[um_weather city="Қонаев"]
Сейсенбі, Қаңтар 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өміршең идеялар ұсынылды

    21.01.2026
    in Барлық жаңалықтар, Лебіз
    Өміршең идеялар ұсынылды
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    Бүгінде Ұлттық құрылтай – ұлттық идеологияны қалыптастырып, оны
    бекемдейтін алаңға айналғаны анық. Қызылорда төрінде өткен Ұлттық
    Құрылтайдың V отырысында Қазақстанның саяси реформасындағы маңызды
    кезең болды. Бұл жерде тек күн тәртібіндегі әлеуметтік-экономикалық
    мәселелер ғана емес, сонымен қатар билік құрылымындағы түбегейлі
    өзгерістер, басқарудағы қоғамдық диалогтың рөлін күшейту және жаңа
    мемлекеттік институттарды енгізу талқыланды. Мен жаңа Парламентке
    Құрылтай атауының берілуін, Вице-президенттің тағайындауы және елдің
    дамуының ең маңызды мәселелері бойынша тұрақты және кең қоғамдық
    диалог үшін жаңа платформа ретінде халық кеңесінің құрылуын аса
    маңызды шешім деп бағалар едім.
    Құрылтайда көтеріліп жатқан мәселелердің ішінде әсіресе маған ұнағаны –
    мәдениет пен өнер, тіл, кино және халқымыздың аса бағалы рухани-мәдени
    құндылықтарын ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу
    мәселелері. Олар ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Өйткені ол мәселелер –
    ұлттың жаны және халықтың тілі тәрізді. Құрылтайда Мемлекет басшысы
    Қасым-Жомарт Тоқаев Абай ілімінің ұлттық болмысымыздың өзегі екенін
    атап өтіп, Ұлы ойшылдың «Қара сөздерін» және Әл-Фараби, Ясауи ілімдерін
    ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» деректі мұралар тізіміне енгізу қажет екенін
    жеткізді. Бұл аса көңілге қонымды пайым. Өйткені біздің Абай – адамзат
    ақыл ойының көкжиегін кеңейткен тұлға.
    Қысқасы, құрылтай қазақтың жадынан өшпеген, тарихтың тереңінен жеткен
    қасиетті ұғым. Ол ел басына күн туған шақта, жер тағдыры таразыға
    түскенде, жұрттың жадын бір арнаға тоғыстырған ұлы кеңес. Қазір уақыт
    басқа, талап басқа. Бірақ мәселе сол – ел болу. Құрылтайдың қадірі – көптің
    сөзін тыңдауда. Президент пәрменімен бекіген Сыр өңірінде өткен бесінші
    құрылтай ел үмітін айтулы өзгерістерге бастайтын жолды айқынды деген
    ойдамын.

    Смағұл Елубай,
    Қазақстанның халық жазушысы

    Ұсынымдар

    Энергия тапшылығы сезілуде

    Болашаққа батыл қадам

    1 year ago
    Энергетика саласының ардагері

    Энергетика саласының ардагері

    8 months ago
    Ұлан сарбазға айналды

    Ұлан сарбазға айналды

    9 months ago
    Әкімдер сайланды

    Әкімдер сайланды

    2 years ago
    Қонаев қаласында 30 дауыс беру учаскесі жұмысын бастады

    Референдум: 6 млн 339 мың адам дауыс берді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>