☀️
2°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қазан 15, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Дәстүрім – дидарым

    11.10.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Дәстүрім – дидарым
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

          «Ауылым – алтын бесігім» жобасы аясында Кеген ауданының Мәдениет күні аталып өтті. Облыс орталығынан келген қонақтарды аудан әкімі Нұрбақыт Теңізбаев бастаған өңір азаматтары қошеметпен қарсы алды. Дәстүрлі әнші Ділмұрат Рақымқожа жырдан шашу шашты.

    «Қызырлы өлке – Кегенім» атты шарада сүндет той, баланы ашамайға мінгізу дәстүрінен көрініс көрсетіліп, ауыл ақсақалы Ұлан Нұрақынов ақ батасын берді. Кеген өзенінің жағасында дүйім жұрт қыз қуу, теңге ілу, аударыспақ, көкпар, қазақша күрес, асық ату сынды ұлттық ойындарды тамашалады. Бұл күні Мәдениет үйінің алдына тігілген ақшаңқай шатырларда ауылдық округтер мен аудандағы білім ошақтары, мәдени мекемелер ұлттық қолөнер туындыларының көрмесін ұйымдастырды. «Тарих тудырған тұлғалар» атты кітап көрмесі мен мұражай жәдігерлері де мерекеге жиналған көпшілікке таныстырылды.
    Ақ жаулықты әжелер табақ тарту, текемет басу, жүн сабау, көрпе жасау рәсімдерін көрсетсе, қолөнер шеберлері ат әбзелдері мен тұрмыс­тық бұйымдарын паш етті. Асты қадірлейтін қазақпыз ғой, қонақтарға дастарқаннан бауырсақ, қымыз, айран, құрт, ірімшік, жент, өрметөс, әсіп сынды ұлттық тағамдар ұсынылды.
    Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы, комиссия төрағасы, ҚР Мәдениет қайраткері Төлеужан Ғұмаров, облыстық халық шығармашы­лығы орталығының директоры Әнуар Үмбетәлиев, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблінің бас балетмейстрі Ғазиза Әбдиева, Қазақстан Жазушы­лар одағы Алматы облыстық филиалының төрағасы, ақын Ержан Тоқтар, ҚР Дизайнерлер одағы мүшесі, «Дәркембай ұста» атындағы қолөнер мұражайының директоры Дәулет Шоқпаров, Сүйінбай атындағы облыстық филармония директорының орынбасары Алмас Самалбекұлы бастаған әділқазылар алқасы көрмені аралап, аудандық мұражай қорындағы жәдігерлерді және жекелеген суретшілер мен Заманбек Нұрқаділов атындағы өнер мектебі оқушыларының туындыларына назар салды.
    Бұдан кейінгі шара Мәдениет үйінде жалғасты. Кеген халық театрының өнерпаздары режиссер Аршын Нұрбақыттың «Нұрғиса мен Мұқағали» атты поэтикалық қойылымын сахналады. Өңірдің Мәдениет күніне арналған мерекелік концерт алдында аудан әкімі Нұрбақыт Молдахметұлы шараға жиналған жұртшылықты құттықтады.
    – Бүгін елдігімізді, бірлігімізді айшықтайтын айтулы күнде бас қосып отырмыз. Мәдениет – адамзаттың рухани айнасы. Өнері өміршең, салт-дәстүрі сақталған, қойнауы құтқа, қамбасы дәнге, аспаны әнге толы қасиетті Кеген өңірінің мәдени және рухани тұрғыда түлеп жатқанына баршамыз куә болып отырмыз. Халқымызда «Туған жерге туың тік!» деген аталы сөз бар. Шынында да, әрбір адамның жүрегіндегі ең ыстық мекен – туған ауылы. Ол – бізге ана тілімізді, ұлттық құндылығымызды дарытқан алтын бесігіміз. Бүгінгі шара барысында әсем ән шырқалып, салт-дәстүріміз дәріптеліп, күмбірлеп күй төгілуде. Бұл – ауылдың рухани байлығының, өнерге, мәдениетке деген шынайы сүйіспеншілігінің белгісі, – дей келе, аудан әкімі батырлар мен ақындар, өнер тарландары, спортшылар көптеп шыққан бай өлкенің мәдениет саласындағы жеткен жетістіктерін тілге тиек етті.
    Мерекелік шара «Қызырлы өлке – Кегенім» атты өнер байқауына ұласып, ауданның мәдениет қызмет­керлері үлкен концерттік бағдарлама ұсынды. Концертте Құрманғазы мен Тәттімбеттің күйлері және жергілікті сазгерлердің әндері, ұлттық би орындалды. Айтыскер ақындар Сауытбек Расул мен Серікәлі Тұрдыәлінің сөз сайысы мерекенің шырайын аша түсті.
    Облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы, комиссия төрағасы Төлеужан Ғұмаров:
    – Жаймашуақ күнде өздеріңізбен жүздесіп жатқанымызға қуаныштымыз! Бұл күнді атап өту жыл сайынғы дәстүрге айналды. Мәдениет – бәрімізге ортақ дүние. Ұлттық құндылығымыз ұлықталып, салт-дәстүріміз салтанат құрып жатқаны қандай ғанибет! Кереге таулы Кеген өңірінің берекесі арта берсін! – дей келе, мерекелік шараны қорытындылады.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ

    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Былтыр 1414-ке 30 миллионнан астам қоңырау түсті

    1414 қызметі халықаралық деңгейде үздік деп танылды

    2 years ago
    Жаңа қаланың болашағы жарқын

    Жаңа қаланың болашағы жарқын

    8 months ago
    Алматы облысында “Аманаттықтар”  өңірлік жол картасын бекітті

    Алматы облысында “Аманаттықтар” өңірлік жол картасын бекітті

    2 years ago
    Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

    Ұстаздық ұлағат пен шәкірттік табыс тоғысқан ұя

    1 day ago
    Алдаспаны еді айтыстың

    Алдаспаны еді айтыстың

    2 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>