☀️
22°C
Қонаев
Бейсенбі, Мамыр 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Кеген ауданында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті

    14.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Кеген ауданында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Кеген ауданы әкімшілігінің ұйымдастыруымен «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы елді мекендерде жалғасын тапты. Іс-шараның мақсаты – тұрғындарды қоршаған ортаны қорғауға шақыру, экологиялық мәдениетті арттыру және туған өлкеге қамқорлық жасауды дәстүрге айналдыру.

    Кеген ауданының орталығы Кеген ауылында өткен «Таза бейсенбі» акциясы аясында ауыл тұрғындары мен еріктілер Қ.Сәтбаев, Б.Атыханұлы, Райымбек батыр көшелерінің бойындағы ағаштарды әктеп, тазалық жұмыстарын жүргізді. Орталық мешіт, орталық алаң, саябақ аумағымен басты жолдарға арнайы техникамен су себіліп, қоқыстан тазартылды.

    Жалағаш ауылдық округіне қарасты елді мекендерде кең көлемді санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Жалағаш ауылындағы футбол алаңы, балалар ойын алаңдары, стрит-воркаут алаңдары және ауылдың кіреберіс бөлігіне отырғызылған тал-теректер орналасқан аумақтар толықтай тазартылып, ретке келтірілді. Сонымен қатар Жалағаш, Тоғызбұлақ және Жайдақбұлақ ауылдарының кіреберіс аркалары маңындағы аумақтар қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары атқарылды. Сенбілік барысында арнайы күл-қоқыс төгетін орындардан тыс жерлерге бейберекет тасталған тұрмыстық қалдықтар шығарылып, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында жұмыстар жүргізілді. Сондай-ақ Қ.Байғабылов, А.Жүнісов, М.Мақатаев және С.Әлімғазыұлы көшелерінде санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылып, көшелер бойы тазаланып, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар сыпырылды. Бүгінгі сенбілікте округ бойынша жалпы 8 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық шығарылды.

    «Таза бейсенбі» акциясы Ұзынбұлақ ауылында ұйымшылдықпен өтті. Ыдырыс Көшкінов атындағы орта мектебінің ауласын көгалдандыру және абаттандыру мақсатында жеміс ағаштары мен түрлі гүлдер отырғызылып, ауыл азаматы Самат Ұзақов демеушілік жасады. Акцияға мектеп ұжымы мен 11-сынып түлектері белсенді қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Мектеп аумағындағы 0,08 сотық жерге 10 түп қайың, 80 түп алма, шие, 10 түп терек, 12 түп гүлдер (қызғалдақ, лилия) отырғызылды. Іс-шара да мектеп директоры Ж.Байымбетов және мұғалімдер сөз сөйлеп, табиғатқа қамқорлық жасаудың маңыздылығын айтып өтті.

    Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ 

    Кеген ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    КЕЗЕКТІ СЕНБІЛІК ӨТТІ
    14.05.2026
    Кеген ауданында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
    14.05.2026
    Еңбекшіқазақ ауданында жаппай сенбілік өтті
    14.05.2026
    Кетпендіктер тазалықты таңнан бастады
    14.05.2026
    Алатау қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті
    14.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>