-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Халық үніне құлақ асуға шақырды

    10.08.2023
    in Ауыл тынысы, Ауыл шаруашылығы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Кәсіпкерлік, Құқық-заң, Өңір тынысы, Саясат, Экология, Экономика
    Халық үніне құлақ асуға шақырды

    Фото: Аслан Қажеке

    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Облыстық мәслихат төрағасы Талғат Байеділов жеріне қыдыр қонып, бақ дарыған Балқаш ауданына жұмыс сапарымен барып, өңірдің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, алдағы атқарылар істерді аңдап қайтты. Қай салада болсын берекелі жұмысы көрініп, татулықты ту еткен Балқаш ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалу барысын байқап, күрішті өңірдегі құрылыс нысандарын аралады.

    Алдымен ауданның кіреберісіндегі Қонаев саябағына аялдаған облыстық мәслихаттың төрағасы Талғат Ескендірұлы мен облыстық басқарма өкілдері бастаған құрметті қонақтар Қонаев ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, қазақтың біртуар тұлғасына тағзым етті. Артынша аудандық әкімдікке атбасын бұрып, мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаттарымен бас қосып, келер жылғы бюджетті жоспарлау мәселесін талқылады.

    Депутаттар, әкімдік мүшелері, мәслихат аппаратының қызметкерлері қатысқан жиынды Балқаш аудандық мәслихатының төрағасы Кәдірбек Омаров ашып, жүргізіп отырды. Келелі кездесуде Балқаш өңіріндегі өзекті мәселелер талқыланып, күрмеуі көп күрделі жайттар тарқатылды. Алғашқы болып сөз алған Талғат Байеділов Балқаш ауданының облыстағы айрықша орнын айтып, тарихы терең, табиғаты тартымды мекеннің бүгінгі тыныс-тіршілігіне тоқталды. Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы еліміздегі ауқымды өзгерістердің маңызды межесі болғандығын тілге тиек етіп, сол саяси додада өңір тұрғындарының сеніміне ие болған халық қалаулыларына артылатын жауапкершілік жүгін жеткізді. Сондайақ, облыс әкімі Марат Сұлтанғазиевтің аудандардағы тұрмыс-тіршілікке баса мән беріп, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруды ерекше назарға алып отырғандығын да айтып өтті. Осы орайда мәслихат депутаттарын ел үніне құлақ асып, жұртшылықтың жағдайы үшін бар күш-жігерін сала отырып жұмыс істеуге шақырды. Ол өз сөзінде:

    – Қолда бар дүниеге арқа сүйеп отырмай, шикізаттық емес саланы, отандық өндірісті жан-жақты дамыту, инвестиция тарту аса маңызды. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау саясаты мемлекетіміздің ұзақ мерзімге арналған тұрақты стратегиясы. Аудан, қалаларды өркендету, оның ішінде, базалық инфрақұрылымды жаңарту да кезек күттірмес міндет. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы мен ауылдық аймақтарды қатар өркендету басты назарда. Инфляция өскен сайын халықтың нақты табысы құнсызданып жатқаны ешкімге жасырын емес. Сондықтан, азаматтардың әл-ауқатын көтеру басты жұмыс жоспарымызда болуы тиіс. Бүгінгі кездесуімізде осы белгіленген мақсаттарды қалай іске асыру қажет деген мәселе төңірегінде пікір алмасамыз, – деді.

