[um_weather city="Қонаев"]
Бейсенбі, Қазан 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ата Заңым – айбыным!

    12.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ата Заңым – айбыным!
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Егер адамның құқығы мен бостандығы деген не деген сауалға ғылыми түрде жауап беретін болсақ, ол – жеке адамның дүниежүзі қауымдастығы мойындап, халықаралық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек келтірмейтін немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары деп айқындалады. Бұл – тұлғаның ортақ игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз қалауынша әрекет етуіне мүмкіндік беретін мемлекет пен халық арақатынасының принциптер жиынтығы.

    Адамзаттың дамуы барысында тұлғаның құқығы мен бостандығы мәселесіне ерте кезден көңіл бөліп келгенін байқаймыз. Атап айтқанда, адамзаттың бірінші ұстазы саналатын Аристотель адам құқықтарын табиғи және шартты деп екіге бөліп қарастырады. Ол жеке адамның құқықтарын мемлекет бекіткен шартты құқықтардан биік қояды. Бірақ өркениет дамуының барысында, атап айтқанда, орта ғасырда адам құқығы мен бостандықтары билеуші топтың жасаған рақымы, шапағат-ырқы ретінде түсіндіріліп келді. Кейіннен қоғамдық қатынастардың өркендеуінің жаңа сатысында дүниеге келген Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.Руссо, И.Кант, Т.Джефферсон, Т.Пейн сияқты философтар адам құқығы мен бостандықтарының басты қағидаларын белгілеп берді. Бұлар айқындаған құндылықтар бойынша барлық адам еркін де бақытты, қауіпсіз өмір сүруге, жекеменшік дүниесі болуға құқылы, ал биліктің бастауы – халық екендігі, өкіметтің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі болып бөлінуге тиістілігі көрсетілген.
    Еліміздің Ата Заңының алғашқы бабында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп жазылған. Мұндағы «Мемлекеттің басты байлығы – адам» деген тұжырым жайдан-жай жазылмағаны белгілі. Бұл – қоғамдағы барлық игіліктер мен бастамалар ең алдымен осы ада мүшін жасалынбақшы деген сөз.
    Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында (1948 жылы, 10 желтоқсан) адамның саяси және азаматтардың құқықтары жан-жақты айтылған. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Конституциясында «Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады» деп көрсетілген.
    Елімізде жеке тұлғаның бас бостандығы заңмен қорғалып, мемлекеттің жауапкершілігінде болады. Тәуелсіз Тұран төрінде ынтымақ-бірлікте өмір сүріп жатқанымыз, ең әуелі, осы құндылықтардың арқасы десек, қателесе қоймаймыз. Ең алдымен мемлекеттің өзі халықтан тұрады емес пе? Тиісінше халықсыз мемлекет те болмайды. Міне, сондықтан да мемлекет бірінші кезекте халықтың мүддесін қорғауға және оның жеке бостандығын, сондай-ақ құқығын қорғауға міндетті. Егер азаматтарының құқықтары мен бостандығын қорғай алмаса, оны жүзеге асыратын заңы болмаса, мұндай құрылымды мемлекет деп айтуға келмейді.
    Қарапайым адамдардың түсінігінде, құқық дегеніміз жазалау, соттау, құқықбұзушылық деген пікір қалыптасқан. Алайда құқық дегеніміз ең алдымен әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, өркениеттің дамуына негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармау керек. Осы жалпыадамзаттық өлшемдерді мойындай отырып, адам құқығы мен бостандығын ең жоғары құндылық санайтын Қазақстанда тұрып жатқанымыздың өзі бір ғанибет емес пе?!

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Ұсынымдар

    Алматы облысында әлеуметтік топтарға салық жеңілдіктері ұсынылды

    Алматы облысында әлеуметтік топтарға салық жеңілдіктері ұсынылды

    11 months ago
    Азық-түлік бағасын қымбаттатпау шаралары талқыланды

    Азық-түлік бағасын қымбаттатпау шаралары талқыланды

    2 years ago
    Аймақ дамуына жаңа серпін

    Аймақ дамуына жаңа серпін

    7 months ago
    АЛМАТЫ ЖӘНЕ ҚОНАЕВ

    АЛМАТЫ ЖӘНЕ ҚОНАЕВ

    1 year ago
    Ағайын құшақ ашқан күн

    ЖЫЛ БАСЫ КӨРІСУДЕН БАСТАЛАДЫ

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>