Перейти к содержимому
Басты бет / Әлеумет / Қонаевта автобустардың жүру сызбасы өзгереді

Қонаевта автобустардың жүру сызбасы өзгереді

12 қаралым

Қонаев қаласында қоғамдық көлік жүйесін жетілдіру жұмыстары жалғасуда. Алматы облыстық мәслихатының 2026 жылғы 25 ақпандағы шешіміне сәйкес, әлеуметтік маңызы бар №2 және №4 қалалық бағыттардың сызбаларына өзгерістер енгізілді.

23 наурыздан бастап №4 бағыттағы автобустар жаңа сызба бойынша – «Строитель» саяжайынан «Қарлығаш» шағынауданына дейін қатынайтын болады. Бұл тұрғындар үшін көлік қатынасының қолжетімділігін арттыра түседі.

Сонымен қатар, №8 бағыттың қозғалысы тоқтатылады. Оның орнына жаңартылған №2 бағыт іске қосылып, «Қапшағай Ресурс» ЖШС-нің мұнай базасынан 12-шағынауданға дейін жолаушылар тасымалдайды.

Ал №8А (әскери қалашық) бағыты бұрынғыдай қалыпты режимде жұмысын жалғастырады.