☀️
26°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 30, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Тарилдың тәлімі

    30.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Тарилдың тәлімі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Ұзынағаш ауылының тұрғыны Тарил Теймуровпен Жамбыл аудандық емханасында таныстым. Дәрігер бөлмесінің есігі алдында «Соңы кім екен?» деп, менен кейінгі кезегін алды. Оның артынша келген бір адам «Кто последний?» дегенде, Тарил: «Мен», – деп жауап қатты. Бірақ ана қазақ әйелі одан кейінгі сөзін де өзге тілде жалғастырып, қайта айналып келетінін айтып кетті. «Жарайды, егер сұраса, сіздің кезек алғаныңызды айтамын», – деді жаңа танысым. Мен басымды шайқап, өзі қазақ бола тұра, өзге ұлт өкілі өзіне қазақша тіл қатып тұрса да, келмеске кеткен кеңестік кесір әдетті тастай алмаған қандасыма кейісімді жасыра алмадым. Жанымда отырған Тарилдың да ішіне сыймай тұр екен, екеуміздің ойымыз бір жерден шыққанын ол былайша білдірді:

    – Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейінгі алғашқы жылдары Солтүстік Қазақстан облысындағы бір досымның үйіне жолым түсті. Сонда оның балалары орыс тілінде сөйлесетінін байқадым. «Бұл қалай, неге сенің балаларың қазақ бола тұра, бір-бірімен өзге тілде сөйлеседі?» десем, «Онда тұрған не бар, бәрібір емес пе қай тілде сөйлесе де», – деді. Мен сонда бала ең алдымен өз ана тілін жетік білуі керек, одан кейін ғана өзге тілді үйренсе болатынын айттым. Ол менің бұл пікіріме жете мән бермеді. Бірақ кейін балалары өзге тілді болып кеткенде ғана қатесін түсінді. Бірақ кеш еді. Баланың ана тілінің уызына жарымай өскені өкінішті, әрине. Басқа ұлтты айтпағанның өзінде көп қазақ бұл әдеттен әлі де арыла алмай келеді. Жалпы Қазақстанда тұратын әрбір адам осы елдің мемлекеттік тілін білуге міндетті деп есептеймін, – деді ол.
    Тарил Теймуров Ұзынағаш ауылында, қазақтың батыр қызы Мәншүк Мәметова атындағы көшеде қарапайым қоңыр тірлік кешу­де. Электр маманы. Елді жұ­мыс­сыздық жай­лаған кезеңде ол да отбасын асыраудың қамымен қолынан келетін кәсі­біне арқа сүйеді. Электр жабдықтарын жөндейді. Оған тұрғындар тұрмыстық бұйымдарын әкеледі. Ол әсіресе су сорғыларын жөндеудің хас шебері. Жерасты суы жақын Ұзынағашта халықтың көпшілігі әлі де ауласындағы құдықтың суын пайдаланатындықтан, кішігірім сорғыны жөндетуге жиі жүгінеді. Одан бөлек темір, тас, ағаш кесетін, бұрғылайтын электр құралдардың да ақауын анықтайды.
    Мен де істен шыққан су сорғысын көрсетпекке барып, соны желеу етіп, суыртпақтап сөзге тарттым. Сөзі аз, ісі көп адам екені бірден байқалады. Газетке өзі туралы мақала жазуыма әрең келісті. Мақтағанды ұнатпайды. Өзі жарытып ештеңе айтпаған соң көршісі Бақытжан Мұсабаевтан сұ­радық. «Тарил ағамыз өте жақсы адам. Адамгершілігі зор. Онымен 35 жыл көрші тұрамыз. Қолынан келмейтіні жоқ. Электр құралдарын жөндейді. Қашанда адамға көмектесуге дайын. Біздерге ақыл-кеңесін айтып отырады», – деді.
    Тарил Теймуров 1990 жылдары Таулы Қарабақтан көшіп келіпті. Ұлты – әзербайжан. «Қазақ пен әзербайжан түркі тілдес, туысқан халық қой. Тілімізде ұқсас, ортақ сөз көп. Қасиетті қазақ топырағына аяқ басқанымда өзімді туыстарыма келгендей сезіндім. Осыннан өзіме көптеген дос таптым. Көршілермен жақын араласып кеттім», – дейді ол. Кейіпкеріміз үш баласын өсіріп, жеткізіпті. Аудан орталығындағы қазақ мектебінде оқыған балалары да қазақшаға жетік. Бүгінде олар да өз алдына отбасылы. Марина, Темур, Жәмилә есімді ұл-қыздарынан үш немере сүйіп отыр.

    Серік САТЫБАЛДИЕВ

    Жамбыл ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Тарихи құнды еңбек таныстырылды
    30.04.2026
    Тәртіп пен тазалық – жарқын болашақтың кепілі
    30.04.2026
    Үздік түлектерге – мемлекеттік қызметке жаңа мүмкіндік
    30.04.2026
    QOSTANAI TECH Қостанай облысының цифрлық трансформация көшбасшыларының бірі ретіндегі мәртебесін растады
    30.04.2026
    Қазақша әріп таныған
    30.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>