⛅
10°C
Қонаев
Сейсенбі, Қазан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Кәсіпорын тынысымен танысты

    28.08.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Кәсіпорын тынысымен танысты
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Табиғи монополия субъек­тілерінің инвестициялық бағдар­ламаларын орындау барысында нысандарға арналған пресс-тур аясында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департа­мент басшысы Гүлмира Өтегенова
    «Ж. Қаскелең» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барды.

    Іс-шараға сондай-ақ «AMANAT» партиясы Қарасай аудандық филиалының төрағасы Қаныбек Айтжанов, ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Серік Рысмағанбет, кәсіпкер Рамиз Мурадов және басқа да қоғам белсенділері қатысты.
    Пресс-тур өткізу барысында қоғам өкілдері мен тұтынушыларға инвес­­тициялық бағдарлама аясында кәсіп­орында қандай жұмыстар атқарылып жатқанын түсіндіру мақсат етіп қойыл­ғанын айта кету керек.Мәселен, 2024 жылы сумен қамту қызметтері бойынша бекітіл­ген сома 27 млн теңгеден сәл асқан болса, нақты шығындар 30 млн теңгеден асып түскен. Жалпы инвестициялық бағдарламаның 82 пайызы Қаскелең қаласының су жүйелерін қайта жаңарту мен салуға бағытталған.
    Сонау 2017 жылы кәсіпорынға жеңілдікпен несие ретінде жалпы сомасы 335 млн теңгеден асатын қаржы 19 жылға берілген болатын. Бұл қаражат 30,6 км су құбырларын ауыстыру мен қайта құруға, тозуды және апаттық жағдайларды азайтуға бағытталған. Жұмыстар 2016-2017 жылдары жүзеге асырылған еді. Ұңғымалардағы сорғы жабдықтарын жаңғырту мен оларды қорғау құрал­дарымен жабдықтауға ерекше көңіл бөлінген. Жаңа сорғы жабдықтары «Рахат», «Оңтүстік», «ҚПУ», «Автопарк», «Сәукеле», «Дельфин», «Алтын ауыл» ұңғымаларында орнатылған.
    Қаскелең қаласынан Іле ауданына қарасты Боралдай ауылына дейінгі қысымды кәріз коллекторын ауыстыру және қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Барлығы 320 метр апаттық учаскелерге электрмен дәнекерленген болат құбырлар төселген. Сонымен қатар 15 құдық жапқыш плита орнатылып, 10 шойын қақпақ ауыстырылған. Кәріз сорғы стансасына (КСС-1) бір сорғы жабдығы орнатылған.
    Кәсіпорын директоры Жеңіс Бектасовтың айтуынша, инвестициялық бағдарламаның жоспары толығымен орындалған. Сондай-ақ, ол жобаларды іске асыру негізгі қорлардың тозуын 1 пайызға азайтуға мүмкіндік бергенін айтты. Тағы бір артықшылық – қызмет көрсетуге қатысатын негізгі құралдардың пайдалану мерзімі ұзарған және апаттар жыл сайын 0,01 пайызға төмендеген.
    2025 жылы инвестициялық бағдар­лама аясында сумен қамту қыз­меттеріне шамамен 28 млн теңге қарастырылған. Қаражаттың бір бөлігі 2017 жылы алынған несиені өтеуге, қалғаны Қаскелең мен Боралдай арасындағы қысымды кәріз коллек­торын ауыстыру мен жаңғырту, сорғы жабдықтарын жаңарту жұмыстарына бағытталады. Жеңіс Амангелдіұлының айтуынша, биыл шамамен он сорғы ауыстырылады. Бұл – су сапасының жақсаруына оң әсер етеді.
    Бүгіндері кәсіпорында 110 адам жұмыс істейді. Кеңестік дәуірде салынған ғимаратты жөндеп, аумақты абаттандырып, асфальттаған. Жыл сайын кәсіпорынның машина-трактор паркі жаңартылып отырады. Үш эксковатор, ассенизатор және апаттық қызмет көліктері сатып алынған.
    Басқосу барысында бұдан өзге де мәселелер қозғалды. Кәсіпорын директорының айтуынша, жер телім­дері бөлінгенде инженерлік желілерді тарту алдын ала ойластырылмайды, инфрақұрылым мәселелері шешілмейді, апаттарды жою және жөндеу жұмыстары кезінде жол жабындары бұзылады. Жұмыс аяқталған соң, кәсіпорын қызметкерлері жолды қалпына келтіруге тырысады, бірақ бұл шығындарға қаржы қарастырылмағандықтан, өз есебінен жасайды. Кездесу барысын­да Жаңатұрмыс ауылын ауызсумен, газ және электрмен қамту, тариф айырмашылықтары секілді мәселелер де қаралды.
    Кеңес соңында «Ж.Қаскелең» ЖШС-да су қызметтерін сапалы әрі уақытылы көрсетуге бағытталған жүйелі, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды. Сонымен қатар ұжымда мамандардың тұрақтылығы бар, бұл – жақсы көрсеткіш.
    Бұдан кейін Гүлмира Өтегенова мен басқа да қатысушылар су нысандарын аралап, инвестициялық бағдарламаның жүзеге асырылу барысын, халықты сумен қамтамасыз ету жұмыстарының жай-күйін көзбен көрді.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Әке өнегесі

    Әке өнегесі

    12 months ago
    Қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

    Қызылша емі – екпе

    2 years ago
    Бірыңғай уақыт белдеуі қай жағынан тиімді?

    Бірыңғай уақыт белдеуі қай жағынан тиімді?

    2 years ago
    БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

    БІЛІМ ГРАНТЫН ИЕЛЕНДІ

    3 months ago
    Әлеуметтік кодекстің мәні

    Алматы облысында 87 мыңнан астам адам әлеуметтік төлем алды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>