⛅
-1°C
Қонаев
Жексенбі, Желтоқсан 21, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы: Премьер-министр мемлекеттік органдардың жұмысын бақылауға алды

    04.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Үкімет, Экология
    Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы: Премьер-министр мемлекеттік органдардың жұмысын бақылауға алды
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.

    Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаевтың табиғатты қорғау іс-шараларын жүргізу, ағаш отырғызу, заңсыз қоқыс алаңдарын жою, ҚТҚ өңдеу жобаларын жүзеге асыру туралы баяндамасы тыңдалды. Сондай-ақ Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша сөз сөйледі.

    «Президентіміздің “Таза Қазақстан” бастамасы кең ауқымды жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Мәселе тек ағаш отырғызу және қоқыс тазарту туралы болып отырған жоқ. Табиғатты қорғау идеясына бүкіл қоғамды біріктіру, жайлы да таза қоршаған орта қалыптастыру ісіне әрбір адамның белсенді қатысуы – біздің жұмысымыздың басты нәтижесі болуға тиіс.

    Табиғи байлықты сақтау, ауа мен судың тазылығын қамтамасыз ету, ресурстарды ұтымды пайдалану – біздің алдымызда тұрған басым міндеттер. Мемлекет басшысының бастамасы бір күндік науқан емес, жаңа экологиялық мәдениетті, сондай-ақ азаматтарымыздың күнделікті өмір салтын қалыптастыруға бағытталған тұрақты жұмыс»,
    — деп атап өтті Премьер-министр Олжас Бектенов.

    «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында биыл республика бойынша 1 250 экологиялық іс-шара өткізілді, оның ішінде аумақтарды жинау, көгалдандыру және экологиялық ағарту жұмыстары жүргізілді. 2,8 млн-нан астам ағаш отырғызылды, 1 млн гектардан астам жер тазартылды, шамамен 800 мың тонна қалдық жиналды. Осылайша, «Таза Қазақстан» акциясының нәтижесінде коммуналдық шаруашылықтың жүргізіліп жатқан қызметімен бірлесіп қалалар мен ауылдарда 3,8 млн ағаш отырғызылды. Бүгінгі таңда 18 млн-нан астам ағаш отырғызылды, бұл Президенттің 2025 жылға дейін елді мекендерде 15 млн көшет отырғызу міндетіне жауап береді.

    Заңсыз қоқыс алаңдарын жою жұмыстары жалғасуда. Құқық қорғау органдарымен бірлесе 1 300-ден астам мобилді топ жұмыс істеуде. Биыл ғарыштық мониторинг арқылы 3 833 полигон анықталды, олардың 80%-ы жойылды. 165 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы 12,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды.

    Жыл басынан бері @TazaQazBot телеграмм-чат платформасы арқылы 24 мыңнан астам өтінім түсті, оның 23 мыңнан астамы орындалды.

    Келіп түскен өтініштердің дені аумақтарды тазарту (8524), тұрмыстық қоқыстарды шығару (1709), көшелерді абаттандыру (1675) және жолдарды жөндеу (1480) жұмыстарына қатысты.

    «Таза Қазақстан» бастамасындағы негізгі аспектілерінің бірі – қалдықтарды жауапкершілікпен өңдеу. Өңірлердің экологиялық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін 8 жаңа ҚТҚ полигоны пайдалануға берілді. Қалдықтарын жинау, сұрыптау және қайта өңдеу бойынша, оның ішінде кәдеге жарату алымынан түсетін қаражат есебінен жалпы құны шамамен 89,4 млрд теңгені құрайтын 22 инфрақұрылымдық жоба жүзеге асыру сатысында тұр.Тағы 40 жоба бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жалпы, Кешенді жоспарда қатты тұрмыстық қалдықтар бойынша 100 полигон салу көзделген.

    Сондай-ақ Ерлан Нысанбаев Астана, Алматы және Шымкент қалаларында 3 қоқыс өртеу зауытын салу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Биыл жалпы құны 293 млрд теңгені құрайтын инвестиция туралы тиісті келісімдерге қол қойылды. Сонымен қатар кәдеге жарату қаражаты есебінен құрамында тұрақты органикалық ластаушы заттары бар қалдықтарды басқаруға және сот шешімімен республикалық меншікке берілген иесіз қауіпті қалдықтарды жою көзделеді.

    Ұсынымдар

    Әжемді сағындым

    Әжемді сағындым

    5 months ago
    Туризм – табыстың қайнар көзі

    Туризм – табыстың қайнар көзі

    1 year ago
    Отан отбасынан басталады

    Отан отбасынан басталады

    8 months ago
    КӨКСЕҢГІР РУХТЫ  СЕРІК ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ

    КӨКСЕҢГІР РУХТЫ СЕРІК ӘБДІРАЙЫМҰЛЫ

    3 years ago
    Ұрпақ алдында ұяттымыз

    Газет тарихы тереңде

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>