[um_weather city="Қонаев"]
Жексенбі, Қаңтар 25, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Елім деп еміренген

    12.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Елім деп еміренген
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

           Биыл ағартушылық жолда қазақтың сауатын ашқан қайраткер, «Айхай», «Дүние-ай», «Үш Меркі» сынды әндерді тудырған, сталиндік режимнің құрбаны болған Қапез Байғабылұлының туғанына 129 жыл толып отыр. Ол «халық жауы» атанып, 1939 жылы 45 жасында Коми АКСР-нің Ухта қаласында атылған.

    Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Кеген ауданы Тоғызбұлақ ауылында «Ұлтын сүйген ұлы тұлға – Қапез» атты кеш өтті. Келген қонақтар ең алдымен Мәдениет үйінде білікті ұстаз һәм талантты сазгердің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін арнайы көрмемен танысты.
    Кеген ауданының әкімі Нұрбақыт Теңізбаев, өнер зерттеушісі, филология ғылымдарының кандидаты Сағатбек Медеубекұлы, Мәжіліс депутаты, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Жанарбек Әшімжан, «Ұлт үшін туған Ыдырыс», «Ақай Нүсіпбеков: Ғибратты ғұмыр», «Әлмереке абыз: тарих пен тағылым», «Шынжырлы Сәмен батыр» деректі фильмдерінің авторы, журналист Салтанат Бакеева және Қапез Байғабылұлының ұрпақтары жүрекжарды лебізін арнап, айтулы тұлғаның өміріне, шығармашылығына, қайраткерлігіне қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Кеш барысында алғаш рет Қапез туралы деректі фильм көрерменге ұсынылды.
    Тағылымдық кештің маңыздылығына тоқталып өткен аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев:
    – Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған бейкүнә жандардың рухына тағзым ету мақсатында Қапез атамыздың қазақ елі үшін жасаған еңбектерін, қиын қыстау кездегі өмірін баяндайтын деректі фильмді тұңғыш рет туған жеріне әкеліп көрсеткені үшін Салтанат Әуелханқызына зор алғысымды білдіремін! – дей келе, фильм авторының иығына камзол жауып, Алғыс хат табыс етті.
    Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан қайраткер мұрасы еліміздің рухани қазынасы екенін тілге тиек ете келіп:
    – Қапез Байғабылұлы арнайы мектеп ашты, бала оқытты, ұрпақтың парасатты болып қалыптасуына айрықша үлес қосты. Стамбұлда білімін шыңдаған. Әндері жүректерді тербеді. Осынау тарихи тұлғаның ұлт жадында сақталуына Сағатбек ­Медеубекұлы, Рамазан Стамғазиев, Тілеулес Құрманғалиев, арамыздан ерте кеткен Ғалымжан Досановтардың сіңірген еңбегі зор, – деді.
    Шара соңында аудан өнерпаздары Қапездің әндерін нақышына келтіре орындап, құлақ құрышын қандырды.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Қонаевта тәулік ішінде орташа айлық жауын-шашын мөлшерінің жартысы жауды

    Қонаевта тәулік ішінде орташа айлық жауын-шашын мөлшерінің жартысы жауды

    2 years ago
    Алматы облысы Гиннес рекордын жаңартпақ

    Алматы облысы Гиннес рекордын жаңартпақ

    5 months ago
    Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс

    НДС 16% – оптимальный переходный шаг: эксперт о поправках в Налоговый кодекс

    10 months ago
    Қала көркін аша түсті

    Қала көркін аша түсті

    3 months ago
    ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ

    3 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>