⛅
15°C
Қонаев
Дүйсенбі, Сәуір 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Дәнештің әндері әуеледі

    20.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Руханият
    Дәнештің әндері әуеледі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

      Талғар ауданы Тұздыбастау ауылдық Мәдениет үйінде Қазақстанның Халық әртісі, әнші, сазгер Дәнеш Рақышевтың туғанына 100 жыл толуына орай, оқушылар арасында «Саясында алманың» атты дәстүрлі ән байқауы өтті.

     Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Фарида Бегенбаеваның бастамасымен өткізілген шараның басты мақсаты  – Дәнеш Рақышевтың шығармаларын насихаттау, дәстүрлі ән өнерін жас ұрпақ арасында кеңінен үгіттеу, сондай-ақ өнерлі жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, халыққа таныту.

    Байқауға қатысқан 17 оқушы әнші, композитордың авторлық туындыларын және оның репертуарындағы әндерді орындады. Жас өнерпаздардың  шеберлігін бағалау үшін елімізге танымал мәдениет және өнер қайраткерлерінен құралған қазылар алқасы сайланды. Олардың арасында Жетісу мен Арқа мектебінен нәр алып, көнеден жеткен халық әндері мен қазақтың сал-серілерінің мұрасын жалғастырып жүрген Халық әртісінің төл шәкірті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Дәнеш Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясының әншісі Абылайхан Қармысов, Дәнеш Рақышев әншілік мектебінің көрнекті өкілі, оның орындаушылық мәнерін бойына сіңіріп, көкейіне тоқып өскен төл шәкірті, композитордың әндерін нотаға түсіріп, жарыққа шығарып,  ғылыми тұрғыда талдап-зерттеп жүрген әнші, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ұстазы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұржан Жанпейісов, Алматы облысының архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын, композитор, Төлеужан Ғұмаров бар.

    Байқау аса тартысты өтті. Қатысушылар Дәнеш Рақышевтың өзі шығарған әндері мен оның репертуарындағы дәстүрлі халық әндерін  шеберлікпен орындап, жиналған жұрттың ыстық  ықыласына бөленді. Сайыс қорытындысы бойынша Талғат Алуа бас жүлдені жеңіп алып, оған арнайы жасалған домбыра сыйға тартылды. Ал бірінші орынды кіші топта – Айсұлтан Берікұлы, орта топта Көркем Дамужанқызы иемденсе, сәйкесінше Қорған Айдосұлы мен Олжас Жақыпбек – екінші, Әмина Құдайберген, Қалиша Сүйінбек және Абдулқайыр Алматай үшінші орын иегерлері атанды. Барлық қатысушыға арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ екінші орын алған Олжас Жақыпбектің өнеріне риза болған қазылар алқасының мүшесі Абылайхан Қармысов оған өзінің домбырасын сыйға тартты. Ал Нұржан Жанпейісов Нұра ауылынан келген Інжу Абуханқызына «Ән салайын» атты кітабын сыйлады.

    Шара соңында Төлеужан Ғұмаров қорытынды сөз сөйлеп, халқымыздың дәстүрлі әншілік өнерін жалғастырып келе жатқан жас өнерпаздарға ақыл-кеңесін айтып, ізгі тілегін жеткізді. Абылайхан Қармысов пен Нұржан Жанпейісов шеберлік сағатын өткізді. Өнерліге өріс кең екенін айтқан олар, жас әншілерге сәт-сапар тілеп, батасын берді.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

     

    1 of 2
    - +

    1.

    2.

    Соңғы жаңалықтар

    Жолға төселетін материалдар алдымен зертханадан өтеді
    20.04.2026
    Жаңаарнада жаңа медициналық нысан ашылды
    20.04.2026
    Талапкерлер үшін жаңа мүмкіндік
    20.04.2026
    Алматы облысында орман қоры ұлғайып келеді
    20.04.2026
    Кәсіпкер мәселесі талқыланды
    20.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>