🌫️
-1°C
Қонаев
Сейсенбі, Наурыз 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home БАҚ

    «САМҒАУ» МЕДИА СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

    18.12.2025
    in БАҚ, Барлық жаңалықтар
    «САМҒАУ» МЕДИА СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ
    0
    SHARES
    101
    VIEWS

    «САМҒАУ» МЕДИА СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЕРЕЖЕСІ

     

    1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    «Самғау» жүлдесі — облыстағы бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі — БАҚ) мен медиа саласының өкілдері арасында өткізіледі. Байқауды ұйымдастырушы — Алматы облысының ішкі саясат басқармасы.

    «Самғау» байқауы Алматы облысының дамуын ақпараттық қолдауға бағытталған облыстық ауқымдағы іс-шара. Байқауға Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық және өзге де өзекті мәселелерін жариялап жүрген штаттағы немесе штаттан тыс авторлар, өңірлік газеттердің редакциялары, телерадиокомпаниялар, шығармашылық бірлестіктер мен ақпарат агенттіктері қатыса алады.

    2. БАЙҚАУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

    Медиа саласы өкілдері арасында «Самғау» жүлдесін тағайындауға бағытталған байқау өңір тұрғындарын облыстың тыныс-тіршілігімен кеңінен таныстыру мақсатында ұйымдастырылады.

    1. Байқаудың басты мақсаттары:

    Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму үдерістерін жан-жақты көрсету;

    Тәуелсіздік жылдарындағы өңір жетістіктерін насихаттау;

    Сапалы әрі бәсекеге қабілетті бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау және дамыту;

    Заманауи медианың озық үлгілерін (блогинг, мобильді журналистика және басқалар) кеңінен дәріптеу.

    «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан», «Цифрлы Қазақстан», «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Адал азамат», «Еңбек адамы», ҚР Ішкі саясат қағидаларын бекіту туралы Президент Жарлығы және басқа да мемлекеттік бағдарламалар мен ұлттық жобаларды кеңінен насихаттау.

    2. Байқаудың негізгі міндеттері:

    Тәуелсіздік кезеңінде облыс қол жеткізген табыстарды, оның ішінде Алматы облысы бөлініп, өңір орталығы Қонаев қаласына көшірілгеннен кейінгі даму динамикасын ақпараттық және имидждік тұрғыда қолдау;

    Баспа және электронды БАҚ өкілдерінің шығармашылық әлеуетін арттыруға бағытталған рухани және материалдық ынталандыру тетіктерін қалыптастыру;

    Жергілікті журналистика саласында болашағынан үлкен үміт күттіретін жаңа есімдерді анықтау және олардың кеңінен танылуына қолдау көрсету.

    3. БАЙҚАУ ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

    Өтінімдер осы ереже ресми сайттар мен басылымдарда жарияланған күннен бастап, яғни 2025 жылдың 18 желтоқсанынан 2025 жылдың 22 желтоқсанына дейін қабылданады.

    Байқауға республикалық, өңірлік БАҚ-тарда, сайттар мен әлеуметтік желілерде 2025 жылдың 1 қаңтарынан 2025 жылдың 8 желтоқсанына дейінгі аралықта жарық көрген материалдар ғана жарамды болып есептеледі.

    Байқаудың биылғы жеңімпаздары «Самғаудың» келер жылғы сайысына қатыстырылмайды.

    Байқауға мемлекеттік тапсырыс аясында дайындалған материалдар қабылданбайды.

    3.1. Байқауға кімдер қатыса алады?

    Жеке ізденушілер — аймақтық және орталық БАҚ-та, облыстық, қалалық, аудандық мерзімді басылымдар мен телерадиокомпанияларда жұмыс істейтін журналистер (штаттағы және штаттан тыс қызметкерлер);

    Жазылушы аудиториясы кемінде 10К болатын блогерлер, қоғамдастық әкімшіліктері;

    Номинант ұсынылған материалдардың заңды құқықтарына толық жауапты. Номинант туралы ақпарат өтінімді толтыру кезінде қолданылған орфография мен пунктуацияны сақтай отырып жарияланады.

