⛅
26°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жас ғалымның жасыл бастамасы

    30.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Жас ғалымның жасыл бастамасы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Отандық аграрлық ғылымның дамуына өз үлесін қосып жүрген жас ғалымдар қатарында Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының қызметкері Марина Колусенконың есімі құрметпен аталады. Ол тек органикалық егіншілік зертханасында ғылыми қызметкер болып еңбек етіп қана қоймай, жұбайы Денис Тенмен бірге топырақ құнарлылығын қалпына келтіруге және оның биологиялық қасиеттерін жақсартуға ықпал ететін органикалық тыңайтқыш өндіреді.

    Енді олардың ғылымдағы жолын ретімен баяндайық. Ерлі-зайыптылар осы институт қабыр­ғасында, органикалық егіншілік жобасы аясында танысқан. Қазір олар Қарасай ауданының Кемертоған ауылындағы өз үй іргесіндегі жер телімінде жасыл технологиямен айналысуда.
    Біздің кейіпкеріміз Маринаның ғылымға келу жолы бірден басталған жоқ. Ол 1987 жылы Алматы қаласында дүниеге келгенімен, мектепті Павлодар облысының Шалдай ауылында тәмамдаған. Кейін Қазақ ұлттық аграрлық университетіне грантқа түсіп, сол жерде «Топырақтанушы-агрохимик» мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежесін алған.
    – Бакалавриаттың екінші курсында оқып жүргенде сабақтан кейін «АККО» компания­сында промоу­тер болып жұмыс істедім, – дейді Марина. – Универ­ситетті бітірген соң, сол компанияда сауда өкілі болдым. Осылайша сегіз жыл еңбек еттім. Кейін отбасылық жағдайға байланысты жұмыстан кетуге тура келді. Ғылымға 2020 жылы, магистратураны аяқтағаннан кейін келдім. Сол кезде Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында кәсіби қызметімді бастадым. Мені жұмысқа қабылдағаны үшін ҚазЕӨШҒЗИ басқарма төрайымы Шолпан Бастаубаеваға алғысымды білдіремін. 2021 жылы Шолпан Оразқызы органикалық егіншілік жобасының жетекшісі болып арнайы зертхана құрды және мені жаңа бөлімге ауыстырды. Осылайша, мен «Аймақ ерекшеліктерін, цифрландыру мен экспортты ескере отырып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің органикалық технологияларын әзірлеу» атты ірі жобаға қатыса бастадым.
    Қазіргі уақытта Марина ауыл шаруа­шылығы ғылымдарының қауымдас­тырылған профессоры Нәзира Сіләмова жетекшілік ететін органикалық егіншілік зертханасында жұмысын жалғастыруда. Зертханада 13 маман еңбек етеді. Олар бірлесіп «Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылығы өнімдерін органикалық өндірудің технологиялық дамуын ғылыми қамтамасыз ету» атты маңызды жобаны жүзеге асыруда. Зертханаға жалпы аумағы 23 гектар болатын көпжылдық биологиялық стационар бекітілген. Мұнда ғалымдар дәнді, майлы, отамалы және малға қажет азықтық дақылдарды өсіреді. Сонымен қатар биопрепарат, биостимулятор және органикалық тыңайтқыштардың өнімділікке, топырақ құнарлылығына және пайдалы микрофлораның дамуына әсерін зерттейді. Сондай-ақ нутрицевтикалық қасиеттері бар төзімді сорттарды іріктеп, дәрілік өсімдіктер өсіреді.
    Маринаның әкесі Геннадий ұзақ жыл Алматыдағы мақта-мата комбинатында шебер болып жұмыс істеген. Анасы Татьяна «Қазгидромет» мекемесінде көп жыл еңбек еткен. Қазір Марина мен Денистің екі қызы өсіп келеді. Ата-анасы оларды ерекше мақтан тұтады. Жақында Дарья спорттық акробатикадан спорт шеберлігіне кандидат атағын алған. Ал Диана сурет салуға қабілетті, колледжде графикалық дизайнер мамандығы бойынша білім алуда.
    – Менің мақсатым – адамзат алдында тұрған жаһандық мәселелерді шешуге үлес қосу. Ең алдымен, бұл – экологиялық проблемалар, топырақтың тозуы және азық-түлік қауіпсіздігі. Сондықтан қоршаған ортаға зиян келтірмей, адамдарды сапалы өніммен қамтамасыз ететін тұрақты агрожүйе қалыптастыруға атсалысқым келеді, – дейді Марина.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Тарихи құнды еңбек таныстырылды
    30.04.2026
    Тәртіп пен тазалық – жарқын болашақтың кепілі
    30.04.2026
    Үздік түлектерге – мемлекеттік қызметке жаңа мүмкіндік
    30.04.2026
    QOSTANAI TECH Қостанай облысының цифрлық трансформация көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растады
    30.04.2026
    Қазақша әріп таныған
    30.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>