-13 °c
Qonaev
Sunday, June 8, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Заң бұзған коммуналдық мекемелер мен субъектілер жауапқа тартылды

    27.06.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Құқық-заң, Энергетика
    Заң бұзған коммуналдық мекемелер мен субъектілер жауапқа тартылды

    Фото: ult.kz

    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті су, электр қуаты және газ тарату қызметін көрсететін мекемелер мен жекеменшік субъектілерін жоспардан тыс тексеріп, бірқатар заң бұзушылықты анықтады. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

    Департамент дерегінше, тұрғындар мен заңды тұлғалардың шағымы бойынша жыл басынан бері «Сигма-ГАЗ» ЖШС, «ЖК Сервис» ЖК, «Есік су» МКК, «Таусамалы қызмет» МКК, «Іле су» МКК, «Балхашэнерго-1» ЖШС, «Аксу-2004» АӨК-не Кәсіпкерлік Кодексі және «Табиғи монополиялар туралы» заңның орындалуын сақтауы бойынша жоспардан тыс тексерулер өтті.

    Осыған байланысты, жыл басынан бастап «Сигма ГАЗ» ЖШС-не табиғи монополиялар туралы заңды бұзды деген айыппен жоспардан тыс 3 тексеру жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша 21 млн 158 мың теңге әкімшілік айыппұл салынған және заңсыздықты жою жөнінде нұсқау берілген.

    «ЖК Сервис» жеке кәсіпкерлігі уәкілетті орган бекіткен тариф бойынша қызмет көрсету міндетін орындамағаны анықталған. Бұған қоса ол суды уәкілетті орган бекіткен 1 текше метріне 80,80 теңгеден жеткізудің орнына 150 теңгеден жеткізген. Осының нәтижесінде «ЖК Сервис» 159,9 мың теңге заңсыз табыс тапқан. Сонымен қатар, «ЖК Сервис» 2021 жылы тұтынушылармен қызмет көрсету туралы жеке келісімшарт жасаспағаны, ал 2022 жылы жасасқан келісімшарттары уәкілетті орган бекіткен типтік келісімшартқа сай емес екені анықталып, 2091907 теңге әкімшілік айыппұл салынған.

    «Таусамалы» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорны сумен қамту және электр қуатын жеткізу қызметін уәкілетті орган бекіткен тариф бойынша көрсетпегені анықталып, 2394741 теңге әкімшілік айыппұл салынған.

    2019 жылдың 24 ақпанында «Ақсу-2004» АӨК Алматы облысы бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөлімінен шығарылды.

    Бұл ретте, «Ақсу-2004» АӨК Заңның 26-бабының 2-тармағы 1,3) тармақшасындағы көрсетілген нормаларын бұза отырып, 01.01.2019 жылдан бастап Еңбекшіқазақ ауданының шаруа қожалықтары үшін табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркеліміне енгізілмей және бекітілген тарифсіз арналар арқылы су беру қызметтерін ұсынды.
    Осылайша, ТМРК Алматы облысы бойынша департаменті ӘҚБтК-нің 164-бабының 3-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, сондай-ақ ӘҚБтК-нің 462-бабының 1-тармағымен негізсіз табысты айқындау үшін тексеру жүргізуші органға құжаттарды ұсынбауына байланысты «Ақсу-2004» АӨК-не қатысты 345 000 теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, ҚР заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізілді.

    Ал «Есік су құбыры», «Іле су» мемлекеттік-коммуналдық кәсіпорындары және «Балхашэнерго-1» жаупкершілігі шектеулі серіктестігінде заң бұзу әрекеті анықталмаған.

    Ұсынымдар

    Салық реформасы баршаға тиімді болуға тиіс

    “Не загнать в тень”: Авторы налоговой реформы о необходимости сбалансированного решения

    4 months ago
    Академиктің есімі ардақталды

    Академиктің есімі ардақталды

    1 year ago
    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    Жұмыла көтерген жүк жеңіл

    1 year ago
    Имандылық әліппесін үйренді

    Имандылық әліппесін үйренді

    10 months ago
    Алматы облысы әкімінің «Заңғар-2024» жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды

    Алматы облысы әкімінің «Заңғар-2024» жастар сыйлығына өтінім қабылдау басталды

    7 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>