🌡️
2°C
Қонаев
Дүйсенбі, Желтоқсан 29, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Үш ауыз сөз

    27.12.2025
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Үш ауыз сөз
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Ғылым дамып, технология қанша жерден қарыштап кетсе де, адамның рухани өмірі әрдайым бірінші орында тұруы тиіс. Өйткені адам баласы тек қана тән мен ақылдан тұрмайды. Адамда жан, рух сияқты көзге көрінбейтін құндылықтар бар. Адамның жаны байыз тауып, көңілі шаттанатын басты мекені – ол өзінің шаңырағы, отбасымен ғұмыр кешетін үйі. Сондықтан қоғамды қалыпқа келтіруді мақсат еткен әрбір жан, ең алдымен, өз үйіне қамқор болуы қажет.

    Қазақ отбасындағы рухани тәрбиенің негізі ғасырлар бойы «ұят болады», «обал болады» және «жаман болады» деген үш ауыз сөзге сыйып келген. Бұл үш сөздің түп-төркіні Ислам шариғатымен тығыз байланысты.
    «Ұят болады» деген тыйым баланың әдепсіз сөйлемеуіне, киім киісінің ерсі болмауына тікелей әсер етеді. Бұл қағиданың мақсаты – балаға кішкентайынан істің ақ-қарасын ажыратып, ар-ұятты сақтауды үйрету. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) айтқандай, Ислам дінінің басты мінезі – ұят.
    Екінші маңызды ұғым – «обал болады». Бұл сөз балаға ысыраптың не екенін білдіру мақсатында қолданылады. Суды шашып-төкпеу, тамақты қалдырмай ішу, нан қиқымын қастерлеу – осының бәрі обал ұғымынан бастау алады. Бүгінде аз кездеспейтін ас-судың, әсіресе нанның қоқысқа тасталуы берекенің кетуіне себеп болатынын ұмытпағанымыз жөн. «Ішіңдер, жеңдер, бірақ ысырап етпеңдер» деген Құран аяты әрбір отбасының басты қағидасы болуы тиіс.
    Үшінші қағида – «жаман болады». Бұл сөз қазақтың сан алуан тыйым сөзінің негізі. Малды теппеу, күлді шашпау, түнде тырнақ алмау және бейуақытта ұйықтамау сияқты тыйымдардың астарында тек рухани ғана емес, физикалық және гигиеналық маңыздылық жатыр. Мысалы, екі кештің ортасында ұйықтаудың адамды мең-зең ететіні дінімізде де ескертілген. Бұл қарапайым ережелер баланың бойында тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастырады.
    Рухани тәрбиенің жемісті болуының басты шарты ретінде ана тілін айналып өте алмаймыз. Тәрбие мен насихат балаға өз ана тілінде түсіндірілгенде ғана ол өтімді әрі сіңімді болады. Өзге тіл араласқан жерде тәрбиенің әсері бәсеңдейді. Егер әрбір қазақ шаңырағы өз ана тілінде сөйлеп, ұрпағын ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелесе, қоғамда қылмыс азайып, келеңсіздіктер орын алмайды. Демек, отбасындағы рухани тәрбие – ұлт болып сақталуымыздың басты кілті.

    Асылы ОСМАН,
    Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

    Ұсынымдар

    Жастарды қолдауға арнайы “Zhas project” гранты бөлінеді

    Zhas Project жобасына өтініш қабылдау басталды

    2 years ago
    Жұмыссыздық мәселесі қалай шешімін тапты?

    Жұмыссыздық мәселесі қалай шешімін тапты?

    1 year ago
    Ерлік сабағы

    Ерлік сабағы

    1 year ago
    Қолына қыран қондырған

    Қолына қыран қондырған

    1 year ago
    Мақсат – тұрғын үймен қамту

    Мақсат – тұрғын үймен қамту

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>