Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды.
Айыпталушыларға келесідей сот үкімі шықты:
Абзал Шынасыл 23 жыл,
Равиль Сакиев 20 жыл,
Азамат Тоқтаубаев 15 жылға бас бостандығынан айырылады.
Сонымен қатар, Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет – әрқайсысы 7 жылға сотталды.
Ал, Нұрқияс Ілиясов 9 жылға, Думан Ысқақ (кәмелетке толмаған) 1 жыл 6 айға сотталды.
Бұған дейін мемлекеттік айыптаушы сотталушыларға 7-23 жыл арасында жаза сұраған еді.
Сот сонымен қатар азаматтық талаптың бір бөлігін қанағаттандырды.
Жәбірленушілер Қаржаубай Нұрымов, Гүлбара Бишімбиева және Жұмабике Қадирова әрқайсысының пайдасына Абзал Шынасылдан 20 миллион теңгеден моральдық өтемақы өндірілсін деп шешілді.
Сонымен қатар мемлекет пайдасына 1981 теңге көлемінде мемлекеттік баж салығы алынады.
Равиль Сакиевтен Қаржаубай Нұрымов және Жұмабике Қадироваға әрқайсына 15 миллион теңге моральдық өтемақы, сондай-ақ 1981 теңге мемлекеттік баж салығы өндірілсін.
Шыңғыс Белғожаев, Нұрқияс Ілиясов, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет, Азамат Тоқтаубаев және Равиль Сакиев ортақ жауапкершілікпен Гүлбара Бишімбиеваның пайдасына 10 миллион теңге көлемінде моральдық өтемақы төлейтін болады.
Ш.Белғожаев, Н.Ілиясов, Д.Әскентай, Н.Тоқтаубаев, Д. Қалиахмет, А.Тоқтаубаевтан жәбірленуші Қаржаубай Нұрымов пен Жұмабике Қадированың пайдасына да ортақ жауапкершілікпен 10 миллион теңгеден өтемақы төлеуге міндеттелді.