-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қос ішектің құдіреті

    04.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Қос ішектің құдіреті
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

          Екі ішекті, қоңыр үнді домбыра бүкіл бір халықтың тіршілік болмысын көз алдыңа жайып салады. Киелі егіз ішек – екі дүние философиясы. Бұ дүние мен о дүние, қуаныш пен мұң, жақсылық пен жамандық, сұлулық пен сұрықсыздық, аспан мен жер, күн мен түн, ақ пен қара… Оның әрбір үнінен шежіре-тарихтың бағзы замандардан сақталып бізге жеткен көне сарынын естимін.

    Бүгінде қасиетті домбыраның сыңғырлаған үні адамзат жүрегін әлдилеген сырлы әуенге айналды. Өйткені өң түгіл, түсінде де қазақ баласын көрмегендер киелі домбыраға қол соза бастады. Биыл ақпан айында жапондық домбырашы Акира Такегучи дәулескер күйші Секен Тұрысбековпен кездескенін естідік. Ол әйгілі күйшімен жүздесу үшін сонау күншығыс елінен Алматыға арнайы келіпті. Сол бір жарқын жүздесуде жапон жігіті Қазақстанның мәдениетін жетік білгісі келетінін жасырмаған еді. Акира Такегучи домбыраны алғаш рет Түркияға барғанда көрген. Кейін сонда 4 жылдай тұрып, студент қазақ жігітінен домбыра шертуді үйренеді. Қазір репертуарында «Адай», «Сарыарқа», «Балбырауын» сияқты 20-дан астам күй бар.
    «Қазақстан маған ұнайды. Қазір Алматыда тұрып жатырмын. Салт-дәстүрін, мәдениетін жақсы білу үшін қазақ тілін үйренгім келеді. Ал Секен Тұрысбеков – кәсіби музыкант. Менің репертуарымда бірнеше күйі бар. Мен де музыкантпын. Аспаптардың ырғағын, даусын жақсы ажыратамын. Бұған дейін скрипкада түрік музыкасын орындағанмын. Бірақ домбыраның сиқырлы үні бәрінен асып түсті. Екі ішектің құдіреті шексіз. Тіпті Жапонияда бір музыкалық байқауда Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйін орындап, жеңімпаз атандым», – дейді отандық БАҚ-тың біріне берген сұхбатында Акира Такегучи.
    Өнерде шекара болмайтыны рас-ау. Радек есімді жасөспірім Оңтүстік Африка Республикасының Кейптаун қаласында туған. Кейін ата-анасының жұмыс бабымен Қазақстанға келіп, Атырауда үш жыл тұрды. Бұрын АҚШ пен Польшада тұрған ол қазақ халқының ұлттық киімі мен тағамдарын, ұлттық аспабы – домбыраны қатты ұнатады екен.
    Шетелдік жасөспірімге домбыра тартуды ұстазы Жаңылхан Ғалымқызы үйретіпті. Оның сөзінше, Радек демалыс күндері бір, не екі рет домбыра үйренуге келіп тұрған. Осылай 6-7 айда домбыра шертуді меңгеріп алған. Қазір ол бірнеше күйді жаңылмай орындайды. Әсіресе, Құрманғазының шығармаларын ұнатады. Соның ішінде «Адай» мен «Келіншек» күйлері бар.
    Халық оркестрінің концертіне көрермен болып барған Сабина Мастерс есімді ұлыбританиялық әйел қазақтың ұлттық аспабының үніне ғашық болады. Домбыраға қызыққаны соншалық, ол ұлттық аспапта ойнап үйренуді мақсат тұтады. Сабина Мастерс – білікті дәрігер, төрт баланың анасы. Олар күйеуімен бірге бірнеше елде тұрған. Осыдан алты жыл бұрын оны білікті маман ретінде елге шақырған. Қазір Сабина домбырамен 20-дан астам күйді шертіп үйренген. Алайда ол мұнымен тоқтап қалмайтынын айтады. Батыс Қазақстанның атақты виртуоз-күйшілерінің барлық шығармасын меңгеруді жоспарлап отыр.
    Өткен жылы «TikTok» әлеуметтік желісінде Джефф есімді АҚШ азаматының Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» мен Құрманғазы Сағырбайұлының «Балбырауын» күйлерін тартқан бейнежазбасы кең таралды. Бүгінде қазақ домбырасының қасиетін танитын шетелдіктердің қатары артып келеді. Тіршілікті музыкасыз елестету мүмкін емес. Музыка – адам санасын еріксіз билеп алатын құдіретті күш. Ал оның ішінде ұлттық аспаптың жөні тым бөлек. Ендеше, домбыра барда өнеріміз өміршең, ұлттығымыз мәңгілік бола бермек!

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    54 мың га жер мемлекет меншігіне қайтарылды

    1 year ago
    ҚазҰУ Экономика және бизнес мектебінде арнайы аудитория ашылды

    ҚазҰУ Экономика және бизнес мектебінде арнайы аудитория ашылды

    3 months ago
    “Мені ұлылардың рухы жебеп келеді”

    “Мені ұлылардың рухы жебеп келеді”

    2 years ago
    Достықтың тамыршысы

    Достықтың тамыршысы

    1 year ago
    Ассамблея — бірлік пен берекенің тұнық бұлағы

    Ассамблея — бірлік пен берекенің тұнық бұлағы

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>