    Ауданда қай саланы алсақ та, жеткен жетістіктері мен бағындырған биіктері ауыз толтырып айтарлықтай. Аудан шырайы шалғайдан көз баурайды. Аймақ әлеуметтік көмек көрсетуімен де қуантып, бірлік пен тұтастықты дамытып, нығайтуға нық сеніммен кірісіп кеткен. Азаматтық белсенділік те жоғары. Жастар саясатында жүйелі жұмыс атқарылып, кәсіпкерлер қызметі жанданған. Ел Президентінің тапсырмасын тың серпінмен орындап, түрлі жобалар сәтімен жүзеге асуда. Осы орайда Талғат Ескендірұлы ауданда әр сала бойынша өсу қарқыны байқалатынын айтып, өңірдегі өркенді істердің көкжиегіне көз жүгіртті. Уақыт талабынан қалмай, дамудың жаңа мүмкіндіктерін тауып, терең өзгерістер жасауға талпыныс танытқан ауылшаруашылық саласын айрықша айтып, аудан орталығы Бақанастың ілгері экономикасын тілге тиек етті. Шынымен де, ақмаржанымен мәлім өңірдің мәні кіріп, сәні арта түскен. Бұл сөзімізді Балқаш ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Дәрібаев ресми деректермен дәйектеп өтті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы аясындағы барлық сала бойынша атқарылған жұмыстарды жіліктеп тарқатты.

    Ауылшаруашылық саласы бойынша биылғы жарты жылда ішкі жалпы өнім 10 531,3 млн теңгеге жетіп, нақты көлем көрсеткіші едәуір артқан. 29 809 гектар суармалы егістік жердің 14 530 гектарына дәнді дақылдар, оның ішінде, жоспарлы 7530 га арпа-бидай және 7000 га күріш егілген. Тұрғындардың табысын арттыру мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында бүгінгі күнге 350 өтінім түсіп, 189 шаруашылық және 3 кооператив құруға құжат рәсімделуде.

    Толық дайын 80 құжат 548,5 млн теңгеге «Қонаев» ауылдық тұтыну кооперативіне жолданып қаралуда, оның ішінде, 150,0 млн теңгенің 24 өтінімі мақұлданып, 9 адам 58,7 млн теңге қаржысын алған. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2 294,8 млн теңгеге жетіп, нақты көлем индексі 101,7 пайызды құраған.

    Бауыржан Темірғалиұлы барлық сала бойынша ақпарат таратып, облыстық мәслихат төрағасынан аудан бойынша бірінші кезекте қажетті жобаларға қаражат бөлуді сұрады. Бақанас ауылы маңындағы Іле өзенінің жағалауын нығайту жұмыстарына ж о б а л ы қ – с м е т а л ы қ қ ұ ж а т т а м а дайындалуда. Аталмыш істі ілгерілетер қаражат белгілі болған кезде құрылысмонтаж жұмыстарына қаржылай көмек керектігін жеткізді. Сонымен қатар, мемлекеттік сараптамалары дайын жобалардың да қолдауды қажет ететіндігін тілге тиек етті. Атап айтқанда, Бақанас ауылындағы Қонаев атындағы саябақты кеңейтіп, абаттандыру жұмыстарына 812,8 млн теңге, аудан орталығындағы Рысқұлов және Қонаев көшелеріндегі арық жүйесінің қайта жаңғырту мен құрылыс жұмыстарына 404,5 млн теңге, Жиделі ауылдық Мәдениет клубының күрделі жөндеу жұмыстарына 392,6 млн теңге қажет екендігін жасырмады.

    Келесі кезекте сөз алған Балқаш аудандық мәслихат депутаттары бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, өңір жұртшылығын алаңдатып отырған жайттарды тарқатты. Балатопар ауылындағы Топар өзенінің арнасын тазалау керектігін жеткізіп, осыған баса назар аударсаңыздар деген өтінішін айтты. Сондай-ақ, Бірлік ауылындағы көшкен құм көлемінің көбейгендігін де тілге тиек етіп, аталмыш мәселе шешілсе, ауыл тұрғындарының үрейі тарқайтынын сөздеріне қосты. Тасмұрын магистральді каналының бастапқы саласына үрлемелі су бөгетін және шлюз орнату да біршама ілгері істердің бастамасы болатындығын жеткізді. Облыстық мәслихат төрағасы Талғат Байеділов аталмыш жайттарды түртіп алып, міндетті түрде қайта қаралатындығын айтты.

