[um_weather city="Қонаев"]
Сәрсенбі, Қазан 8, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бас жүлде – бізде!

    19.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Бас жүлде – бізде!
    0
    SHARES
    35
    VIEWS

         Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттырып, қолдану аясын кеңейтуді, тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдарында барынша насихаттауды мақсат еткен «Мемлекеттік тіл және БАҚ» облыстық байқауы мәресіне жетті. Тіл мерейін арттырып, аталған тақырыпқа қалам тербеп жүрген журналистер марапатталды.

    Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы ұйымдастырған байқаудың алғысөзін басқарма басшысының міндетін атқарушы Нұрмаман Оқас алды. «Мемлекеттік тіл – елдігіміздің негізі. Сондықтан мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтіп, тілдің мәртебесін арттыруда бір тілді екінші тілге қарсы қойып, күшке салу сынды теріс әрекетке бармай, тілімізді сүйіспеншілікпен, ізгі ниетпен дәріптеу жолын таңдауымыз маңызды. Қазақ тілі көш алдында болуы үшін қазақша сөйлейік, қазір көпшілікке кеңінен тараған интернет кеңістігінде қазақша сауатты контенттің қалыптасуына үлес қосайық. Бұл қарапайым қадамдардың нәтижесі үлкен болмақ», – дей келе бүгінде басқарма тарапынан мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыс жайына тоқталып өтті.
    Байқауға қатысушыларға сәттілік тілеп, сөз сөйлеген облыстық «Алатау арайы» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Қуаныш Тұнғатар: «Қазақ тіліне деген сұраныс жыл санап артып келе жатқаны ақиқат. Соңғы жылдары кәсіпкерлер де бұл үрдісті байқап қана қоймай, барынша қолдап жатыр. Маркетинг саласындағы науқандарын қазақ тілінде жүргізіп, жарнаманы қазақша қатесіз беруге тырысып келеді. Өйткені бұл – тұтынушылардың сұранысы. Осы орайда мемлекеттік тілдің қанатын кеңге жаюына үлкен үлес қосып жүрген топтың бірі – журналистер екені рас», – деп ақпарат майданында қаламын қару еткен әріптестеріне артылған жауапкершілік салмағына да тоқталып өтті.
    Байқаудың облыстық кезеңіне аудандық және қалалық іріктеулерден өткен жұмыстар жіберілді. Әділ қазылар алқасы 16 қатысушының материалдарын сарапқа салып, олардың 14-і облыстық кезеңге өтті. Қорытынды бойынша бас жүлдені газетіміздің мәдениет және әдебиет бөлімінің меңгерушісі Құралбек Сәбитов жеңіп алып, басқарманың арнайы дипломымен және 200 000 теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталды. «Үздік телерадио жобасы» номинациясы бойынша облыстық «Жетісу» телеарнасының продюссері Гүлжан Қызайбай жеңімпаз атанып, 150 000 теңгенің сертификатына ие болды. Байқауға қатысушылардың ешқайсысын да назардан тыс қалдырмай, мемлекеттік тілдің мерейін өсіруге қосып жүрген үлесі үшін басқарма барлығын да марапаттап, қаржылай сыйлықпен қуантты.
    Ел боламын десек, ұлттық код, ұлттық жадыны жоғалтпай, ұлттық болмысымызды сақтап қалу маңызды. Мұнда тіл – негізгі тірек.

    Құралай Мұратқызы

    Ұсынымдар

    Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру: «Кәсіби даму жолы»

    Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру: «Кәсіби даму жолы»

    1 week ago
    Қапшағайға былтыр миллионнан астам турист келді

    Қапшағай су қоймасының жағалауын абаттандыру басталды

    2 years ago
    Шабындықта – шалғы сырылы

    Шабындықта – шалғы сырылы

    2 months ago
    Алматы облысында осы жылдың жеті айында  365 өрт оқиғасы тіркелген

    Алматы облысында осы жылдың жеті айында 365 өрт оқиғасы тіркелген

    2 years ago
    ҚХА: Халық таңдаған депутаттар сенім үдесінен шығуы керек

    ҚХА: Халық таңдаған депутаттар сенім үдесінен шығуы керек

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>