⛅
-22°C
Қонаев
Сенбі, Қаңтар 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы

    29.11.2025
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік, Қоғам
    Жастар зорлық-зомбылыққа қарсы
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Ел көлемінде «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы өтіп жатқаны белгілі. Акция Талғар ауданында да бастау алып, орталық алаңға аудан жастары мен тұрғындар жиналды.

    Көпшілік алдында Талғар аудандық полиция басқармасы отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес бөлімінің бастығы, полиция майоры Арайлым Қасымбекова сөз алып, аталмыш акцияның маңыздылығына тоқталды.
    Полиция өкілінің айтуынша, өткен жылдың өзінде Талғар ауданында әйелдер мен балаларға қатысты 18 қылмыс тіркелген. Бұл сандардың артында талай отбасының тағдыры, үлкен үрей мен қорқыныш тұрғаны сөзсіз. Сол себепті де ол жауапкершілік тек полицияға ғана жүктелмейтінін ерекше атап өтті. Қоғам дабыл белгілерін дер кезінде байқап, қиын жағдайға тап болғандарға қолдау көрсетуі тиіс.
    Маңызды шараның ашылу салтанатына жиналған жастар бұл пікірге қолдау білдіріп, бәрі бірдей зор дауыспен: «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» – деп үн қосты.
    Алдағы уақытта акция аясында ауданда тұрғындармен кездесулер, тренингтер өтіп, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Еріктілер мен құқық қорғау қызметкерлері ақпараттық материалдар таратып, баннерлер орнатады, отбасылық кикілжіңдердің алдын алу және қиыншылыққа тап болғандарға қолдау көрсету бойынша да іс-шаралар қолға алынады.
    «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» республикалық науқаны 10 желтоқсанға дейін жалғасады. Талғар ауданында диалог алаңдарынан көрмелерге дейін 20-дан астам іс-шара жоспарланған. Бұл шараларды жүзеге асыруда әйелдер мен балаларды қорғау, жастар арасында өзара құрмет пен зорлық-зомбылықсыз орнықты қарым-қатынас мәдениетiн қалыптастыру басты назарда болады.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Тәуелсіз елдің тірегі – бірлік пен мызғымас тәртіп

    Тәуелсіз елдің тірегі – бірлік пен мызғымас тәртіп

    3 months ago
    Кеңесіп пішкен тон келте болмас

    Кеңесіп пішкен тон келте болмас

    9 months ago
    Qazaq Oxford Dictionary сөздігі таныстырылды

    Qazaq Oxford Dictionary сөздігі таныстырылды

    2 years ago
    ЕЛ ШЫРАЙЫ – ШЕКАРАДАН

    ЕЛ ШЫРАЙЫ – ШЕКАРАДАН

    6 months ago
    Қаламында қуат бар

    Қаламында қуат бар

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>