☀️
14°C
Қонаев
Жексенбі, Қыркүйек 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Маңызды кезең

    28.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Маңызды кезең
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

        Биыл Қазақстан халқын бір тудың астына біріктірген Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Осынау мерейлі мереке қарсаңында Балқаш аудандық кітапханасында «Ата Заң – мемлекет кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

    Балқаш аудандық кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған іс-шарада қатысушылар кезекпен сөз алып: «Конституция мемлекетіміздің жарқын болашағын анықтап, соның нәтижесінде елдіктің қазығы қағылып, қабырғасы қаланды. Шаңырағымыз биіктеп, босағамыз бекіді. Заңы кемелденген, саясаты орнықты, қоғамы тұрақты, сыртқы және ішкі геосаяси ахуалы қалыптасқан іргелі елге айналдық», – деп еліміздің тәуелсіздік алған жылдардағы жетістіктеріне баса тоқталып, өз ойларын ортаға салды.
    Басқосуда кеш қонақтары бүгінгі таңда елімізде қоғамдық тұрақтылық нығайып, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері алға басып келе жатқанын тілге тиек етті. Дүниежүзіндегі озық ойлы қағида жарғыларымен теңесетін Конституциямыз кең-байтақ еліміздің өркендеуіне жол ашқанын әңгімеледі. Шара барысында М.Сеңгірбаев атындағы орта мектептің 6-сынып оқушысы Қарақат Ысқақ «Отан» әнін орындап, мерекелік кештің көрігін қыздырды.
    Шын мәнінде, Ата Заң – әрбір қазақстандықтың құқығын қорғайтын, әділет пен теңдікті, мемлекет пен қоғам арасындағы келісімді бекітетін қасиетті құжат.
    Конституцияның 30 жылдығы – тәуелсіз Қазақстанның өткені мен бүгінін бағамдап, болашағын бағдарлайтын маңызды кезең. Бұл – еліміздің жаңғыруына жол ашқан тарихи құжаттың өміршеңдігін дәлелдейтін уақыт.

    Өз тілшіміз
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Агроөнеркәсіпті дамыту маңызды

    Агроөнеркәсіпті дамыту маңызды

    3 months ago
    Үздіктер үміті ақталды

    Үздіктер үміті ақталды

    1 year ago
    Әр баланың өз құқығы бар

    Әр баланың өз құқығы бар

    6 months ago
    Қонаев қаласында құрылыс 2 кезең бойынша жүргізіледі

    Қонаев қаласында құрылыс 2 кезең бойынша жүргізіледі

    2 years ago
    МӘМС: Студенттер сақтандырылған мәртебесін қалай алады?

    МӘМС: Студенттер сақтандырылған мәртебесін қалай алады?

    3 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>