    4. Байқау атаулары

    Байқау негізгі және қосымша атаулары, сондай-ақ арнайы сыйлық бойынша өткізіледі.

    Негізгі атаулар:

    1. «Жылдың үздік журналисі» (ақпараттық мақала);

    2. «Жылдың үздік тележурналисі» (жаңалық сюжет);

    3. «Үздік желілік басылым»

    4. «Жылдың үздік республикалық телевизиялық тілшісі (репортаж, Алматы облысы туралы ақпараттық материал)»;

    5. «Жылдың үздік республикалық басылым тілшісі»;

    6. «Жылдың үздік аудандық немесе қалалық басылым тілшісі».

    Қосымша атаулар:

    1. «Үздік жас журналист»;

    2. «Үздік оператор» (бейнематериал);

    3. «Жылдың үздік фототілшісі» (фоторепортаж);

    4. «Жылдың дизайнері»;

    5. «Үздік блогер (Алматы облысы туралы пост)»;

    6. «Үздік мобилограф»;

    7. «Жылдың үздік медиа менеджері».

    Арнайы сыйлық

    «Үздік ақпараттық серіктес»

    5. КОНКУРС МАТЕРИАЛДАРЫН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ

    1. Байқау бір кезеңде өткізіледі.

    2. Тіркелген баспасөз және электрондық БАҚ-та 2025 жылдың 1 қаңтары мен 2025 жылдың 8 желтоқсаны аралығында эфирге шыққан немесе БАҚ бетіне жарияланған бір автордың 3 (телеарна үшін 2 сюжет, 1 арнайы репортаж, басылымдар үшін 3 ақпараттық–сараптамалық және талдау мақаласы, блогерлер үшін 3 пост, 3 бейнеүзінді) материалы ұсынылуы тиіс.

    3. Берілген материалдардың біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау үшін ұйымдастырушылар әділқазылар алқасын құрып, бекітеді. Қазылар алқасы тиісті біліктілік талаптарына сәйкес материалдарды сараптамалық бағалау әдісімен саралайды.

    6. БАҚ МАТЕРИАЛДАРЫН БАҒАЛАУ ӨЛШЕМДЕРІ (1-ден 5 баллға дейін):

    Ұсынылған номинацияға сәйкестігі;

    Мәселенің әлеуметтік маңызын азаматтық тұрғыдан көрсету шеберлігі;

    Материалды ұсынудағы жаңалық және ерекшелік, кәсібилік пен публицистикалық шеберлік;

    Жарияланым сапасы (тұжырымдар, цифрлар, фактілер) қаралады.

    Фото суреттердегі арнайы эффектілер 30%-дан аспауы керек, авторлық құқық бұзылмауы қажет.

    7. БЕЙНЕМАТЕРИАЛҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ТАЛАПТАР:

    Файлдың көлемі: 25 ГБ-қа дейін;

    Форматы: mp4;

    Видеокодек: H264 (MainConcept);

    Битрейт: 3 600—10 000 kbps аралығында;

    Ажыратымдылығы: 1280×720 немесе 1920×1080;

    Кадр жиілігі (framerate): 25 кадр/сек;

    Кілттік кадр (keyframe): әр 25-кадр сайын.

    материалдар MP4 форматында, full HD сапада болуы тиіс;

    бейнематериалдардың ұзақтығы хрономитражға шектеу жоқ;

    фотоматериалдардың ажыратымдылығы кемінде 2398×3602 пиксель болуы керек.

    8. БАЙҚАУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ

    1. Байқауды үйлестіру ұйымдастырушыға жүктеледі.

    2. Ұйымдастырушы байқауды өткізу кезінде деректер базасын әзірлеп, оның ішіне, байқауға қатысушылардың жіберген жұмыстарын, байқауға қатысушылардың тізімін, байқау жеңімпаздарының тізімін енгізеді.

    3. Ұйымдастырушы жұмыс барысында осы ережені басшылыққа алады.

    9. БАЙҚАУДЫҢ ҚАЗЫЛАР АЛҚАСЫ

    1. Конкурстық жұмыстарды бағалау үшін ұйымдастырушы қазылар алқасын құрады.

