-13 °c
Qonaev
Saturday, May 10, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    “Oceanman Kazakhstan – 2023” жарысы аяқталды

    10.07.2023
    in Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Спорт, Туризм және саяхат
    “Oceanman Kazakhstan – 2023” жарысы аяқталды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қапшағай су қоймасында ашық суда жүзуден «Oceanman Kazakhstan – 2023» халықаралық турнирі мәресіне жетті. Астананың 25 жылдығы құрметіне ұйымдастырылған жарыс 8-9 шілде күндері «Heaven club» демалыс базасында өтті. Бірнеше елден түрлі дәрежедегі спорт шеберлерінің, әуесқойлардың басын қосқан айтулы шара елімізде осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Ең алғаш 2015 жылы Испанияда басталған «Oceanman» жарысы бүгінде 15 мемлекетте тұрақты өтіп келеді.

    Жүзуді жаңа бастағандар, әуесқойлар мен кәсіпқой жүзушілер 10 шақырым, 5 шақырым бойынша жарысқа түсті. Жарыстың екінші күні мүмкіндігі шектеулі балалар 800 метр және 1,5 шақырымға жүзді.

    «Елімізге мұндай спорт шараларының қажет екеніне көзіміз жетті. Бізде бұған қажетті көрікті орындар, спортты сүйетін адамдар және қызығушылық бар. Ол түрлі елден әр жастағы мыңдаған адамның және әрқилы кәсіп иелерінің басын біріктіреді. Қазақстандықтардың біріншілікке белсенді үлес қосқанына қуанып отырмыз. Қапшағай су қоймасы мұндай ауқымды іс-шараларды өткізуге қолайлы – суы мөлдір, жағажайы таза, халықаралық әуежайға жақын. Қатысушылардың қауіпсіздігіне құтқарушылар мен бірнеше сүңгуір бас-көз болып жүрді, 24 жүзу құралы мен Төтенше жағдайлар министрлігінің 6 үлкен қайығы тартылды», – деді «Oceanman Kazakhstan» турнирінің ұйымдастырушысы Ералы Оспанов.

    Биыл жарысқа қатысушылардың саны былтырғыдан біршама артқан. Осының өзі «Oceanman Kazakhstan» халықаралық спорт шарасының елімізде қанатын кеңге жайып келе жатқанын аңғартады. Беделді бәсекеге 7-70 жас аралығындағы 8 жас дәрежесіндегі спортшылар өнер көрсетті.

    «Бұл жарысқа алғаш рет былтыр қатыстым. Биыл мұндай жарыстың басқа елдерде өткен үш кезеңіне қатысып, барлығында жеңіске жеттім. Әрине, дайындалмаған қатысушыға 5 немесе 10 шақырым қашықтыққа тоқтамастан жүзу қиын болады. Бірақ мен ашық суда жүзуден Қазақстан чемпионы әрі рекордсменімін. Бүгінде жаттықтырушы болып жұмыс істеймін және бүгінгі жарысқа бағын сынасын деп шәкірттерімді алып келдім», – деді 20-29 жас санаты бойынша 5 шақырымға жүзуден жеңіске жеткен Ришат Рачапов.

    Барлық қиындықтарға қарамастан, жарысқа 20 елден 1400 адам қатысуға ниет білдірді. Oceanmen жарыстарына бұған дейін осынша адам қатыспаған. Қатысушылардың көбі – қазақстандықтар. Биыл қазақстандықтар жарыстың алғашқы күні-ақ 13 алтын медаль иеленді. Әйелдер арасында ашық суда жүзуден Қазақстанның спорт шебері, Орта Азия ойындарының күміс жүлдегері Ирина Лазарева абсолютті есепте жеңімпаз атанды.

    Ұсынымдар

    «Халық қатысатын бюджет» аясында 20 аумақ абаттандырылады

    «Халық қатысатын бюджет» аясында 20 аумақ абаттандырылады

    2 months ago
    Ауылшаруашылығы құрылымдарына дизель жеткізетін операторларды айқындауға өтініш беру басталады

    Ауылшаруашылығы субъектілеріне дизель отынын жеткізу жөнінде өтініш қабылдау басталды

    2 years ago
    Бүгін Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің 100-інші саны жарық көрді

    Бүгін Алматы облыстық «Алатау арайы» газетінің 100-інші саны жарық көрді

    2 years ago
    Қазақстан президенті Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді

    Қазақстан президенті Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауда дауыс берді

    2 years ago
    Құжаты жоқтың құқығы да жоқ па?

    Құжаты жоқтың құқығы да жоқ па?

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.