⛅
8°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Құқығыңды қорғай біл

    06.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Құқық-заң
    Құқығыңды қорғай біл
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Сіздің құқығыңыз бен мүдде­леріңіз бұзылса, онда сіз сотқа талап қоюшы ретінде шағымдана аласыз. Ол үшін жазбаша түрде арыз бересіз. Талап-арыз сотқа түскеннен кейін арыздың нысаны мен мазмұнына қолданылатын заң талаптары орындалуы міндетті. Болмаған жағдайда, талап-арыз қозғалыссыз немесе кемшіліктерді жою үшін кері қайтарылады.

    Егер сіз заңды білмесеңіз немесе басқа себептермен өзіңіз арыз жаза алмасаңыз, онда талап-арызды сіз үшін адвокат немесе сенімхат арқылы өкіліңіз жазып бере алады. Аталған арыз қолдан анық етіп жазбаша немесе компьютердің көмегімен басылуы мүмкін. Сот талқылауына дейін жауап беруші мен үшінші тұлға істің мәнін түсіну үшін оларда талап-арыз көшірмесі болу міндетті.
    Талап қоюшының құқығына келсек, ол іс материалдарымен танысу, олардан үзінді немесе көшірмесін алу, қарсылық білдіру, дәлелдер ұсыну мен оларды зерттеуге қатысу, іске қатысушы тараптарға сұрақ қою, қосымша дәлелдер талап ету үшін қолдаухат сұрау, іс бойынша ауызша және жазбаша түсініктеме беру, сот талқылауы барысында дәлелдер келтіру және сот жарыссөзіне қатысу болып келеді. Ал талап қоюшының міндеттері – процессуалдық құқығыңызды адал пайдалану, сот талқылауында тәртіпті сақтау, сот өкіміне бағыну және сотқа құрметпен қарау.
    Ал енді жауап берушіге келсек, сіздің үйіңізге белгілі бір адам келіп сотқа шақыру қағазын ұсынса, арызданушы өзінің құқығы немесе заң мүддесі бұзылды деп санаса, онда абыржымаңыз. Сіздің жауапкер ретінде өзіңіздің құқығыңызды қорғауға толық мүмкіндігіңіз бар. Демек, сіз талап қоюшының сотқа түсірген арызының көшірмесін алуға құқығыңыз бар. Онда талап қоюшының сізге қандай талап қоятыны, неге үмітенетіні туралы мәлімет болу керек. Әрі қарай өзіңіздің кінәңіздің жоқ екендігін негіздеп жазбаша түрде қарсылық бере аласыз. Сөйтіп, сіз жауап беруші ретінде қарсы талап-арыз келтіруге толық құқығыңыз бар екенін біліңіз.
    Қарсы талап-арыз дегеніміз, ол – жауап берушінің өзінің құқығы мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау жөніндегі сот талқылауы басталып, шешім шыққанға дейін сотқа берген арызы. Қарсы талап-арыз талап берушінің арызы шеңберінде өзара байланысы бар болуы керек. Егер сіз талап қоюшының арызына келіссеңіз, онда арызды мойындау, бітімгершілік келісім жасау құқығыңыз бар. Жауап берушінің міндеттері жоғарыдағы көрсетілген талап берушінің міндет­терімен бірдей болып келеді.
    Заң шеңберіндегі баптарға сүйеніп түсініктеме берсек, онда сотқа түскен талап-арыз ҚР АПК-нің 151-152-бабына сай талап-арызды қабылдаудан бас тартуға, талап-арызды қайтаруға, талап-арызды қозғалыссыз қалдыруға негіз болмаса, ҚР АПК-нің 14, 150-баптарын басшылыққа алып сот өндірісіне қабылданады. Талап-арыз бойынша азаматтық іс қозғалып, қай тілде берілсе, сол тілде сот ісін жүргізуге белгіленеді. Түскен азаматтық іс бойынша маңызы бар мән-жайлар мен тараптардың құқықтық қатынастарын анықтау үшін, әрбір тарап өз пайымдауларын негіздеу үшін, ұсынуға тиіс дәлелдемелерді анықтау үшін, іске қатысатын адамдар құрамы мен процеске қатысушылар туралы мәселені шешу үшін сот талқылауына дайындау мақсатында әрекеттер жүргізеді. Атап айтқанда, іс бойынша жауапкерге талап-арыз көшірмесін тапсыруға және талап-арызға пікір (қарсылық) білдіруді және өз пікірін (қарсылығын) негіздеуге дәлелдемелер беруге міндеттеу. Тараптарға жоғарыда көрсетілген құқықтарын, міндеттерін түсіндіреді. Содан кейін талап-арыз бойынша азаматтық іс сот талқылауына толық дайын болғаннан кейін сот отырысы тағайындалады. Тараптарға және процестің басқа да қатысушыларына істі қараудың орны мен уақыты туралы хабарланады. Азаматтық іс екі айға дейін қаралып бітуі керек.

    Бауыржан Әуелбеков,
    Райымбек аудандық сотының
    әкімшісі басшысы

    Ұсынымдар

    Қонаевта желкенді қайық спортынан Қазақстан кубогы басталды

    Қонаевта желкенді қайық спортынан Қазақстан кубогы басталды

    3 years ago
    Мемлекет басшысы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Құрбан айт мерекесімен құттықтады

    3 years ago
    Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі

    Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі

    3 weeks ago
    Облыс әкімі Қонаев қаласындағы құрылыс жұмыстарын тездетуді тапсырды

    Қонаев қаласының 55 жылдығы 6 күн қатарынан тойланады

    5 months ago
    Мұражай жетелейді біраз ойға…

    Мұражай жетелейді біраз ойға…

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>