Перейти к содержимому
Главная страница » Еңбекшіқазақ ауданында «Құрмет пен қаһармандық – ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық акция өтті

Еңбекшіқазақ ауданында «Құрмет пен қаһармандық – ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық акция өтті

6654 әскери бөлімі мен Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімі бірлесіп, «Құрмет пен қаһармандық – ұрпақтар сабақтастығы» атты үш күндік республикалық акция өткізді.

Аталған іс-шара «Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру шеңберінде ұйымдастырылып, ел игілігі жолында ерлік көрсеткен ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан қызметкерлерінің ерліктерін дәріптеу, ардагерлер институтының беделін арттыру, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу және қоғамда заң мен тәртіп қағидаттарын ілгерілетуге бағытталды.

Акция аясында «Ардагерлер – ұрпақтар сабақтастығының негізі» атты республикалық семинар-кеңес өткізіліп, онда ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның ардагерлері жастармен кездесіп, қызметтік борышын абыроймен атқарған батыр әріптестері туралы тағылымды ойларымен бөлісті.

Сонымен қатар, қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылып, олардың ерлігіне тағзым етілді.

Іс-шара барысында бірқатар ардагерлер мен қызметкерлердің ел алдындағы еңбегі еленіп, алғыс хаттармен және марапаттармен марапатталды. Салтанатты жиыннан кейін патриоттық бағыттағы концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, мектептер мен жоғары оқу орындарында жастармен кездесулер өткізілді.

Акцияның негізгі мақсаты — жас ұрпаққа отансүйгіштік, батылдық және қаһармандық қасиеттерді дәріптеу, сонымен қатар ардагерлердің өмірлік тәжірибесін кейінгі буынға үлгі ету болды.

«Құрмет пен қаһармандық – ұрпақтар сабақтастығы» акциясы Еңбекшіқазақ ауданында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.