-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Жамбыл ауданы: Су тасқынының алдын алу шаралары жасалып жатыр

    21.02.2023
    in Ауыл тынысы, Төтенше жағдай
    Жамбыл ауданы: Су тасқынының алдын алу шаралары жасалып жатыр
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жамбыл ауданында Ұзынағаш пен Жаңақұрылыс ауылдарының су басу қаупі бар уческелерінде алдын алу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мұнда көктемгі су тасқынының алдын алу мақсатындағы шаралар қаңтар айынан басталған. Жуырда тағы да бірнеше арық-арна мен көпір өткелдері мұздан, қардан, сондай-ақ, қоқыстан тазартылып, жағалаулары инерттік материалдармен толықтырылған. Атап айтқанда, Ұзынағаштың батысындағы жотадан ағатын еріген қар суы үшін жаңадан ұзындығы 40 метр арық қазылып, бұрынғы су жолы қалпына келтіріліпті. Осындай жұмыстарға Ұзынағаш ауылында орналасқан 28237 әскери бөлімінің 30 сарбазы және 2 техникасы, аудандық өртке қарсы қызмет бөлімінен 7 адам мен 2 техника, ауданның төтенше жағдайлар бөлімінен 4 адам мен 1 техника жұмылдырылған. Қажетті 5 тонна инерттік материал дайындалып, 400 дана қапқа салынған. Әкімдік қызметкерлері ауыл тұрғындарымен кездесіп, үйлердің қасынан өтетін арықтарды қоқыстан тазарту жұмыстарын көпшілік болып қолға алу керектігін түсіндіруде. Өйткені, белгілі болғандай, еріген қар суы ағатын арықтың кейбір тұстарын тұрғындар өздері қоқыспен, топырақпен бекітіп тастаған. Осы орайда азаматтардың өз қауіпсіздігі өздерінің қолында екенін жете түсініп, әркім айналасын таза ұстаулары тиіс.

    Өткен апта аяғында күн жылынып, сенбіде жаңбыр жауып еді, Ұзынағаш пен Жаңақұрылыс ауылдарында тағы да су жайылды. Топырақтың тоңы әлі жібімегендіктен жауын-шашын жерге сіңе алмай, ойпаңдар көлкіген суға толған. Кей жерлерде арық арнасынан асып, көшеге жайылды. Үйлерінің ауласына су кірген тұрғындар біраз әбігерге түсті.
    Жаңақұрылыс ауылындағы Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектептің тұсынан өтіп бара жатқанымызда, жан-жағына абыржи қарап тұрған апаны көріп, аялдадық.
    «Мына суды тоқтататын адам бар ма екен өзі?! Ауламызды алып барады. Қолдан келер қайран жоқ», – деді Құрманжан апа.
    Апамыз екі көшенің түйіскен бұрышындағы Ынтымақ көшесінде тұрады екен. Бала-шағасымен көшіп келгендеріне көп болмапты. Бұл маң қия болғандықтан, жоғарғы жақтан сарқырай келген су жол жиегіне жиналып, әрі қарай ағады. Осыдан үш аптадай бұрын да дәл осылай болыпты.
    Жаңақұрылыс ауылының тұрғыны Жандостың айтуынша, ауылдағы Абдолла Қарсақбаев атындағы орта мектепті жотадан аққан қарғын су баспауы үшін арнайы арық қазылған. Алайда мектепті айналып өткеннен кейін төменгі, яғни, батыс жағында су жайылып, Көкбастау көшесіндегі үйлердің ауласына кірген. Ауыл азаматтары осыны атқарушы билік ескеріп, бір амалын қарастырса екен деген ұсыныс-назын білдірді.

    Серік Сатыбалдиев
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Жаңа жанр, жаңа кітап

    Жаңа жанр, жаңа кітап

    1 year ago
    Қонаев қаласында 30 дауыс беру учаскесі жұмысын бастады

    АЭС құрылысы: Қазақстан халқы бүгін таңдау жасайды

    8 months ago
    Сұрапыл жылдар сыр шертеді

    Сұрапыл жылдар сыр шертеді

    1 month ago
    Ұлы дала төсі әлем назарын аударып отыр

    Ұлы дала төсі әлем назарын аударып отыр

    11 months ago
    ЗАМАНА ШЫНДЫҒЫН ЖЕТКІЗГЕН

    ЗАМАНА ШЫНДЫҒЫН ЖЕТКІЗГЕН

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>