⛅
8°C
Қонаев
Бейсенбі, Наурыз 5, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ас атасын ардақтайық!

    29.11.2025
    in Барлық жаңалықтар
    Ас атасын ардақтайық!
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

         Тау мен далада тамырдағы қан бүлкіліндей болып толассыз аққан судың мол шағында-ақ атам қазақ «Судың да сұрауы бар» депті. Бабаларымыз біліп айтқан бұл сөзге кейінгілерден кім көп мән бере қойды дейсің? Тау мен тасты қақ жарған өзен мен бұлақ азаймастай көрінген. Қазір сол тартылған бұлақты, азайған өзенді, кенересі кепкен көлді көргенде: «Е, сұраусыз ештеңе жоқ екен ғой, құйсаң, аға береді дейтін, сүзілмейтін су да тапшы бола бастады», – деп айтып жүрміз. Енді ғана қадірін біліп, қайтпек керек деп біз ғана емес, төрткүл дүние су мәселесін жаппай қозғап жатыр. Бұл сусыз өмірдің болмайтынын дәйектейді.

    Иә, адамзат сусыз өмір сүре алмайды. Бірақ судан бөлек, адам үшін қоректік заттардың ішіндегі ең ұлысы нан болып есептеледі. Оның қасиеті де, қадірі де бөлек. Өзге тағам бірде жағып, бірде жақпаса, бабаларымыз «Нан адамды бұзбайды» деген екен. Бұл да айдай ақиқат. Нанның құдіреті туралы айтылатын қағидалы әңгімелердің астарында үлкен мән-мағына, ойыңа түйіп, санаңда ұстайтын тағылым-таным өте мол. Бір аңызда егіс басында жүрген диқандардың төбесіне оқжылан қадала берген көрінеді. Диқандар жалпақ кетпенін төбесіне қойса, оны да тесіп өтіп кетіпті. Кейін жұрт ақылдаса келе, жеті шелпек пісіріп, оны диқандардың төбесіне қойғанда, оқжылан тайқып кетіпті. Бұл да ас атасы нанның қасиетін ұқтырса керек.
    Осы ас атасының қадіріне, әсіресе, қалада тұратын сәулетті үйлердің тұрғындары жетіп жүрміз бе? Бұл сұрақтың жауабын іздеу қиын емес сияқты. Зәулім үйлердің ауласындағы қоқыс төгетін жәшіктерді төңіректесеңіз, ас атасының түр-түрін көресіз. Қоқыста шашылып жатыр. Туралған нанды былай қойып, «Нанның қоқымын басуға болмайды!» деп отыра қалып, қоқымды теретін қайран әжелеріміздің обал-сауапты алға оздырған кісілігі де бүгінде әдірем қалғандай. Бұл қасиет бізге неге жұғысты болмаған? Әлде бұл сондай ата мен әженің заманға қарай «жаңарып» кетуінен бе екен?
    Тұрғындармен тілдессең, «Беретін мал жоқ, қаңғыбастар алар, ит пен мысық жейтін шығар» деп алақандарын жаяды. Үнемдеп алып, ысырапшылыққа жол бермеу туралы ой айтсаң, оған да келтіретін дәлелдері, дәйектері, уәждері, үйіп-төгер сылтаулары жетіп-артылады.
    Қазаққа Тәңірім жермен бірге байлықты да берген. Қазіргі шалқыған дәулет те сол байлықтың бақ, бақыт болып оралуының бір көрінісі десек жарасар. Бірақ анау қилы замандарда сол байлық барымтада кетіп, небір қасіретті ұлтымыз бен жұртымыз көрудей-ақ көрді. Қайталап айтайық, қазіргі тірлік жақсы. Дегенмен, бес саусақтың бірдей еместігі секілді халықтың бәрінің төрт құбыласы түгел дей алмасақ керек. Бір үзім нанның қадірін біліп отырғандар жоқ емес, бар. Ол қалада да, ауылда да кездеседі.
    Нанның ысырапшылдығы қалтасы қалыңдардан шығып жатыр. Олар «Тоқтықтың аштығы болады» деген сөзді естерінен шығармаған жөн. Тіпті кейбір кер ауыздар нанды шөптен шыққан дейтінді болыпты. Шөп топырақтан өседі, адам да топырақтан жаралған демейтін бе еді? Дәулеттілерден қалған қоқыстағы нанды қалай қорғаймыз? Қазір сол қоқыс жанына пластикалық ыдыстарды бөлек жиятын арнайы тор жәшіктерді орнатып, сыртына ескертпелер жазып қойып жатыр. Тәңірім-ау, оған көз салатын, мән беретін үлкендер жағы болмаса, тойынғандар пысқырмайды да!
    Егер нан қалдықтарын салатын арнайы орын белгілеп, жинап алу жағын ойластырсақ, қалай болар екен? Бұған қоса, ас атасының қадір-қасиетін ұқтыратын түрлі іс-шараны қолға алсақ, ұлттық ұғымдарымдарызды қаулап өсіп келе жатқан ұрпақтың бойына сіңірсек, жақсы емес пе?! Көптеген шетелдік дастарқанына нан қоймайды. Ал біз нансыз тамақ ішпейміз. Ендеше, сол нанның қасиетін ұғып, ысырапшылыққа жол бермесек демекпін. Ысырапшылықты жоюдың жолын жұрт болып ойластырсақ та артық болмас еді. Бұл арада нанды қымбаттату арқылы осыны дұрыс жолға қоямыз дейтін қалталы сәуегейлер де табылып қалуы мүмкін. Біз кейбір азаматтардың нан қасиетін түсінбеуінің кесірі өзгелерге, әсіресе кем тірлікте күн кешіп жатқан отбасыларына тимеуін қалар едік.
    Нан қадірін білмейтіндер үнемшілдікті үйреніп, асып бара жатса, тұрмысы төмен отбасыларды қамқорлыққа алып, қарайласса, халықтық іс қалыпқа түсері хақ. Мейірім мен шапағаттың алтын ұясы қазақ жұртында болғаны арғы-бергі тарихты шын көңілмен парақтаған жанның санасына сәуле болып құйылары сөзсіз.

    Сүлеймен МӘМЕТ,
    Алматы облысының Құрметті азаматы

    Ұсынымдар

    Отбасы – от басу емес

    Отбасы – от басу емес

    7 months ago
    АЗАТ – елдің ақсауыты

    АЗАТ – елдің ақсауыты

    2 months ago
    Антарктидаға қала атауын айшықтаған

    Антарктидаға қала атауын айшықтаған

    4 months ago
    Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығын қорғау күшейтіледі – Динара Закиева

    Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығын қорғау күшейтіледі – Динара Закиева

    1 month ago
    Қарасай ауданында үш ауысымды мектеп саны кеміді

    Қарасай ауданында үш ауысымды мектеп саны кеміді

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>