-13 °c
Qonaev
Wednesday, June 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Корей мәдениеті насихатталды

    26.05.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мәдениет
    Корей мәдениеті насихатталды
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Қонаев қаласындағы Бердібек Соқпақбаев атындағы саябақта «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Бірлігіміз  – әралуандықта” жобасы аясында республикалық «Тано» корей мәдениеті фестивалі өтті.

    Іс-шараны ашқан қала әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков елімізде 100-ден астам этнос өкілдерінің бірлігі жарасып, тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқанын, оларға ана тілін, мәдениеті мен салт-дәстүрін сақтауға мемлекет тарапынан жағдай жасалып отырғанын тілге тиек етті. Облыс орталығында 2005 жылы ЮНЕСКО-ның тізіміне енген ежелгі корей мерекесінің аталып өтіліп жатқаны соның бір көрінісі екеніне баршаның назарын аударды.

    Келесі кезекте сөз облыстық қоғамдық келісім және даму орталығының басшысы Елбосын Абайға берілді.

    – Бүгінгі фестиваль – өзіндік ерекшелігі мен қоғамдағы орны бар үлкен шара. «Тано» – корей жерінде қадым заманнан тойланып келеді. Ай күнтізбесі бойынша бесінші айдың бесінші күні  дегенді білдіретін мерекеде  егін егуді аяқтаған ежелгі корейлер Жаратушыдан мол өнім алуды сұрайтын болған. Өткізіліп жатқан шара – Қазақстан мәдениеттерінің алуан түрлілігі шынайы бірліктің, құрмет пен өзара түсіністіктің қалай туатынының символы. Мұндағы достық атмосферада облыс пен Алматы қаласының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетуге келіп тұр. Олар ұлттық мәдениеттің байлығын және  жан-тәнімен бөлісетін басты шабытты алып жүреді. Қазақстан халқы бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп, өзге этностардың салт-дәстүрлерін  құрметтеуі керек. Мәдениеттің халықты біріктіруге септігі тиеді.   Облыста 105 этнос өкілі тұрады. 34 этномәдени бірлестік тіркелген. Осындай игі істерді этномәдени бірлестіктермен тізе қоса отырып атқарып келеміз, – деген  Елбосын Сәкенұлы Қазақстан халқының мәдени дәстүрлерін дәріптеуге үлес қосқан және фестивалді ұйымдастыруға атсалысқан бірқатар азаматтарға Алғыс хат табыс етті. Одан кейін жиналған қауымды мерекемен құттықтаған Алматы корейлері ұлттық орталығының төрағасы Андрей Шин қоғамдық келісім мен тұрақтылық еліміздің басты байлығы екенін баса айтты.

    Фестиваль әрі қарай облыстық корей этномәдени орталығы әзірлеген  концерттік бағдарламаға жалғасты. «Родина» және «Бидангиль» хоры мен «Бидульги», «Чонсан», «Самульнори», «Укулеле», «Гармония», «НамСон», ансамбльдері өз өнерлерін ортаға салып, көрермендердің қошеметіне бөленді.

    Фестивальді қорытындылаған облыстық корей этномәдени орталығының төрағасы Галина Ким өнер көрсеткен ұжым жетекшілері мен іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне белсене атсалысқан еріктілерді марапаттады.

    Іс-шара шеңберінде дәстүрлі корей ойындары ойнатылып, тағамдары насихатталды. Ойын жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар табысталды.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Нұртас Қиялбеков: Бізде ит асырау мәдениеті төмен

    Нұртас Қиялбеков: Бізде ит асырау мәдениеті төмен

    2 years ago
    Алматы облысында 38 мыңнан аса адам қаржылық сауатын арттырады

    Алматы облысында 38 мыңнан аса адам қаржылық сауатын арттырады

    3 months ago
    Өзен жағалауы тазартылды

    Өзен жағалауы тазартылды

    11 months ago
    Боралдайдың наны – дастарханның сәні

    Боралдайдың наны – дастарханның сәні

    1 year ago
    Балсабын жасау шебері

    Балсабын жасау шебері

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.