☀️
4°C
Қонаев
Бейсенбі, Қараша 27, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өнер мектебі ашылды

    01.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Өнер мектебі ашылды
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Талғар ауданында өнер жолын таңдаған өскелең ұрпаққа жанашырлық етіп, қолдау көрсетіп келе жатқан қайырымды жандар баршылық. Солардың бірі – облыстық мәслихат депутаты, кәсіпкер Гүлжан Түсібиянова. Оның бастамасымен жаңа хореографиялық өнер және музыка мектебі ашылды. Осыған орай өткен салтанатты шараға облыстық мәслихаттың төрағасы Қуат Байғожаев, мәслихат депутаты Алтынғадас Жанат арнайы қатысты.

    Шарада алғашқы сөз алған облыстық мәслихат төрағасы Қуат Байғожаев көпшілікті өнер мектебінің ашылуымен құттықтады.
    – Гүлжан Нұрбекқызы – «ART SPORT EDU» жеткізушілер қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің құрылтайшысы, «ART ұрпақ» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту және қолдау қоғамдық қорының президенті, «Respublica» саяси партиясының мүшесі, педагог-хореограф және психолог. Ол мәдениет, спорт және білім беру саласындағы реформаны қолдай отырып, қоғам қайраткері ретінде белсенді жұмыс істеп келе жатыр. «Art Productions» деп аталатын өнер мектебін аша отырып, балалардың жарқын болашағына негіз қалап отыр. Баршаңызды мектептің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын! – деді Қуат Сұлтанұлы.
    Бұдан соң ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі, А.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің тәрбие жұмысы жөніндегі меңгерушісі Раушангүл Жаспанова министрдің депутат Гүлжан Нұрбекқызына жолдаған құттықтау хатын оқып берді. «Атамекен» ҰКП Талғар аудандық филиалының төрағасы Айдос Қалжанов және басқалар да балалар мен ата-аналарды, қала тұрғындарын өнер мектебінің ашылуымен құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін жеткізді.
    Шара барысында осынау өнер мектебінің салынуына үлес қосқан құрылыс компанияларының басшылары, кәсіпкерлер, «Даму» қорының өкілдерін марапаттау рәсімі өтті. Оларға Алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.
    Салтанатты шарадан кейін өнер ордасының ашылуына орай қызыл лентаны қию рәсімі өтті. Одан соң қонақтар ғимараттың ішін аралап көрді. Мұнда заманауи үлгіде жабдықталған хореографиялық залдар, вокалдық студиялар, бейнелеу өнері кабинеттері мен оқу сыныптары бар. Мектеп мемлекеттік шығармашылық тапсырыс бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Балалар хореография, вокал, домбыра, гитара, бейнелеу өнері, шахмат, тоғызқұмалақ, бес тас, тігін ісі, зергерлік өнер, визаж және оригами үйірмесіне тегін қатысады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға бөлек көңіл бөлінеді, олар үшін түзету орталығы жұмыс істейді. Өнер мектебінде ауданның дарынды балалары, сондай-ақ жақын маңдағы елдімекен жеткіншектері білім алатын болады. Ал Кеңдала сияқты шалғай ауылдардағы балалар үшін тегін тасымалдау ұйымдастырылған.
    Кездесу соңында өнер мектебі тәрбиеленушілерінің қатысуымен мерекелік концерт өтіп, олардың қолынан шыққан картиналар мен көркем туындылардың көрмесі өтті.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    ӘКЕ ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН

    ӘКЕ ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН

    4 months ago
    Үздік өнер көрсетті

    Үздік өнер көрсетті

    2 years ago
    Ермұрат Бапи: Газеттерге банкрот қаупі төніп тұр

    Ермұрат Бапи: Газеттерге банкрот қаупі төніп тұр

    3 weeks ago
    Талдықорған авиабазасына Сергей Луганскийдің есімі берілді

    Талдықорған авиабазасына Сергей Луганскийдің есімі берілді

    2 years ago
    Қазақ ғылымының алтын арқауы

    Қазақ ғылымының алтын арқауы

    2 weeks ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>