    Аудандық мәслихат депутаттарымен өткен кездесуден соң қонақтар Бақанас ауылындағы 30 жалгерлік тұрғын үй құрылысымен танысты. Өткен жылдың қыркүйегінде бастау алған тұрғын үй салу жұмыстары биыл қолданысқа берілмек. Үш бөлмеден тұратын 30 баспананың басындағы жұмыс қызып тұр. Құрылысшылар да жергілікті тұрғындар, жалақылары да көңіл қуантады. Мердігері – «Асан М Компани» ЖШС тұрғызған баспаналарға депутаттар жоғары баға беріп, ризашылық танытты. Сондайақ, Бақанас ауылындағы бесқабатты 40 пәтерлік жалгерлік тұрғын үйге бас сұққан халық қалаулылары атқарылып жатқан ауқымды іске көз жеткізді. Бұл тұрғын үй де жыл аяғына дейін құрылыс жұмыстарын аяқтап, қолданысқа берілмек. Аталмыш нысандардан айрықша ахуал сезіліп, аудан экономикасының ерекше серпіні байқалды.

    Ауданды жетістікке жетелеп, танымалдылыққа жеткізген жайттың бірі егіс алқабы екендігі айдан анық. Қандай қуаңшылық болса да, шөп мәселесінде қиындық көрмеген өңір күрішімен де, бидайымен де бүкіл елге белгілі. Осы орайда Талғат Ескендірұлы бастаған топ Ақдала ауылына аттанып, егіс алқабына табан тіреді. Аудандағы жер көлемінен де, өнім сапасынан да ең ауқымдысы атанған шаруашылық нысанында жұмыс қайнап жатыр. Шабындық жұмыстары аяқталуға оншақты күн қалса да, егіс алқабындағы комбайн, тракторлар тыным таппауда. «Бауыржан – 7» ЖШС директоры Талғат Сұлтанов қонақтарды күтіп алып, егіс алқабын көрсетті. Мұнда биыл 112 га күріш, 93 га бидай, 335 га көпжылдық шөп егілген. Жалпы, суармалы жер көлемі 727 га қамтиды. Қазіргі уақыттың өзінде 4000-нан аса орама шөп шабылып, қаз-қатар тізіліп тұр. Биылғы жоспар бойынша әр гектарынан 43 ц күріш, 18 ц бидай, 40 ц көпжылдық шөп шабылады деп күтілуде.

    Кездесу соңында облыстық мәслихат төрағасы Талғат Байеділов айтылған мәселелердің барлығы міндетті түрде қаралатынын сөзіне қосып, аудан депутаттары жеткізген жайттар мен әр ұсыныс бүге-шігесіне дейін анықталып, маңыздылығына қарай шешілетіндігін әңгімеледі. Мәслихат хатшысы күрішті, ырысты өңірдің белсенді жұмысына тәнті болып, ақмаржан аймақтың даму сатысына биік баға берді. Өзекті жайттар мен ауқымды мәселелерді алдын ала анықтауды көздеген аталмыш мәслихат сапары алдағы уақытта облыстағы өзге де аудандарда жалғасын таппақ.

    Құралбек Сәбитов,
    Балқаш ауданы

    Ұсынымдар

    Инвестиция: Қонаевта жоспардың 45%-дан астамы орындалды

    Инвестиция: Қонаевта жоспардың 45%-дан астамы орындалды

    5 months ago
    Жауынгерлік дайындықтары сынға түсті

    Жауынгерлік дайындықтары сынға түсті

    2 years ago
    ҰЛТ ПЕРЗЕНТІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

    ҰЛТ ПЕРЗЕНТІ ҰЛЫҚТАЛДЫ

    6 months ago
    Туған күн деген бір тылсым

    Туған күн деген бір тылсым

    1 year ago
    Жаңа қызмет – жаңа міндет

    Жаңа қызмет – жаңа міндет

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>