⛅
18°C
Қонаев
Жұма, Сәуір 10, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазақстандағы зайырлылық қағидаттары аясындағы дінтану ғылымының орны мен рөлі

    10.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Қоғам, Құқық-заң
    Қазақстандағы зайырлылық қағидаттары аясындағы дінтану ғылымының орны мен рөлі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қазақстандағы зайырлылық қағидасы мемлекет пен конфессиялар арасындағы қарым-қатынас пен мемлекеттік реттеу моделінің демократиялық принциптер мен жалпы адамзаттық ұстанымдарға сәйкес қарастырылатын үлгілік ұстанымы болып саналады. 

    Егемендік жылдардан бері Қазақстанда дін саласындағы ұстанған саясатқа бірнеше бағыттағы басымдық белгіленген, мемлекеттік саясат пен заңнама шеңберінде азаматтардың діни сенім еркіндік құқықтары айқындалған, құқықтық актілерде барлық діндерге теңдік құқықтар берілген, халықаралық мәселе және ішкі тұрақтылық аясында діни салаға мәдени, гуманитарлық әлеуеті бар адам құқықтарының негізгі құқық ретінде қарастырылады.

    Қазақстанның егемендік жылдарында дін саласындағы заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізіліп, тиісті нормативті құқықтық негіздер қалыптастырылды, азаматтардың діни сенім құқықтарын қамтамасыз етуге және мемлекеттік реттеу саясатын айқындайтын заңнама бірнеше рет жаңартылды, толықтыру жүзеге асырылды.

    Егемендік жылдардан бері қабылданған «ҚР Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заң» 1992 жылы қабылданған, аталған заңның талаптары қоғамдық өзгерістер мен құқықтық нормаларға сәйкестендіру барысында 2011 жылы «ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заң қабылданып, діни ахуалды реттеу саясаты тиімді жетілдірілді. Аталған 2011 жылғы заң нормалары еліміздегі мемлекет пен дін, бұрын тіркеуден өткен діни бірлестіктерді тиімді жүйелендіру, қоғамдық орындағы діни қызмет жүргізу тәртіптері, шетелдік діни орталықтардың жергілікті діни бірлестіктер жетекшісін тағайындау мәселесін, миссионерлік қызметпен айналысушы тұлғаның қызметін реттеу, шетелден жеткізілген діни заттар мен әдебиеттерге дінтану сараптама жүргізу тәртіптерін айқындауға сол кезеңде жаңа мүмкіндік тудырды.

     

    Бүгінгі таңда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарапынан Ұлттық құрылтай отырыстарында бірнеше рет дін саласындағы мәселеге тоқталып, өзге мәдениет пен жат ағымдардың жастардың сана- сезіміне кері әсерін тигізіп отырған деструктивті ұйымдарды бақылау шараларын заңнама аясында жүзеге асыруды айқындаған болатын. Мемлекеттік саясат аясында жалғасын тапқан басымдықтар шеңберінде Конституциялық реформа жайындағы алғы сөздер Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ағымдағы жылы Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтай отырысында мемлекеттің жаңа кезеңіндегі мемлекеттік басқарудағы құқықтық, саяси-экономикалық және азаматтық қоғам институттарын дамытуға арналған басымдықтар жарияланды, осыған орай Негізгі заң – Конституцияның жаңа мәтіні мен құрылымына жаңа өзгерістер енгізілу жоспарланды. Негізгі заңның ережелері шеңберінде азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, саяси-мәдени плюрализм қағидаттарын қамтамасыз етуге бағытталған саясат жүзеге асырылып келеді. Зайырлылық қағидалары Конституцияның жаңа мәтінінде жарияланған, «дін мемлекеттен бөлек» ұстанымы аясында Қазақстандағы мемлекеттік саясаттың басымдықтары айқындалған, білім беру жүйесінде зайырлылық сипаттағы үлгі сақталуда. Осыған орай, еліміздегі діни ахуалды дәстүрлі құндылықтар мен құқықтық тәртіп, әділеттілік принциптеріне сәйкес өрбіту маңызды, осы сауалдарға тиімді түйіткілдер арқылы және прогрессивті білім мен мәдениет аясында шешуге ынталы мамандарды даярлау заман талабына айналып отыр.

