-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Асыл аманат

    04.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мемлекеттік тіл
    Асыл аманат
    0
    SHARES
    13
    VIEWS

         Тілім менің – тірегім. Осындай тақырыппен Кеген аудандық Мәдениет үйінде тіл фестивалі өтті. Аталған шара ақ жаулықты әжелердің ән шашуымен басталды. Жиналған көпшілікке кітап көрмесі ұсынылып, онда қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебінің оқушылары жасаған қолөнер бұйымдары мен аудандық тарихи-өлкетану мұражайының жәдігерлері қойылды.

     Тіл фестиваліне Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, қаламгер, ұстаз, өнер зерттеушісі Сағатбек Медеубекұлы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Алматы облысы бойынша филиалының төрағасы Гүлзира Сейітбекқызы, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Нұрмаман Оқас, облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Қуаныш Амантайұлы, ауданның зиялы қауым өкілдері, тілге қамқорлық танытып жүрген кәсіпкерлер, қоғамдық кеңес мүшелері мен жастар қатысты. Келген қонақтар аудан өнерпаздарының театрландырылған қойылымын тамашалады. Ән әуелеп, күй шалқыды.

    Игі шарада алғашқы құттықтау сөз алған облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Нұрмаман Оқас:

    ­– Ана тіліміз – ата-бабамыздың асыл аманаты, ұлттың жаны мен жүрегі, елдігіміздің негізі, тұтастығымыздың тірегі. Ұлы даланың сан ғасырлық шежіресін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан қазақ тілі барша Қазақстан халқын біріктіретін ортақ мұраға айналды, – дей  келе, көпшілікке  жылы лебізін жеткізді. Бұдан кейін филология ғылымының кандидаты Сағатбек Медеубекұлы, Ө.Жаңабаев атындағы орта мектептің қазақ тілі пәні мұғалімі  Ауғанбай Гүлдана тілге қатысты кең көлемді баяндама жасады. Мемлекеттік тілдің мәртебесін асқақтатын іс-шараларға белсене қатысып жүрген үшін бірқатар азаматқа Алғыс хат пен Құрмет грамотасын табыс етті.

    Фестиваль аясында «Тіл майталманы – 2025» номинациясымен Қарабұлақ ауылдық округінің әкімі Рүстем Әлімов, «Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы – 2025» номинациясымен Ө.Жаңабаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айдана Нұрланқызы, «Тілге жанашыр кәсіпкер – 2025» номинациясымен «Көлбастау тур трэвел» этноауыл демалыс орнының иесі Ұлан Рысбекұлы, «Үздік бейнеролик – 2025» номинациясымен аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Салтанат Саматқызы марапатталды.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Сапалы білім мен ұлттық тәрбие – даму кепілі

    Сапалы білім мен ұлттық тәрбие – даму кепілі

    2 years ago
    Ауылдың болашағы шешілер күн

    Ауылдың болашағы шешілер күн

    9 months ago
    Бүтін бір әулет құжатсыз…

    Бүтін бір әулет құжатсыз…

    2 years ago
    Халықтың қалтасын қағу

    Жүргізуші мәдениеті неге төмен?

    11 months ago
    Баскетбол чемпионатының жартылай финалы аяқталды

    Баскетбол чемпионатының жартылай финалы аяқталды

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.