⛅
-23°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңалық пен жақсылық жаршысы

    25.05.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Жаңалық пен жақсылық  жаршысы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Бүгінде Мемлекет бас­шысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы ая­сында түрлі салада еңбек етіп жүрген еңбек адамда­рына ерекше көңіл бөлінуде. Осындай қарапайым, бірақ аса маңызды мамандық иелерінің бірі – Қарасай ауданы, Шамалған ауылының тұрғыны Роза Балжанова. Ол көп жылдан бері пошташы болып жұмыс істейді, ауыл тұрғындарына маңызды хат-хабарларды жеткізіп келеді.

    Роза Бейсенқызы Қарақалпақстан­ның орталығы – Нүкіс қаласында дүниеге келген. Әкесі Бейсен – бух­галтер, анасы Бағдагүл жеміс-консерві зауытында лаборант болып жұмыс істеген. Роза әкесінен – ұқыптылықты, нақты ғылымдарға деген сүйіспеншілікті, анасынан – тазалық пен тәртіпке деген ұмтылысты үйреніп өскен.
    Мектепті бітірген соң, Роза құрылыс компанияларының бірінде хатшы болып жұмыс істеді. Болашақ жары Амантай сол компанияда «КамАЗ» жүргізушісі болып еңбек еткен. Ол әдемі, ашық-жарқын мінезді қызға көзі түсіп, оны өмірлік жары етуге шешім қабылдайды. Осылайша олар шаңырақ көтеріп, 47 жыл бірге өмір сүріп келеді. Осы жылдар ішінде Жаратушы оларға бес бала, 20 немере сыйлады. Бұл көп жылғы отбасылық берекелі тірліктің жемісі десе болғандай.
    Отбасының тірегі Амантай аға өмір бойы көлік жүргізуші болып жұмыс істесе, Роза Бейсенқызы үй шаруашылығымен айналысып, балаларды тәрбиеледі. Бір кездері бау-бақша ісімен де айналысқан кездері болған.
    Шамамен ширек ғасыр бұрын олар тарихи Отаны – Қазақстанға көшіп келіп, Шамалған ауылына қоныстанды. Сол ауылда пошта саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан Марина Савчук есімді көршісі Розаны пошташы болуға шақырады.
    – Бұл ұсыныс маған қызықты болып көрінді. Бірақ бірден келіспей, алды­мен байқап көргім келетінін айттым. Ең басты уайымым жұмысқа икемім болмай қала ма деген қорқыныш еді. Менің ойымша, Марина мені жұмысқа шақырмас бұрын сырттай бақылап, мінезімді зерттеген секілді. Менің қандай адам екенімді білген соң ғана өз ұжымына қосылуға шақырды. Қалай болғанда да, мен бұл ортаға үйренісіп, жұмысымды жақсы көріп кеттім. Бұл менің мамандығыма ғана емес, өмірлік миссияма айналды. Жақында Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естеновтің Алғыс хатын иелендім. Бұл талай жылғы еңбегімнің ескерілгені деп білемін, – дейді Роза Бейсенқызы.
    Роза Бейсенқызы ауыл тұрғындарына жазылу арқылы таратылатын мерзімді басылымдарды, түрлі хаттар мен коммуналдық төлем түбіртектерін, сондай-ақ жаяу жүре алмайтын, төсекке таңылған жалғызбасты қарттарға зейнетақыларын жеткізеді.
    – Маған бұл жұмыста ең ұнай­тыны – адамдар. Мен хат, газет, зейнетақы апаратын жандар да, менің ұжымым да өте жақсы. Бір-бірімізбен тілдескен сайын, жақсы көңіл-күй алмасып отырады. Пошта қызметін тұтынушылардың көпшілігі – зейнеткерлер. Көбіне олардың балалары өскен соң өз жолдарын тауып, ата-аналары жалғыз қалады. Сол кезде мен олармен сөйлесіп, көңілдерін аулауға тырысамын. Олар маған батасын беріп, ақ тілектерін жаудырады. Сондай сәтте ерекше сезімге бөленемін. Президентіміз бұл жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялағанына да ерекше қуаныштымын. Қоғам мен мем­лекет еңбек адамына, қарапайым болса да аса маңызды мамандық иеле­ріне ерекше назар аударып отыр. Әрқай­сымыз өз орнымызда қоғамға, ел экономикасының дамуына, халықтың өмір сүру сапасының артуына үлес қосып келеміз. Мен осындай адамдардың қатарында болғаныма, халыққа пайдам тиіп жатқанына мақтанамын, – дейді кейіпкеріміз.

    Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Байланыс аясынан тыс жерде…

    Байланыс аясынан тыс жерде…

    2 years ago
    Өңір даңқын асқақтатқан өрендер

    Өңір даңқын асқақтатқан өрендер

    2 years ago
    Алматы облысында бір аптада 995 жаңа жұмыс орны ашылды

    Алматы облысында бір аптада 995 жаңа жұмыс орны ашылды

    12 months ago
    Тұрақтылық ең үлкен маңызға ие

    Тұрақтылық ең үлкен маңызға ие

    2 years ago
    Көршіңмен тату бол!

    Көршіңмен тату бол!

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>