⛅
26°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ақын жыры оқылды

    30.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Ақын жыры оқылды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жастар – елдің ертеңі, болашақ­тың иесі. Ал елдің келешегі кітапқа деген құрметтен басталады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан қаласында өткен ІІ Ұлттық құрылтайда: «Шын мәнінде, кітап оқитын ел зиялы ұлтқа айналады. Біз жас ұрпақтың кітапқа құштарлығын оятуымыз керек», – деген болатын. Осы орайда жастар арасында кітап оқуды насихаттау мақсатында «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында «Айбергенов жырлары – кітап әлемінің асыл мұрасы» атты шығармашылық кеш ұйымдастырылды.

    Кеш қонақтары ретінде Қарасай атындағы орта мектептің оқушыларымен кездесуге филология ғылымдарының PhD докторы, доцент, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Салтанат Айбергенова, республикалық «Дәстүр» журналының бас редакторы Сәлия Әбдікәрімова, сондай-ақ ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әнші-сазгер Гүлмайдан Сүндетқызы арнайы қатысты.
    Салтанат Төлегенқызы әкесінің кітап­тарынан көрме ұйымдастырып, небәрі 30 жыл ғұмыр кешсе де, қазақ поэзиясына өлшеусіз үлес қосқан ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы әсерлі естелігімен бөлісті. Сонымен қатар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, «Атамекен» тарихи-мәдени орталығының кітапхана қорына әкесі Төлеген Айбергеновтің кітаптарын сыйға тартты. Ал оқушылар өз кезегінде ақынның өлең­дерін жатқа оқып, құрметтерін көрсетті.
    Кеш барысында әнші-сазгер Гүлмайдан Сүндетқызы Төлеген Айбергеновтің халық арасында кең тараған әндерін домбыраның сүйемелдеуімен орындап, кештің көркін қыздыра түсті.
    Ұлттық кітап күніне орай оқушыларға кітаптың маңызы туралы қызықты мәлімет­тер де ұсынылды. Қазақ тіліндегі кітап басып шығару ісінің 200 жылдан астам тарихы бар екені айтылып, қазақ кітаптары алғашында араб қарпімен, кейін қысқа уақыт латын әліпбиімен, ал 1939 жылдан бастап кирилл қарпімен жарық көре бастағаны атап өтілді.
    Поэзия әлеміне көз жүгіртсек, Төлеген Айбергенов – қысқа ғана ғұмырын­да қазақ өлеңіне тың жаңалық әкелген ақын. ХХ ғасырдың 60-жылдарына дейін өлеңдер көбіне 8-11 буынды болып келсе, ақын өз шығар­маларын 18-19 буынды үлгіде жазып, поэзияға жаңа леп әкелді. Оның шығармашылығын Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова, Есенғали Раушанов, Ұлықбек Есдәулет сынды ақындар жоғары бағалап, ұстаз тұтты.
    Ақын өмірден ерте өтсе де, артында өшпес мұра қалды. Оның жырлары оқырман жүрегіне жол тауып, жас ұрпақпен бірге мәңгі жасай бермек.

    Жанар Қалибекқызы,
    «Атамекен» орталығының бас экскурсия жүргізушісі
    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Тәртіп пен тазалық – жарқын болашақтың кепілі
    30.04.2026
    Үздік түлектерге – мемлекеттік қызметке жаңа мүмкіндік
    30.04.2026
    QOSTANAI TECH Қостанай облысының цифрлық трансформация көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растады
    30.04.2026
    Қазақша әріп таныған
    30.04.2026
    Этнос басылымдары
    30.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>