Перейти к содержимому

ТАҒАЙЫНДАУ

Ерлан Сыдықұлы Жұрынбаев ақпараттық саясат, коммуникация және мемлекеттік басқару салаларында мол тәжірибесі бар білікті маман ретінде Алматы облыстық «Алатау арайы» және «Огни Алатау» газеттерін, «Alataunews.kz» ақпараттық порталын, сондай-ақ өңірлік коммуникациялар қызметін біріктірген «Өлке тынысы» ЖШС-ның басшысы қызметіне тағайындалды.
Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде, медиахолдингте, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда жауапты лауазымдарды атқарып, кәсіби біліктілігін шыңдаған.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. Сонымен қатар АҚШ-тағы Dartmouth College университетінде докторантура бағдарламасы бойынша білімін жетілдірген.