Перейти к содержимому
Главная страница » Тең мүмкіндік алаңы

Тең мүмкіндік алаңы

      Есік қаласындағы Райымбек батыр атындағы орта мектепте ерекше білім беруді қажет ететін мектеп оқушылары арасында облыстық инклюзивті спорт фестивалі өтті. «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ұйымдастырылған жарыста барлық ауданнан келген 50-ге жуық спортшы бақ сынады. Үздік шыққан 18 қатысушы республикалық кезеңге жолдама алды.

Аталған жарысқа «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалы жанындағы әйелдер қанаты қолдау көрсетті. Фестиваль­­дің мақсаты – дос­тықты, өзара сыйлас­тықты және әлеумет­тік белсенділікті арттыру, қоғамда инклюзия қағи­датын насихаттау.
«Партия бастамасымен «Тең мүмкіндіктер» фестивалін үшінші жыл ұйымдастырып отырмыз. Бүгінгі алаңда қатысушылар бочча, жеңіл атлетика және эстафета сияқты спорт түрлерінен өз қабілетін көрсетті», – деген «AMANAT» партия­сы облыстық филиалы атқару­шы хат­шысының орынбасары Аслан Көбентаев жастардың ерік-жігері мен командада бір-біріне қолдау көрсетіп, бірлесе жұмыс істеуін ерекше атап өтті.
Жарыс соңында жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Командалық есепте бірінші орынды Еңбекшіқазақ ауданы алса, екінші орынды Қарасай, үшінші орынды Іле ауданы иеленді.
Ерекше қажеттілігі бар балалар­дың бойындағы ерік-жігер мен табандылықты оятатын мұндай фестивальдің берері мол. Ендеше, қараша айында Астанада өтетін республикалық жарыстан жерлес­теріміздің жеңіспен оралуына тілектеспіз.
Айта кетейік, «AMANAT» партия­сы «Халықпен бірге!» сайлау­алды бағдарламасын іске асыру аясында 2028 жылға дейін еліміздің әрбір елдімекенінде кем дегенде бір инклюзивті кабинет ашуды жоспарлаған.

Құралай Мұратқызы

Еңбекшіқазақ ауданы