☀️
22°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 25, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Италияға жолдама алды

    25.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Италияға жолдама алды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Астана қаласында өткен халықаралық «PRO.NRG FEST» ғылыми фестивалі аясындағы ITEX конгресінің республикалық кезеңінде Балқаш ауданы Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының ұстаздары ұсынған «3D қазақ оюлары» жобасы үздік деп танылды. Нәтижесінде жоба авторлары Италияда өтетін әлемдік байқауға жолдама иеленді.

    Осы қуанышты жаңалықты естіген Балқаш ауданының әкімі Азат Құтпанбетов өңір абыройын асқақтатқан ұстаздарды арнайы қабылдады. Кездесу барысында ол білім саласының дамуына қосқан үлестері үшін ризашылығын білдіріп, алдағы халықаралық додада сәтті өнер көрсетіп, жеңіспен оралуына тілектестік білдірді.
    Балқаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сқабаев, мәслихат төрағасы Кәдірбек Омаров, «Балқаш таза су» мекемесінің басшысы Бақытжан Қамзин және білім бөлімінің басшысы Гүлнара Мұқымова да ақ тілектерін ақтарды.
    Осы орайда халықаралық «PRO.NRG FEST» ғылыми фестивалінде үздік деп танылған «Шабыт» командасының құрамы жайында айтар болсақ, олар – Б.Бейсекбаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры Альвира Халықова бастаған ұстаздар – Меруерт Достемесова, Үміт Мырзағұлова, Аяулым Қуаныш. Қатысушылар ғылыми байқау барысында STEM бағыты мен ұлттық құндылықтарды ұштастырып, қазақтың дәстүрлі ою-өрнектерін заманауи 3D форматта ұсынған. Сөйтіп Италияның астанасы Рим қаласында өтетін халықаралық кезеңге жолдама алды.
    Білікті ұстаздардың мұндай жетістігі жас ұрпаққа серпін беріп, олардың ғылым мен білімге деген қызығушылығын арттыра түсетіні сөзсіз.

    Бақтығали ДӘУІТБАЙ
    Балқаш ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Мектеп парламенті
    25.04.2026
    Нағима апай
    25.04.2026
    Қас-қағым сәттен сыр шерткен
    25.04.2026
    Өнермен өрілген өмір
    25.04.2026
    Тіліміздің тамыры үзілмесін!
    25.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>