-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    “Өрмекші адам” өнегесі

    05.06.2025
    in Барлық жаңалықтар
    “Өрмекші адам” өнегесі
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

         Қоғамда әр нәрсеге әуес адамдар әрқашан болған. Олар қазір де арамызда көптеп табылады. Жан-жағыңызға қарасаңыз, өзінің ерекше мінез-құлқы, ойлау қабілеті, белсенділігі, қоғамға тигізетін пайдасымен көпшілікті таң қалдыратын талай адамды байқауға болады. Соның бірі – Талғар қаласының 28 жасар тұрғыны Рамазан Сейітхазин.

    Ол несімен ерекше десеңіз, Рамазан марафон жарысында жүгіруден алдына жан салмайды. Рекорд жаңартып қана қоймай, өзіне жақын адамдарды салауатты өмір салтын ұстануға үндеп жүреді. Талғардың тумасы таза ауада жиі серуендейді. Оның ең сүйікті ісі – жүгіру. Рамазан бір күні қала орталығына  «Өрмекші-адамның» костюмін киіп келіп, бірден жұртшылықтың назарын өзіне аударады. Теледидар немесе кинотеатрда емес, көз алдында пайда болған «Спайдерменге» балалар ғана емес, ересектер де таңдана қарап, барлығы «Өрмекші-адаммен» таныса бастайды.

    Осылайша ол жүгіруге ниет білдіргендерді өзінің «Drago Run» клубына тартқысы келген. Мұнда жаттығу тегін. Рамазан жекпе-жек спортында жарақат алғаннан кейін жүгірумен айналыса бастаған. Ол жай ғана жүгіріп, айналасындағыларды тәнті етіп қоймай, марафонда рекорд орнатқан жігіт.

    – 2023 жылғы Берлин марафонын ерекше мақтан тұтамын, онда 45 шақырым қашықтықты 3 сағатта жүгіріп өттім. Бұл жарысқа 15 500 адам қатысқан еді, соған қарамастан жеңімпаз атандым, – дейді өміріндегі ең бақытты сәттердің бірін еске алған Рамазан. Ол сонымен қатар Еуропа чемпионатында, елімізде жалауы желбіреген жарыстарда жүлделі орыннан көрінді. Биыл 13 сәуірде Бішкекте, 4 мамырда Прагада өткен марафонда да жақсы нәтиже көрсетті. Оның ендігі мақсаты – күзде Стамбұл марафонына қатысып, жеңіспен оралу.

    Бір қызығы, Рамазан өзінің өмірлік жарын да дәл осы жүгіру алаңында жолықтырыпты. Зайыбы – дзюдодан спорт шеберлігіне үміткер. Олар енді тек үйде ғана емес, спорт алаңдарында да уақыттарын бірге өткізеді. Рамазанның айтуынша, жақын арада олардың отбасы жас нәрестемен толығады. Мамандығы бойынша заңгер Рамазан «Каспий банкте» жұмыс істейді. Дегенмен, өмірдің ең басты мәні таңдалған мамандық емес, ол уақытқа, сұранысқа қарай өзгеруі мүмкін, ал адамды тәртіпті болуға тәрбиелейтін спортпен тұрақты айналысудың маңызы өте зор деп санайды ол.

    Рамазанның ендігі арманы  – Лондон, Токио, Нью-Йорк, Чикаго, Бостонда өтетін марафондарда жүгіріп, жақсы нәтиже көрсету.

    – Талғар – спортшылар қаласы, жасөспірімдерге арналған секциялар жеткілікті. Бірақ егде адамдар спортпен көп айналыспайды. Сондықтан ауданда жүгіру мәдениетін белсенді түрде дамытқым келеді. Бұл олардың салауатты да ұзақ өмір сүруіне ықпал етуі тиіс, – дейді Рамазан.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    «Тазалық – саулық кепілі» – Қонаев тұрғыны

    «Тазалық – саулық кепілі» – Қонаев тұрғыны

    1 year ago
    Азия ойындарының чемпиондарын қарсы алды

    Азия ойындарының чемпиондарын қарсы алды

    2 years ago
    AMANAT: Петроглифтер жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр

    AMANAT: Петроглифтер жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр

    2 years ago
    Алматы облысында 35 білім ордасы алғаш рет аттестаттаудан өтті

    Алматы облысында 35 білім ордасы алғаш рет аттестаттаудан өтті

    3 months ago
    Ұмтылыс пен құлшыныс

    Ұмтылыс пен құлшыныс

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.