☀️
23°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 25, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ҚАТАРЫ МОЛАЙДЫ

    25.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ҚАТАРЫ МОЛАЙДЫ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасуда. Облыс аумағында 25 сәуір күні ауқымды ағаш отырғызу акциясы ұйымдастырылды. Республикалық іс-шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев, өңір жастары, еңбек ардагерлері, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және еріктілер қатысты.

    Іс-шараның ерекше сәті ретінде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен телекөпірді айтуға болады. Телекөпір барысында Мемлекет басшысы тазалықтың тірегі тәрбие екенін, балаларды экологиялық мәдениетке мектеп жасынан баулу қажеттігін, сондықтан мұндай акцияларға студенттер мен оқушылардың белсене қатысқаны жөн екенін айта келе, Оқу-ағарту министрлігіне “Жасыл сабақтар” жобасын қабылдауды тапсырды. “Таза Қазақстан халқымызды жаңа сапалық дүниеге көтеретін ұлттық идея болуға тиіс” – деген Президент еңбекқорлық, ұқыптылық, адалдық, жасампаздық құндылықтары фильм мен сериалдар арқылы насихатталу жұмысында БАҚ пен әлеуметтік жүйенің мүмкіндігін дұрыс қолдану керегіне баршаның назарын аударды.

    Қонаев қаласындағы Бердібек Соқпақбаев атындағы орталық саябақта өткен республикалық акцияға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Марат Елеусізұлы бүгін осындай шара облыстың барлық ауданында өтіп жатқанын тілге тиек етті.

    – Бүгінгі телекөпірде ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “Таза Қазақстан” бағдарламасын ұлттық стратегия деп айтып кетті. Биыл облыста осымен жетінші мәрте сенбілік өткізіліп отыр. Аталған тазалық шараларында 200 мыңдай адам қатысты. 2 мың тоннадан астам қоқыс шығарылып, 60 мыңға жуық көшет егілді. Бүгін өтіп жатқан сенбілікте шамамен 40 мың адам қатысып, 300 гектар аумақ тазартылып, 19 мыңдай ағаш отырғызылады. Мұндай шара апта сайын жалғаса береді, – деді облыс әкімі.

    Бүгінге дейін атқарылған тазалық жұмыстары өңірдің экологиялық жағдайын жақсартуға, жасыл желек қорын ұлғайтуға және халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Облыс бойынша елдімекендерді көгалдандыру бойынша 2026–2030 жылдарға арналған өңірлік жоспар жоспарға сәйкес, жыл сайын облыс көлемінде шамамен 220 мың түп ағаш отырғызу көзделген.

    Айжарық Көптілеуов

    Соңғы жаңалықтар

    ІЛЕДЕ СЕНБІЛІК ФОРМАТЫ ӨЗГЕРДІ: ЕНДІ ТАЗАЛЫҚҚА ОТБАСЫ БОЛЫП ҚАТЫСУ ТРЕНДКЕ АЙНАЛДЫ
    25.04.2026
    “Таза Қазақстан” акциясы – елдік бастама
    25.04.2026
    ЖАСЫЛ ЖЕЛЕК ҚАТАРЫ МОЛАЙДЫ
    25.04.2026
    Мектеп парламенті
    25.04.2026
    Нағима апай
    25.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>