-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Туым – темірқазығым

    04.06.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Туым – темірқазығым

    Screenshot

    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жамбыл ауданындағы Сарыбастау орта мектебінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай тәрбиелік мәні терең шара өтті. Ел нышандарына деген құрметті арттыруды, жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді оятып, отансүйгіштік қасиетті сіңіруді мақсат еткен жиын ерекше мазмұнда айшықталды.

    Салтанатты шарада Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран шырқалды. Аудандық мәслихат депутаты, аталған мектептің директоры Сәуле Әлімқұлова жұртшылықты мерекемен құттықтап, бұл күннің маңыздылығын атап өтті:

    – Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің, бірлігіміздің, тәуелсіздігіміздің символы. Елдің Туы, Гимні, Елтаңбасы – біздің жүрегіміздің лүпілімен үндес қасиетті нышандар. Оларды құрметтеу – туған елге деген шынайы сүйіспеншіліктің көрінісі, – дей келе, жас ұрпақтың бойында ұлттық сана мен рухты тәрбиелеудің маңыздылығына тоқталды.

    Мерекелік кеште оқушылар Отанға деген сезімдерін жырмен, әнмен, көркем сөзбен өрнектеп, өз өнерлерін ортаға салды. Кішкентай бүлдіршіндердің орындауындағы патриоттық әндер мен тақпақтар көрермен жүрегіне жол тауып, ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар рәміздер тарихына арналған бейнеүзінді көрсетіліп, оқушылардың қатысуымен танымдық сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды.

    «Мемлекеттік рәміздер – өткеннің аманаты, болашақтың темірқазығы. Олай дейтінім, мына кең-байтақ далада батыр бабаларымыз қазақтың Туын желбіретіп, намысын биік ұстаған. Осынша жерді найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғағанда бөрілі байрақ астында рухтанған. Қазақтың ру, тайпаларының таңба белгілері, жалауы мен ұраны да болған. Ұран салу сарбаздарға күш-жігер беріп, жауға қарсы ерлікпен күресуге жұмылдырған. Рәміздерді өткеннің аманаты деуіміз содан. Тәрбиелік мәні зор осындай іс-шаралар арқылы жас ұрпақ жүрегіне отансүйгіштік рухты ұялату – мектебіміздегі педагогикалық ұжымының басты мақсаты», – деді халық қалаулысы Сәуле Кеңесқызы.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Сарыбастау ауылы,

    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Аймақ дамуына тың серпін

    Аймақ дамуына тың серпін

    8 months ago
    Ерлікке тағзым

    Ерлікке тағзым

    4 months ago
    Аграрлық сала айрықша назарда

    Аграрлық сала айрықша назарда

    11 months ago
    Қазақстандағы студент жастарға мемлекеттік қолдауды арттыру

    Студенттерге арналған жаңа жатақханалар салу жайы

    5 months ago
    Қонаевта Көрісу күні тойланды

    Қонаевта Көрісу күні тойланды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>