-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бала және дін

    05.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Рухани құндылық – тәрбие өзегі
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Қазіргі таңда жиі көтеріліп жүрген мәселенің бірі – баланың дінді ұстануы және сол төңіректегі түйткілдер дер едім. Әрбір ата-ана дүниеге әкелген баласын өздері қалағандай тәрбиелейді. Оған ешкімнің таласы жоқ. Алайда баланың болашағы немесе көзқарасы, тіпті тәрбиесі үнемі ата-анасы қалағандай бола бермеуі мүмкін.

    Әлеуметтік желі, орта және басқа да көптеген фактор балаға жанама әсер етіп жатады. Кейде мешітке бара қалсаң, ұсақ балалар ойнап жүреді, тіпті бастауыш сыныпта оқитын балалар әкесімен бірге намаз оқып тұрады. Бір жағынан иманжүзді ұрпақ болып өсіп келе жатыр екен деп қуанайын десең, көбінесе діннің уахаби-сәләфит бағытын ұстанатын жігіттер балаларын (тіпті кішкентай қыздарын да) жиі намазға сүйрейтіндігін байқайсың. Жамағат ішінде талтайып алып, артық тәкбір алып, әкесінің аузынан түскендей намаз оқып тұрғанын көргенде екіұдай ойға қаласың. Болашақ уахабилер осылар емес пе деп алаңдайсың. Бірақ бұлардың ерекшелігі – кейіннен қабылдаған емес, туабітті уахаби екендігінде! Кейде бойымызды ондаған мың салафит отбасында жүздеген мың болашақ уахаби-салафи тәрбиеленіп жатқандай қорқыныш билейді. Алайда кейде, керісінше, әсіре діндарлардың балалары діннен безіп кететін оқиғалар да көп. Бала кезіндегі діни мәжбүрлік, есейген кезде дінсіздікке жетелейді. Екеуі де оңған дүние емес.

    Бүгінде балалар жазғы демалысқа шығып жатыр. Әр өңірдегі мешіттерде «Имани жаз» жобасы бойынша балалар мешіттерге келеді. Болашақ жастардың бүгіннен мешітте жүруі ертеңгі жамағатты қалыптастыратынына еш дау жоқ. Бірақ теріс ағымда жүргендердің бастапқыда барлығы мешітке барып, сауат ашып, тіпті намаздарын ханафи мазһабы бойынша үйренгендігін назарға алсақ, бүгінгі сауат ашу курсында жүрген балалардың қаншасы ертең мазһабты жоққа шығарып, «Әмин!» деп айғайлап тұрары белгісіз. Өткен жұмада қасымда тұрған жас балалар барынша «Әмин!» деп айқайлады. Намаз соңында бір-бірінің қолынан ұстап, ерлік жасағандай құттықтап жатыр. Міне, біздегі діндарлықтың сиқы, ащы да болса, осындай.

    «Шегірткеден қорыққан егін екпейді» дегендей, енді не істемек керек? Біреулер балаларды мүлде мешітке кіргізбеу керек дегенді алға тартады. Бірақ бұл да радикализм емес пе?! Дегенмен, балалардың болашақ тәрбиесін ойлаған діндар ата-ана кезінде қарилыққа, медреселерге беру өзі бағындыра алмаған діндарлықтың шыңы екенін жақсы біледі. Сол себептен де ондай ата-ана балаларын сол шыңға жетсе екен деген тілекпен барынша діни білімін күшейтуге тырысып бағады. Бірақ әрбір ата-ана ұғуы тиіс бір қағида бар. Ол – баланың еркі, баланың бейімділігі. Қалай болғанда да, баланың діндар болуы ата-ананың қалауына қарай емес, болашақ түсінігіне, өзінің діндарлыққа бейімділігіне байланысты екенін естен шығармайық! Бұл жерде түйер қорытынды – әр балаға дінді тықпалау түрінде емес, үлгі ретінде беру дұрыс деп ойлаймын. «Адам Құдайды саналы түрде түсінетін, іздейтін жас 18 жас шамасында», – дейді психологтар. Оған дейін көбінесе ата-анасының дінінде болады. Ал діндар болам деп мешіт жағалаған балалар мен жастардың көзқарасын ата-анасы мұқият қадағалауы керек. Егер баланы өз бетінше жіберетін болса, әке-шешесін кәпір, пісірген асын харам дейтін көзқарасқа ұрыну қаупі өте жоғары. Хадисте, халық даналығында «Жастың ең абзалы – өзін қарт адам сияқты ұстағаны, қарттың ең жаманы – өзін бала сияқты ұстағаны», «Баланың балалығын тыйғаның – өскендегі даналығын тыйғаның!» деген нақыл сөз қалған.

    Құрметті оқырман, сіз балаңызды қалай тәрбиелеп жатырсыз?

    Кеңшілік ТЫШҚАНҰЛЫ,

    дінтанушы, философия ғылымдарының кандидаты

    Ұсынымдар

    Облыс тоғызқұмалақшылары әлем біріншілігінде топ жарды

    Облыс тоғызқұмалақшылары әлем біріншілігінде топ жарды

    2 years ago
    Дарынды шәкірттер дебат сайысында дараланды

    Дарынды шәкірттер дебат сайысында дараланды

    2 years ago
    Шетелдіктер ынтызар

    Шетелдіктер ынтызар

    1 year ago
    Өнер – ортақ құндылық

    Өнер – ортақ құндылық

    7 months ago
    Жанболат Аупбаев: Журналиске тән қасиет – жанкештілік

    Жанболат Аупбаев: Журналиске тән қасиет – жанкештілік

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.