⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Ақпан 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Дәстүріміз дәріптелді

    20.09.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Дәстүріміз дәріптелді
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

         Отбасы күніне орай Қарасай ауданындағы «Анаға құрмет» музейінде «Отбасы – бақыт мекені» атты іс-шара өтті. Музей меңгерушісі Гүлнар Әбіш ұйымдастырған кешке Райымбек ауылдық округі ардагерлер ұйымының мүшелері арнайы шақырылды.

    Отбасылық құндылықтарды, мәдени мұраны және ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтуға бағытталған шараның басты мақсаты – ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптардың жандануына атсалысу.
    Іс-шара барысында қазақ халқының байырғы заманнан келе жатқан дәстүрлерінің бірі – «Бесікке салу» рәсімі көрсетілді. Бұл ретте нәрестені бесікке бөлеу жолын Райымбек ауылдық округінің асыл аналары, өз бақыттарын еңбектен тапқан ардагер-ұстаздар, «Ана жүрегі» медалінің иегерлері Жібек Әділханова мен Құралай Әуелғазина ұсынды.
    Ақсақалдар батасын беріп, әжелер сәбиді бесікке бөлегеннен кейін «Дариға-ай, дәурен» ардагерлер ансамблінің көркемдік жетекшісі Балапан Нағыманова өзінің нәзік дауысымен бесік жырын нақышына келтіріп орындады. Иә, бесік дегеніміз – ғасырлар бойы ұлттың ұясы, тәлім-тәрбиенің қайнар көзі болған құндылықтардың бірі.
    Кеш соңында музей меңгерушісі Гүлнар Әбішке іс-шара өте жоғары деңгейде өткенін айтып, ризашылығымызды білдірдік. Жүздеріңіз күндей күлімдеп, жүректеріңіз жаздай жайнасын, жандарыңыз шаттыққа кенелсін демекпін.

    Леміс ӘБДІКЕРІМОВ,
    Райымбек ауылдық округі ардагерлер ұйымының төрағасы,
    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Қарасай ауданының тұрғындары газ бағасы қымбаттағанына наразы

    Қарасай ауданының тұрғындары газ бағасы қымбаттағанына наразы

    3 years ago
    Дәрігерлер үніне құлақ асты

    Дәрігерлер үніне құлақ асты

    2 months ago
    ТҰРАҚТЫ ӨСІМ БАР

    ТҰРАҚТЫ ӨСІМ БАР

    1 month ago
    Облыс әскерилері су басқан өңірден оралды

    Облыс әскерилері су басқан өңірден оралды

    2 years ago
    Жүз жыл бұрын соғылған қоңырау

    Жүз жыл бұрын соғылған қоңырау

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>