☀️
6°C
Қонаев
Сенбі, Наурыз 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қарадаладағы игі іс

    14.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Қарадаладағы игі іс
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қарадала жұртшылығы үшін тағы бір қуанышты жаңалық болды. Аудан орталығы Шонжы ауылында жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік жүре бастады.

    Жыл сайын аумағы кеңіп, халық саны артып келе жатқан аудан орталығы тұрғындарының көптен бергі сұранысы да осы қоғамдық көлік еді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, елді мекендерді көлікпен қамту, жол және қоғамдық транспорт саласын дамытуға айрықша мән беріп келеді. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «Әрбір қазақстандықтың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – біздің басты міндетіміз. Бұл бағытта тұрғындарды сапалы жолмен, қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету – маңызды басымдықтардың бірі» – деп атап өткен болатын. Қарадаладағы игі іс соның нақыт дәлелі болды.

    Орталық алаңда осындай көптен күткен жағымды жаңалықтың куәгері болғысы келген халықтың қарасы көп болды. Ауыл ақсақалдары мен атқамінер азаматтар да осы шараның басынан табылды. Аудан әкімі Бота Елеусізова құттықтау сөз сөйледі. Бота Серікқызы өз сөзінде бұл бастама ауыл тұрғындарының ауыл ішіндегі қатынасын жеңілдетіп, күнделікті тұрмыс-тіршілігін айтарлықтай қолайлы ететінін атап өтті. Сондай-ақ бұл жұмыстардың барлығы халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған маңызды қадам екенін жеткізді. Бұл жұмыс ары қарай да өз жалғасын табатынына сендірді.

    Батаны бас істің бастауы көретін бабалардың аманатына сай ақсақалдан бата сұралды. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ербол Нұрсейітов атамыз келісті батасын беріп, ауданымыздың, еліміздің өркендей беруін Жаратқаннан тіледі. Қазыналы қарттың батасынан соң барлық қоғамдық көлік жүргізушілері өз көліктеріне отырып, алғашқы жолсапарларына аттанып кетті.

    Қоғамдық көлік таңғы 06:30-дан кешкі 21:00-ге дейін тұрақты түрде қатынайды. Жолақы құны да бекітіліп қойған. Қалтаға аса салмақ та салмайды. Жолаушылар үшін 110 теңге болса, балаларға 60 теңге болып белгіленген. Арнайы жол жүру куәліктері арқылы да болашақта жолаушыларды тасымалдау жоспарда бар.

    Қоғамдық көліктер екі бағытта қатынайды. Бұл бағыттарда халыққа қажетті негізгі нысандар мен қоғамлық орындар, халыққа қызмет көрсететін орталықтар, үлкен дүкендер мен орталық базар орналасқан. Әр бағытта 4 автобустан, яғни екі бағытта 8 көлік қызмет көрсетеді. Сонымен қатар 2 автобус резервте болады. Яғни қажет болған жағдайда немесе шұғыл техникалық жағдайларда қосымша қызмет көрсету үшін жолға шығарылады. Олардың жүру аралығы шамамен 15–20 минутты құрайды.

    Анар Дүйсенбайқызы,

    Ұйғыр ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Көрісу күні Алматы облысында жоғары деңгейде тойланды
    14.03.2026
    6654 әскери бөлімде Көрісу амалы атап өтілді
    14.03.2026
    Қарадаладағы игі іс
    14.03.2026
    Кешірім айы
    14.03.2026
    Екі ауылдағы қос қуаныш
    14.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>