    Дінтану және исламтану білім беру бағдарламасы бойынша мамандар дайындайтын бірегей жоғары оқу орны ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті дінтану және мәдениеттану кафедрасын атап өтуге болады. Осы орайда, қазіргі таңда мемлекеттік саясат тарапынан қоғамда білім, ғылым саласында зайырлылық ұстанымдарды жүзеге асыру барысында бірқатар институционалды жұмыстар жүргізілуде:

    – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мемлекеттік стандарт шеңберінде дінтану, исламтану мамандықтары бакалавриат, магистратура, докторантура білім беру бағдарламасында мамандар даярлануда;

    – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлық-оқытушы құрам өкілдері дінтану, исламтану ғылыми бағыттар аясында жастарға арналған гранттық жобаларды жүзеге асыруда, докторантура, постдокторантура, шетелдік университет пен ғылыми зерттеу орталықтарда ғылыми зерттеу модельдік бағыттар іске асырылуда;

    – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен ҚР ҒЖБМ ҒК Ғылым ордасы және ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының бірлескен жобасы шеңберінде дінтану, исламтанулық зерттеуге негізгі басымдық берілген, кәсіби ортаны қалыптастыратын жұмыс топтары, шағын зерттеу орта қалыптастырылған, ғылыми әдебиеттер, монография, мақала, шетелдік әдебиеттер аудармасы әзірленіп, жариялануда;

    – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институтының профессорлық-оқытушы құрам өкілдері мен ғылыми қызметкерлері дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын орталық және жергілікті мемлекеттік органдар жанынан кеңес беру орталықтарымен байланыс орнатқан, дін саласындағы өзекті сауалдар бойынша ақпараттық-түсіндіру топтардың құрамында республикалық, жергілікті болып жасақталған, тиімді қызметтерін атқаруда;

    – астана, мегаполис қалалар мен облыстарда әкімдіктердің дін істері жөніндегі басқарманың үйлестіруімен діни бірлестіктер жетекшілерінің клубтары қызметін жүргізуде, клубтардың мақсаты конфессияаралық келісімді насихаттау, мерекелер мен маңызды іс-шараларға қатысу, зайырлы сипаттағы қоғамдық құндылықтарға қолдау көрсету болып саналады.

    Осыған орай, зайырлылық қағидалары арқылы әр-бір азаматтың құқықтары сақталып, қолданыстағы заңнама шеңберінде азаматтардың негізгі құқықтары қамтамасыз етілетіні айқындалған. Мемлекет пен конфессиялардың қарым қатынастарын қоғамдық деңгейде және құқықтық тұрғыдан реттейтін бірнеше заңдарда ұстанымдар нақты айқындалған, мәселен Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңда», зайырлылық сипаттағы мемлекеттік саясаттың ұстындары айқындалған, негізгі құқықтық ұғымдар, басымдықтар мен құзыреттіліктер баяндалған.

    Аталған заң қағидалары және басқада нормативтік құқықтық құжаттарда еліміздегі тұрақты даму бағыттағы мемлекет, азаматтық қоғам өкілдері туралы құқықтық қағидалар мен мемлекеттік саясат басымдықтары қамтылған. Жоғары білім мен прогрессивті бастамалар арқылы қоғам мен жастардың жарқын болашағы үшін жұмыстар тиімді нәтижесін береді деген пікірдеміз.

     

    Әлтаева Нұрсұлу Сауранбекқызы, 

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 

    философия және саясаттану факультеті 

    дінтану және мәдениеттану кафедрасының 

    аға оқытушысы, PhD докторы,

    Мейманхожа Нұрмұхаммед Рысбайұлы, 

    Әл-Фараби атындағы 

    Қазақ ұлттық университетінің 

    дінтану мамандығы 1 курс докторанты

    Соңғы жаңалықтар

    Президент: «Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі»
    10.04.2026
    Солтүстік шақырады: қоныс аударушыларға қолдау көп
    10.04.2026
    Мұнай және жаһандық экономика
    10.04.2026
    Келелі мәселе көтерілді
    10.04.2026
    ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР – САРБАЗ РУХЫНЫҢ ТІРЕГІ
    10.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>