☀️
18°C
Қонаев
Сенбі, Мамыр 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Бейбіт күннің батырына арналды

    16.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Бейбіт күннің батырына арналды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Балқаш ауданындағы Аралтөбе орта мектебінде ересектер арасында волейболдан бейбіт күннің батыры Бейсетай Дәуренбековті еске алуға арналған турнир өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын спорттық сайысқа аудандық «Бірлік» кәсіподақ ұйымы, Бейсетай Дәуренбековтің ұрпақтары және Аралтөбе ауылының азаматтары демеушілік жасады.

    Спорттық шараның ашылу салтанатында сөз кезегін алған құрметті қонақтар марқұмның тіршілікте ел-жұртқа сіңірген еселі еңбегін айтып, республикалық телеарналарда «Айтуға оңай», «Шын жүректен», «Жаныңда жүр жақсы адам» бағдарламаларына қатысқанын және Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет» орденімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» медалімен марапат­талғанын әңгіме өзегіне айнал­дырып, ол кісінің бойындағы адамгершілік қасиеттеріне баса тоқталды.
    Ақжар ауылдық округінің әкімі Айдын Үркінбаев, аудандық балалар мен жасөспірім­дер спорт мектебінің бас маманы Еркебұлан Исатаев және Балқаш аудандық білім бөлімінің әдіскері Шыңғыс Баубеков Бейсетай Дәуренбековтің зайыбы Жолдыбала Оқасова мен ұл-қыздарына құрмет көрсетті.
    Тартысты өткен сайыс барысында қатысу­­шылар бар ынта-жігерін салып, жеңіс тұғырынан көрінуге ұмтылды. Аудандық турнирді қорытындылай келгенде, Ақкөл командасы бірінші орынды жеңіп алса, Бура ауылының спортшылары екінші орынды еншіледі. Ал жүлделі үшінші орынға Аралтөбе ауылының спортшылары табан тіреді. Жеңімпаз командаларға демеушілер тарапынан дайындаған арнайы кубок, грамота, медаль және ақшалай сый-сияпат табысталды.
    Марапаттау барысында Аралтөбе коман­дасының намысын қорғаған Абылайхан Рақыш «Үздік ойыншы», Бура ауылының спортшысы Серік Құдабек «Үздік шабуылшы», Балатопар ауылының мақтанышы Ерсұлтан Жомарт «Үздік қорғаушы» және Ақкөл командасының ойын­шысы Дінмұхамед Жұмагелді «Үздік байланыстырушы» номина­циясымен марапат­талды.
    Батырлық деген жауға шауып, отқа оранып, кезенген қаруға қарсы тұрып, атылған оққа кеуде тосу ғана емес. Бейбіт күнде де басын тәуекелге тігіп, түрлі қауіп-қатерге қасқайып қарсы тұрған қаһармандарды да осылай айтуға болады. Сондай жүректі азаматтың бірі Бейсетай Дәуренбеков еді. Бейбіт күннің батыры 1972 жылы 18 желтоқсан күні сең жүріп жатқан Іле өзенінен Үшжарма мектебінде оқитын Ақжар ауылының балалары мінген қайық аударылып, суға кетіп бара жатқан 12 баланы ажал аузынан құтқарып қалған. Ол кезде Бейсетай Дәуренбеков небәрі 34 жаста еді. Арада қаншама жыл өтсе де, оның ерлігі ел аузында әлі күнге дейін айтылып келеді.

    Бақтығали ДӘУІТБАЙ
    Балқаш ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Ел құрметтеген ел ағасы
    16.05.2026
    Тұлғаларға тағзым
    16.05.2026
    ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ
    16.05.2026
    Өркениет бастауы
    16.05.2026
    Ән қанатында
    16.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>