⛅
-2°C
Қонаев
Сейсенбі, Желтоқсан 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тартысты жекпе-жек

    22.07.2025
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Тартысты жекпе-жек
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Қонаев қаласында көрнекті қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлын еске алуға арналған панкратионнан төртінші республикалық турнир өтті. Жарыс «Спорт есірткіге, терроризмге және лудоманияға қарсы» ұранымен жалауын көтерді. Сайысқа Шығыс Қазақстан, Алматы, Жетісу облыстарынан, Алматы және Қонаев қалаларынан бес санат бойынша 8-17 жас аралығындағы спортшылар қатысты. Барлығы 12 команда, жүзге жуық спортшы бақ сынады.

    Шараның салтанатты ашылуы Б. Соқпақбаев атындағы орталық саябақта өтті. Жарыстың құрметті қонақтары мен ұйымдастырушылар қатысушыларға сәттілік тіледі.
    «Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысуға барынша көп тарту – салауатты өмір салтын қалыптастырудағы басты мақсат. Бұл міндетті ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алға қойған болатын. Қалада спорт алаңдарын салу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде, кросс-фитпен шұғылданам деушілер үшін үйірме мен орталықтар ашылуда. Көптеген жастың кәсіби және әуесқой спортпен айналыса бастағанын көрудің өзі ғанибет! Оның үстіне республикалық турнир ұлтымыздың біртуар перзенті Дінмұхамед Қонаевқа арналып отыр. Ол кісінің өмірі мен еңбек жолы – бәрімізге үлгі. Бүгінгі республикалық турнирде жарысқа қатысушылардың лайықты өнер көрсетуін, төрешілердің әділ саралауын, ал көрермендердің қызықты және тартысты ойын тамашалауын тілеймін», – деді Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов.
    «Алматы облысында бүгінгі таңда 20 клуб жұмыс істейді, оның 3-еуі Қонаев қаласында. Онда балалар панкратион негіздерін меңгере алады. Әртүрлі жас санатындағы 2000-нан астам адам осы жекпе-жек түрлерімен айналысады. Үлкен жеңістер осындай турнирлерден басталатынын атап өткім келеді. Бұл қатысушылардың қай-қайсысы үшін спорттық тұрғыдан алға жасалған қадам. Олар кәсіпқой болған кезде Қонаев қаласында өткен турнирде қажетті тәжірибе жинақтап қайтқанын есіне алатын болады», – деді облыстық панкратион федерациясының президенті Талғат Ибрагимов.
    Айта кетер болсақ, панкратион – Грециядан бастау алатын ежелгі жекпе-жек түрлерінің бірі. Ұзақ уақыт бойы ол ұмытылып келгенімен, қазір кең өріс жаюда. Бүгінде бұл қатаң ережелері бар толыққанды спорт түрі саналады. Аталмыш спорт түрінен бокс, каратэ, ушу-саньда, тай-боксинг, таэквондо сынды жекпе-жек өнерінің бірнеше әдісін көруге болады.
    Жарыста 8 жастан 13 жасқа дейінгі спортшылар «Tradition» нұсқасы бойынша күресті. Онда аз жарақат алады және көптеген элементтерге тыйым салынады. Үлкен жігіттер «Панкратион – элита» нұсқасы бойынша бақ сынады. Жекпе-жек екі раундта өтті. 13 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер үшін 3 минут, жасөспірімдер үшін 4 минут берілді. Жарыс, шын мәнінде, тартысты әрі әсерлі өтті. Жеңіске үміткерлердің бірі – Омбыда өткен 2022 жылғы әлем кубогының күміс жүлдегері, панкратион бойынша ҚР үш дүркін чемпионы, Қонаев қаласының атынан қатысқан 14 жастағы Мейірман Жарылқасымов.
    «Мен 5 жасымнан бастап аралас жекпе-жекпен айналысамын. Тоғыз жыл жаттығу барысында көп нәрсені үйрендім, республикалық және халықаралық турнирлерде жеңіске жеттім. Енді мен 42 келі салмақта өнер көрсетемін, әрине, жаңа қарсыласпен жекпе-жекке шығып, оның техникасын білу, күшті және әлсіз жақтарын байқау – қызықты. Менің мақсатым – ересектер санатында әлем чемпионы болу және кәсіби жекпе-жекте өнер көрсету», – деді панкратионнан ҚР спорт шеберлігіне үміткер Мейірман Жарылқасымов.
    Тартысты өткен республикалық турнир қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-орын Қонаев қаласына, 2-орын алматылықтарға, 3-орын Талғар ауданының спортшыларына бұйырды.

    Алма ТОПАНТАЙҚЫЗЫ
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Балалар қауіпсіздігі мен су айдындарындағы тәртіп – бақылауда

    Балалар қауіпсіздігі мен су айдындарындағы тәртіп – бақылауда

    5 months ago
    Отансүйгіштік рухты көтеретін атаулы күн

    Отансүйгіштік рухты көтеретін атаулы күн

    2 years ago
    Алматы облысында «Таза Қазақстан» аясында ауқымды шаралар өтті

    Алматы облысында «Таза Қазақстан» аясында ауқымды шаралар өтті

    7 months ago
    Таутұлға ұлықталды

    Таутұлға ұлықталды

    1 year ago
    Ел сенімі –  ең үлкен құндылық

    Ел сенімі – ең үлкен құндылық

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>