-13 °c
Qonaev
Friday, September 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бірлік пен тұрақтылық кепілі

    28.08.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Бірлік пен тұрақтылық кепілі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

           Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойы аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми- сараптамалық топтың отырысы өтті. 

    Басқосуды ашқан Қоғамдық келісім және даму орталығы медиативтік келісімді үйлестіру бөлімінің басшысы Мәдина Надырбекқызы 1995 жылы қабылданған Конституция ел дамуының негізгі бағдары болып келе жатқанын атап өтті. Халық бірлігі мен тұрақтылығының кепілі саналатын Ата Заң мемлекеттің ең жоғарғы құқықтық күші бар Негізгі заңы екенін, оның елдің саяси, құқықтық, әлеуметтік және экономикалық жүйесінің негіздерін айқындайтынын тілге тиек етті.
    Отырысқа қатысушылар Конституция күніне арналған бейнеүзіндіні тамаша­лағаннан кейін сөз алған Қонаев қалалық аналар кеңесінің төрағасы Дәметкен Нүсіпбекова еліміздің ең басты құндылығы татулық пен тұрақтылық екенін айтып, бұл тұрғыда Ассамблея тарапынан атқарылып жатқан істер жайын әңгіме арқауына айналдырды. Сонымен бірге ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың қоғамдағы бірлік пен келісімнің ғылыми негіздерін талдап, Ассамблея құрылымдарының күнделікті жұмысына бағыт-бағдар беретінін жеткізді. Одан кейін облыстық прокуратураның экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың сақталуын қадағалау тобының басқарма аға прокуроры Сағынай Алпысбаев Конституция жайлы ой бөлісті.
    Келесі сөз педагогика ғылымдарының магистрі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің докторанты Әйгерім Төлепбергеноваға берілді.
    – Қазіргі Конституция мемлекет пен қоғамның дамуында тұрақтандырушы рөл атқарады. Конституциялық теорияның ғылыми әлеуетін көтеру – мемлекеттің алдына қойған стратегиялық бағыттарын шешуші басты мақсаттардың бірі. Бүгінде көптеген азаматты «Конституция бойынша өмір сүру дегеніміз не?» деген өзекті сұрақ толғандыратыны сөзсіз. Құқықтық тәрбие – бұл ұлттық маңызы бар мәселе. Құқықтық білім беру жүйесін дамыту және заң ғылымын нығайту мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың ажырамас бөлігі ретінде қарастырылады. Қазақстан Республикасы Конституциясын білу – мемлекеттік қызметке кіруге үміткер тұлғалардың кәсіпқойлық білімі мен дағдыларына қойылатын ең басты талаптардың бірі. Конституция тек заңгерлер мен мемлекеттік қызметкерлерге ғана қатысты деген сөз жоқ. Бұл – барлық Қазақстан Республикасы азаматтарына ортақ Негізгі заң. Оны бұлжытпай орындау үлкен жауапкершілік жүктейді, – деген педагогика ғылымдарының магистрі Конституцияны білудің маңыздылығына кеңінен тоқталды.
    Одан әрі әңгіме жібін сабақтаған Әйгерім Бекетайқызы ғылымның дамуына түрлі үлес қосатын ізденушілік жұмыстарда сол елдің халқының көзқарасы ескерілуі тиіс екенін, дамыған елдер тәжірибесі көрсетіп отырғандай, демократиялық қоғамның көзқарасы билікпен үндес болуы үшін ғылыми зерттеушілік ізденістер қажеттігін алға тартты. 30 жыл бұрын Ата Заңды дайындауға қатысқан ғалымдар еңбегінің қазірде ерекше бағаланатынын, ресми мәліметтерде құжатты талқылауға 3 млн 345 мың адам қатысып, жұртшылық тарапынан сарапталған 31 мың 886 ұсыныстың 1 мың 100-і Конституция жобасына енгізілгенін атап өтті.
    Келесі кезекте Қоғамдық келісім және даму орталығы этномәдени бірлестіктер бөлімінің жетекші сарапшысы Айымгүл Қадырменова ғылыми-сараптамалық топтың жанындағы жас ғалымдар клубының жұмысын жандандыруды және «Бірлігіміз – әралуандықта» жобасы аясында «Рухы берік, киелі мекен» атты экспедиция ұйымдастыруды ұсынды. Сонымен қатар жас ғалымдар тарапынан ҚХА-ның құрылу және даму тарихын, этносаралық қатынастардың қалыптасу кезеңдерін, бірлік пен қоғамдық келісім саласындағы мемлекеттік саясаттың нәтижелері туралы ғылыми мақалаларды монографиялық жинақ етіп шығарып, білім беру мекемелеріне тарату жайлы ұсынысын жеткізді. Шахит Лабазанов, Адам Бойсаев, Рисалят Нұранова сынды этнос өкілдері мен Қонаев қалалық аналар кеңесінің мүшесі Назым Сабазқызы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жайындағы пікірлерін ортаға салды.
    Жиынды қорытындылаған Мәдина Надырбекқызы этнос өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттырып, бірлік пен татулықты қамтамасыз ететін жүйелі ұсыныстарды тәжірибеге енгізу үшін жұмыс жүргізіле беретінін айтты.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Ұсынымдар

    Қарасай ауданында 700 шақырым жолға асфальт төселмеген

    Қарасай ауданында 700 шақырым жолға асфальт төселмеген

    2 years ago
    Ащысайдағы жаңа спорт кешені: Жаңа мүмкіндіктер мен жарқын болашақ

    Ащысайдағы жаңа спорт кешені: Жаңа мүмкіндіктер мен жарқын болашақ

    11 months ago
    Оқитын ұлт – озық ұлт

    Оқитын ұлт – озық ұлт

    12 months ago
    Ұлттық сапа орталығы: Облыстағы жол-құрылыс материалдарының үштен бірі талапқа сай емес

    Ұлттық сапа орталығы: Облыстағы жол-құрылыс материалдарының үштен бірі талапқа сай емес

    2 years ago
    Шахмат шеберлері жиналды

    Шахмат шеберлері жиналды

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>