    2. Қазылар алқасы ізденушілер ұсынған материалдарды қарайды, саралайды және сараптамалық бағалау жасайды.

    3. Қазылар алқасының құрамына конкурстың ұйымдастырушысынан бөлек, қоғамдық журналистік ұйым өкілдері, республикалық және аймақтық БАҚ басшылары, ғылым және қоғам қайраткерлері, байқаудың демеушілері (әріптестері) кіреді.

    4. Қазылар алқасы байқау ұйымдастырушысы тарапынан бекітіледі.

    5. Қазылар алқасының мүшелері байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысуы тиіс.

    6. Қажет болған жағдайда қазылар алқасы әр номинация бойынша қосымша талаптар қоюы мүмкін.

    10. БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫН ЖАРИЯЛАУ

    1. Қазылар алқасы конкурстың қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтайды. Марапатқа лайық материалдар болмаған жағдайда, қазылар алқасы жүлделі орын бермеу жөнінде байқау ұйымдастырушыларына ұсыныс жасауға құқылы.

    2. Ресми қорытындыларды шығару және жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттау 2025 жылдың 25-30 желтоқсаны аралығында өтеді.

    3. Ресми марапаттау салтанатына жүлделі орын алған журналистер, журналистік ұжымдар, қазылар алқасының мүшелері, ұйымдастырушылар мен демеушілер, мемлекеттік органдардың, іскер, академиялық және журналистік топтардың өкілдері қатысады.

    4. Қазылар алқасымен анықталған байқаудың жеңімпаздары дипломдармен, мүсіншемен және ақшалай сыйақымен марапатталады.

    11. БАЙҚАУҒА МАТЕРИАЛДАРДЫ ҰСЫНУ ШАРТТАРЫ

    1. Байқауға қатысу үшін белгіленген мерзімнен бұрын немесе кейін жарияланған материалдар, сондай-ақ бұған дейін жарық көрген материалдардың көшірмелері (қайта басылымдары) қабылданбайды. Ұсынылған материалдар коммерциялық сипатта болмауы қажет.

    2. Байқау материалдары (портфолио түрінде) мына электронды мекенжай бойынша жолданады: almobl.uvp.smi@mail.ru

    3. Байқау жұмыстарының тілі — қазақ, орыс немесе ағылшын.

    4. Ұсынылатын құжаттар:

    Байқау өтінімі (1 қосымша);

    Жеке куәлік көшірмесі;

    Өмірбаяны;

    Білімін растайтын диплом немесе сертификат;

    Жұмыс орнынан анықтама;

    Жетістіктері (Алғыс хат, грамоталар, мемлекеттік наградалар);

    Аталым бойынша жұмыс материалдары (2-қосымша)

    5. Байқауға ұсынылған материалдар рецензияланбайды және кері қайтарылмайды. Бұл материалдар толығымен немесе ішінара бұқаралық ақпарат құралдарында, облыс әкімдігінің ресми сайтында және басқа да ресурстарда жариялануы мүмкін.

    Қосымша сұрақтар бойынша телефон: +7 747 786 0557; +7 705 454 3596 (Алматы облысының ішкі саясат басқармасы).

    1 – қосымша

     

    Өтінім

     

    1. Үміткердің аты–жөні
    2. Номинация
    3. Қала, аудан атауы  
    4. Туған күні, айы, жылы, ЖСН  
    5. Жетістіктері  

    2-қосымша

    Жұмыс материалдары:

    Аты–жөні Номинация атауы Материал тақырыбы Жарияланған күні Қысқаша сипаттамасы Сілтемесі
               
               
               

    Ұсынымдар

    Өміршең идеялар ұсынылды

    Өміршең идеялар ұсынылды

    1 month ago
    Батырларымыздың рухымен!

    Батырларымыздың рухымен!

    1 year ago
    Теңге Конституцияда қорғалуға тиіс – Нұртай Сабильянов

    Теңге Конституцияда қорғалуға тиіс – Нұртай Сабильянов

    4 weeks ago
    Қонаевта жаңа сквер ашылды

    Қонаевта жаңа сквер ашылды

    5 months ago
    Мектебімді қимаймын

    Мектебімді қимаймын

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>