әлеуметтік серіктес

    2 days ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.