☀️
16°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 6, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жеңіске деген жігер

    06.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Жеңіске деген жігер
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қонаев қаласында «Болашақ чемпиондар лигасы» спорттық жарысының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Салауатты өмір салтын дәріптеп, бұқаралық спортты дамыту бағытында жалауы желбіреген спорт аламанында 2 бойы қала көлеміндегі мектеп оқушыларынан жасақталған құрама командалар  футбол, баскетбол мен волейболдан сынға түседі.  

     Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні шырқалғаннан кейін қала тұрғыны, 54310 әскери бөлімінің қызметкері Айдар Тезековтің әсерлі спорттық көрсетілімі  көпшілік назарына ұсынылды. Ол қалың  тақтайға шегені қолымен қағып, сом темірді иіп, пышақтың сабын гір тасына байлап, жүзінен жалаң қолымен ұстап көтеріп-түсіріп жұртшылықты таң қалдырды.

    Бұдан кейін Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов жиналған көпшілікті спорттық шараның ашылуымен құттықтады.

    – Бұл жарыс – тек бәсеке емес, достықты нығайтып, жеңіске деген жігерді арттыратын маңызды алаң. Қонаев қаласында спорт саласы қарқынды дамып келеді. Соның айқын дәлелі – “Konaev Nauryz Cup 2026”, “Konaev City Cup” халықаралық турнирлері, “Адал азамат, адал жеңіс” марафоны және басқа да ауқымды спорттық шаралардың тұрақты түрде ұйымдастырылуы. Бұл бастамалар жас спортшыларға үлкен мүмкіндік беріп, жаңа белестерге жол ашуда, – деген шаһар басшысы жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

    Сахнада  Асхат Ермекұлы жас ұрпаққа сапалы тәлім тәрбие беріп, спортқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру жолындағы еңбегі үшін Айдар Тезековке Алғыс хат табыс етті. Одан кейін  ретро көлікпен «Болашақ чемпиондар лигасының» кубогі әкелініп, оны қала әкімі балалармен бірге  сахна төріне орналастырды. Бұл кубок екі айға созылатын дүбірлі дода соңында мықтылардың мықтысына бұйыратын болады.

    “Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер”, “Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас” деген аталы сөзді басшылыққа алған халқымыз қандай да бір істі бастамас бұрын үлкендердің батасын алған. Ата дәстүрден аттамаған спорт аламанын ұйымдастырушылар қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Базарбай Оралбаевтан бата сұрады. Ақсақалдың батасынан кейін бәсеке ресми түрде басталды. Сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа баулу, дені сау ұлт қалыптастыру мақсатында Қонаев қаласы әкімдігі тарапынан қатысушы командаларға доп салынған себеттер  тарту етілді.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Соңғы жаңалықтар

    Қызу еңбекке кірісті
    06.04.2026
    90 жылдыққа – 9000 ағаш!
    06.04.2026
    ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНДТЕРМЕН ТАНЫСТЫ
    06.04.2026
    Аймақ абыройын асырды
    06.04.2026
    Жерлестер жеңіс тұғырында
    06.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>