⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Ақпан 25, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Өмір жолы – өнеге

    24.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Өмір жолы – өнеге
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

           Райымбек ауданындағы К.Байшығанұлы атындағы орта мектептің «Даңқ» залында еңбек ардагері Анаят Танабаевтың өнегелі өмірін жас ұрпаққа насихаттауға арналған тағылымды шара өтті.

    Қызылшекара кеңшары кезінде ақтылы қой өсіріп, мемлекет эконо­микасының өркендеуіне лайықты үлес қосқан іргелі шаруашылық болатын. Жаздың аптап ыстығы мен қытымыр қыстың қыспағына қажыр-қайратын қарсы қоя білген еңбекқор жандардың қатарында Анаят Нұрәлімұлы да бар еді. Озат шопанның ел ырысын еселеу жолындағы ерен еңбегі «Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен, түрлі дәрежедегі төсбелгілермен бағаланды.
    Анаят Танабаевтың тағы бір ерекше қасиеті – сөз өнерін қастерлеп, халық даналығынан туған асыл мұраларды көпшілікке кеңінен насихаттап, шешен­дік өнерді қастер тұтқандығы. Батагөйлік дәстүрді қалыптастырып, тәлім-тәрбиенің, үлгі-өнегенің қайнар көзіне айналдыра білгендігі. Ғұмырын ғибратпен әспеттей білген абзал жанды жерлестері осындай ерекше қасиеттері үшін тіршілігінде құрметтеп, өмірден өткен шағында да емірене еске алатыны сондықтан.
    Кеш шымылдығы Ақжол Өмірғали, Нұржан Тұрсын сынды мектеп оқушылары сахналаған әсерлі қойылыммен ашылды. Даланың даналығын бойына сіңірген қария бейнесі мен бүгінгі ұрпақ арасындағы өміршең байланысты шебер сомдап, көрерменге өнеге мен өсиеттің құнды­лығын ұғындырды. Келесі кезекте Еңлік Зікірия, Кәусар Шәкен, Рауан Әлғожа, Балнұр Нұрқанатқызы еңбек ардагерінің «Ұрпаққа мұра» кітабындағы өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Балалардың орындауындағы ақ баталары да көптің көңілін толқытты.
    Немересі Айбол атасының тер­месін домбырамен тебірене орын­дады. Қызылшекараға арнаған өлеңіне Еркін Серікұлы дейтін өнерлі азамат көзі тірісінде ән жазып қалдырған екен. Сол әнді осы ауылдың перзенті Ербол Жұмақанов шырқап, тыңдарманды әсерге бөледі.
    Мектеп директоры Нұрбақыт Шәкенов, ауылдық ақсақалдар алқа­сының төрағасы Тұрсын Нүсіп, еңбек ардагері Гүлбара Бәшебаева, зейнеткер ұстаз Сағындық Сыдықов сөз сөйлеп, кеш кейіпкерінің қайырым­дылығы мен еңбексүйгіштігін, елге жасаған қамқорлығын еске алды.
    Анаят ағаның зайыбы, бүгінде 80 жастың сеңгіріне аяқ артқан Шолпанхан апа мен баласы Қанат осындай ұлағатты шараны ұйымдастырып отырған мектеп ұжымына, ұстаздар мен оқушыларға жүрекжарды алғыстарын жеткізді. Кеш барысында Анаят Танабаевқа арналған ескерткіш-тақтаның лентасы қиылып, шымылдығы сыпырылды. Осылайша, ерлік пен еңбекті, адами құндылықтарды ұлықтайтын «Даңқ» залы ұрпаққа ұлағат болар тағы бір құнды жәдігермен толықты.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Әкімдер сайланды

    Әкімдер сайланды

    2 years ago
    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян мәдени-гуманитарлық байланыстар туралы пікір алмасты

    Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян мәдени-гуманитарлық байланыстар туралы пікір алмасты

    3 months ago
    Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

    Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

    6 days ago
    Жас балуандар жетістігі

    Жас балуандар жетістігі

    1 month ago
    Қазақ тазысын әлем жұрты тамашалайды

    Қазақ тазысын әлем жұрты тамашалайды

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>