⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Мамыр 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жасанды интеллектіні енгізу білім сапасын жаңа деңгейге көтереді

    14.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Жасанды интеллектіні енгізу білім сапасын жаңа деңгейге көтереді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 12 мамырда «Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу шаралары туралы» Жарлыққа қол қойды. Осы сәттен бастап жасанды интеллект іс жүзінде оқу процесінің бір бөлігіне айналмақ. Бірақ мұғалімнің орнын баса алмайтыны анық. Ол сабақтың маңызын арттырып, қызықты етіп, мұғалімге ақылды көмекші болады. Осы орайда Үкімет 2026 жылғы 1 шілдеге дейін 2026-2029 жылдарға арналған Кешенді жоспарды бекітуі тиіс, онда дербестендірілген оқыту, цифрлық инфрақұрылым, педагогтарды даярлау және оқушылардың дербес деректерін қорғау жайы қамтылады. 2026 жылдың 1 тамызына дейін пилоттық енгізуге қатысатын мектептер тұрақты жоғары жылдамдықты интернетпен, техникалық жабдықтармен қамтылуы керек. Ал облыс әкімдіктері өздерінің өңірлік жоспарларын бекітуі қажет. Қарқынды дамып жатқан Алматы облысы, жаңадан көркейіп келе жатқан Қонаев қаласы үшін де жасанды интеллектіні білім беру саласына енгізу – аса маңызды іс. Алматының маңындағы облысқа қарасты аудандар да қарқынды даму үстінде. Ал Алатау қаласы шын мәніндегі цифрлық қалаға айналмақ. Жасанды интеллектінің ауыл мектептеріне енгізілуі ауыл мен қала арасындағы алшақтықты жойып, білім беру мазмұны мен сапасын арттыруға мүмкіндік беретіні анық. Бұл ретте ҚР Оқу-ағарту министрлігі бірінші кезеңде пилоттық жобамен еліміздегі 2600-ден астам білім ошағы мен 500 шағын жинақталған мектепті қамтуды жоспарлап отыр. Бұған дейін Алматы облысындағы «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты білім беруде жасанды интеллект пен нейрожелілерді пайдалану бойынша бірнеше рет семинарлар мен вебинарлар өткізді. Осы бағытта «Алатау хабы» белсенді жұмыс істеуде. Бізде жаңа құралдарды қолданып жүрген көптеген ұстаздар бар. Сандық платформаларды мектеп процестерін ретке келтіру тәсілі ретінде қарастыратын менеджерлердің де қатары көбеюде. Бұл әсіресе жас мұғалімдер үшін өте маңызды. Тәжірибелі мұғалім көбінесе сабақты қалай бастау керек, балаларды қалай қызықтыру керек, қандай сұрақ қою керек, қашан кідірту керек деген сауалдар мен амалдарды тиімді қолданса, жас маманға бұл қиын. Осы тұста AI оған әдістемелік көмекші бола алады. Демек, сабақ құрылымын, түсіндіру нұсқаларын, бекіту жаттығуларын, рефлексияға арналған сұрақтарды ұсынады.
    Жасанды интеллектіні, сапалы цифрлық платформаларды және бірыңғай әдістемелік базаларды енгізу білім мекемелерінің заманауи материалдарға қол жеткізуіне мүмкіндік береді. Басты мақсат – оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын арттыру, сапалы білім беру. Егер жасанды интеллект химиялық реакцияны көрсетуге, тарихи жағдайды модельдеуге, виртуалды тәжірибе жүргізуге, тапсырманы кезең-кезеңімен талдауға көмектессе, онда ол білім беру үшін жұмыс істейді.
    Мектеп балаларға жасанды интеллектті қалай қолдануды ғана емес, оны қалай қадағалауды да үйретуі керек. Бұл одан да маңызды. Бала жасанды интеллектінің қателесуі, фактілерді ойлап табуы, күндерді шатастыруы, дұрыс емес жауап беруі мүмкін екенін түсінуі керек. Демек, болашақтың шәкірті – жасанды интелктіні қолдануды ғана емес, оны қадағалап, басқаруды да білуі тиіс.
    Бір сөзбен айтсақ, ел Президентінің Жарлығы болашаққа үлкен мүмкіндіктер ашады. Ол арқылы білім берудің жаңа кезеңіне қадам жасалмақ.
    Алма ЕСЕНБАЙ

    Соңғы жаңалықтар

    Тазалық пен тағылым тоғысты
    14.05.2026
    «Таза Қазақстан»: ұзынағаштықтар үлес қосты
    14.05.2026
    БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
    14.05.2026
    Жасанды интеллектіні енгізу білім сапасын жаңа деңгейге көтереді
    14.05.2026
    Аймақ жұртын біріктірген ауқымды бастама
    14.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>